Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Қала әкімі Айнабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов халықпен кездесуін Айнабұлақ ауылынан бастады. Ауыл мектебінің ғимаратында тұрғындарды жеке қабылдап, ауыл әкіміне тиісті тапсырмаларды берді.

Биыл қалалық бюджеттен Айнабұлақ ауылына 66 млн 669 мың теңге бөлінді.

- Ағымдағы жылы бұқаралық спортты дамыту мақсатында Айнабұлақ ауылында жалпы сомасы 17 545 000 теңге футбол алаңын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

- Сондай-ақ, Самай ауылында балалар ойын алаңын салуға қалалық бюджеттен 4 900 000 теңге бөлінді. Шарт «Еңбек Өскемен» мердігерлік ұйымымен жасалып, құрылыс жұмыстары аяқталды.

- Округтегі өзекті мәселелердің бірі - сапалы интернет жылдамдығының болмауында. Осы мақсатта қалалық бюджеттен 4 млн. 200 мың теңге бөлініп, наурыз айында Айнабұлақ әкімдік нысанында спутниктік интернет қосылды.

- Сондай-ақ, Айнабұлақ пен Самай ауылдарына көше жарықтандыруларын орнату мақсатында жер учаскесін дайындауға жобалау (ПИР) жұмыстарына 1 млн. 200 мың теңге қарастырылып, арнайы құжаттама әзірленуде.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города встретился с жителями села Айнабулак

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов в селе Айнабулак начал встречу с населением. В здании сельской школы глава города встретился с сельчанами и дал акиму округа соответствующие поручения.

В этом году из городского бюджета в Айнабулакский сельский округ выделено 66 669 000 тенге.

- В целях развития массового спорта в текущем году проведены работы по установке футбольного поля в селе Айнабулак на общую сумму 17 545 000 тенге.

- Также на строительство детской игровой площадки в селе Самай из городского бюджета выделено 4 900 000 тенге. Договор заключен с подрядной организацией "Енбек Усть-Каменогорск", строительные работы завершены.

- Одна из актуальных проблем в округе - отсутствие качественной скорости интернета. На эти цели из городского бюджета выделено 4 млн. 200 тыс. тенге, в марте подключен спутниковый интернет на базе здания акимата Айнабулак.

- Также в целях установки уличного освещения в селах Айнабулак и Самай на подготовку земельного участка (ПИР) было предусмотрено 1 млн. 200 тыс. тенге, разрабатывается специальная документация.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Жаңа бағдаршамдарды орнату жұмыстары жалғасуда

"Абай облысы Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ қазіргі уақытта жаңа бағдаршам нысандарын орнату жұмыстары келесі көшелерде жалғасып жатқанын хабарлайды:

🚦Қаржаубайұлы-Дулатов
🚦Бозтаев-Өзбек
🚦Әуезов-Ертіс
🚦Селевин-Саябақ

Жаңа бағдаршамдар пайдалануға берілмес бұрын қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

•••

Продолжаются работы по установке новых светофоров

ГУ «Отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей области Абай» сообщает, что в настоящее время продолжаются работы по установке новых светофорных объектов по адресам:

🚦Каржаубайулы-Дулатова
🚦Бозтаева-Узбекская
🚦Ауэзова-Иртышская
🚦Селевина-Парковая

Прежде чем новые светофоры будут введены в эксплуатацию, будут проведены необходимые разъяснительные работы.
Қала әкімінің Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесуі туралы

Айнабұлақ пен Ақбұлақ ауылдық округтерінен кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді. Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің кездесуіне қатысты.

"Ақпан айында өткен кездесуімізде округ тұрғындары Жедел жәрдем көлігінің болмауына шағымданды. Абай облысының денсаулық басқармасынан сұрау салу арқылы Қайнар ауылындағы медициналық пунктінен жедел жәрдем көлігі берілді",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.


Биыл ауылдық округте атқарылып жатқан жұмыстар аз емес, көктем маусымында көше жарықтандыруына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмысқа қалалық бюджет есебініен 1,5 млн. теңге қаржы бөлінді.

Сондай-ақ, наурыз айында 11 млн. теңге сомасына «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымы әкімдік ғимаратының шатыры мен тірек бағаналары ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Кездесуден кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылындағы ағымдағы жылы жасалған Воркаут (Workout) алаңының сапасын тексерді.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
❗️Встреча акима Семея с жителями села Абралы

После Айнабулакского и Акбулакского сельских округрв, Нурбол Нурсагатов провёл отчетную встречу с жителями села Абралы.

В селе Абралы проживают 430 человек, на встрече с акимом приняли участие более 30 сельчан.

«Во время нашей встречи в феврале этого года жители сельского округа пожаловались на отсутствие машины скорой помощи. Мы сделали запрос в управление здравоохранения области Абай и, в результате, для обслуживания поселка был выделен транспорт медицинского пункта Кайнара», - отчитался перед сельчанами Нурбол Нурсагатов.

В этом году в сельском округе ведется большая работа, весной частично отремонтировано уличное освещение.
На эти цели из городского бюджета выделено 1,5 миллиона тенге.

Также в марте на сумму 11 млн тенге подрядная организация «Енбек- Ускемен» заменила кровлю и столбы административного здания и провела капитальный ремонт.

После встречи Нурбол Нурсагатов проверил качество сделанного в этом году пространства Workout в селе Абралы.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Жылу желілерінде апаттық жағдайлар орын алған жағдайда төмендегі Call center хабарласыңыздар: 109 немесе "Теплокоммунэнерго" МКК авариялық-диспетчерлік қызметі: 33-98-49

•••••••••••••••••••

Телефоны по которым нужно обращаться в случае аварийных ситуаций на тепловых сетях - телефон городского Call center : 109 или Аварийно-диспетчерская служба ГКП "Теплокоммунэнерго" : 33-98-49

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

***

⚡️Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов проводит встречи с жителями отдаленных сельских округов Караолен и Алгабас.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Қараөлең ауылдық округінің нысандарын аралады

2023 жылдың мамыр айында Қайнар мәдениет үйінің  жылу жүйесін  жөндеуге 28 млн соммасында қаражат бөлініп, «Магнитом» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылу қазандығын күрделі жөндеуден өткізген болатын. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ең алдымен мәдениет үйінің жылу қазандығының жұмысымен танысты.

Артынша Қайнар ауылының мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу өткізді. 2023 жылы Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекетін ағымдағы жөндеуге 7 млн 901 мың теңге бөлінді, өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары аяқталды.  Сонымен қатар, округ әкімдігі ғимаратының сол қанатының ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 7 млн 285 мың теңге бөлініп, жергілікті мердігеплер жұмыстар жүргізді.

Мәдениет үйі алдындағы аллеяны 18 млн 458 мыңға жаңартылып, орындықтар, жарықтандырулар заман талабына сай қойылды. Сонымен қатар жоғарыда айтылған ағымдағы жұмыстардан қалған қаражатқа әкімшілік алдына пандус пен воркаут алаңдарының асты тегістеліп, жасанды көгалды жайластыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  

Ауыл ішіндегі көшелерді жарықтандыру бойынша жобалау сметалық құжаттар әзірлену сатысында. Тиісті құжаттамалар әзірленгеннен кейін, келер жылы бірнеше көшеге жарықтандырулар жүргізіледі.

Сонымен қатар, Абралы ауруханасының қазандығы мен шатыры Абай облысы денсаулық басқармасының есебінен  күрделі жөндеуден өткізу жоспар бойынша жүргізіліп жатыр.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города посетил объекты Караоленского сельского округа

В мае 2023 года на ремонт системы отопления ДК в Кайнаре были выделены средства в размере 28 миллионов, а ТОО "Магнитом" провело капитальный ремонт отопительного котла. Аким города Нурбол Нурсагатов впервые ознакомился с работой отопительного котла Дома культуры.

После этого он провел встречу с местными жителями села Кайнар.

В 2023 году на содержание пожарной части села Кайнар выделено 7 миллионов 901 тысяч тенге, строительство пожарной части завершено.

Кроме того, на содержание левого крыла районного акимата выделено 7 миллионов 285 тысяч тенге, работы провели местные подрядные организации.

Аллею перед Домом культуры отремонтировали за 18 миллионов 458 тысяч тенге, установили скамейки и освещение в соответствии с современными требованиями. Кроме того был подправлен пандус и спортивная площадка перед администрацией, а также уложен искусственный газон.

Проектно-сметная документация на уличное освещение в поселке находится на стадии разработки. После разработки соответствующих документов в следующем году несколько улиц будут освещены.

Кроме того, за счет средств управления здравоохранения области Абай по плану проводится капитальный ремонт котельной и крыши Абралинской больницы.

#Семейқаласыныңәкімдігі