Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.76K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Уборка городской территории проводится ежедневно и включает в себя: сбор случайного мусора, подметание дорог и тротуаров, очистку при бордюрной части дороги от грязи, уборку остановочных павильонов и площадок на городских территориях, очистка газонов от опавшей листвы, вывоз мусора, планировка грунта.

По городу масштабно проходит покос травы. Рабочие задействованы по всем улицам в соответствии с утвержденными графиками производства работ.
Қала әкімі Қазақстан Республикасының Ұлттық пауэрлифтинг федерациясының өкілін қабылдады

Нұрбол Нұрсағатов бүгін қалалық әкімдік ғимаратында пауэрлифтинг федерациясының өкілдерін қабылдады.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 3-11 қазаны аралығында Семей қаласында пауэрлифтинг және стендтік зіл темірді көтеруден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде. Пауэрлифтинг қазіргі таңда белсенді дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі (күштік сайыс).
ҚР Ұлттық пауэрлифтинг федерациясының өкілі Семей қаласында өткізілетін пауэрлифтинг бойынша жарыстарды қолдағаны үшін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовқа кездесу барысында "Алғыс хат" табыс етті.

"Қазіргі таңда қаламызда 500-ден астам спортшы пауэрлифтингпен айналысады. Қала күнін мерекелеу аясында түрлі байқаулар өткізілді. Мен өз басым семейліктердің осындай маңызды әрі қызықты спорт түрімен белсенді шұғылданатынына қуаныштымын. Және аталмыш спорт түрін әрқашан қолдауға дайынмын", - деді Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, пауэрлифтингті дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламызда дене шынықтыру және спорт бөлімі бірлесіп қалалық спорттық-бұқаралық іс-шараларды белсенді түрде өткізіледі.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Аким города принял представителя Национальной федерации пауэрлифтинга РК

Нурбол Нурсагатов сегодня принял в здании городского акимата представителей федерации пауэрлифтинга.

Отметим, с 3 по 11 октября 2023 года в г. Семей проходит чемпионат Республики Казахстан по пауэрлифтингу и жиму штанги лежа. Одним из активно развивающихся видов спорта можно назвать пауэрлифтинг (силовое троеборье).
На встрече представитель Национальной федерации пауэрлифтинга РК вручил "Благодарственное письмо" акиму города Нурболу Нурсагатову за поддержку соревнований по пауэрлифтингу, проводимых в Семее.

«В настоящее время в нашем городе пауэрлифтингом занимаются более 500 спортсменов. В рамках празднования Дня города были проведены различные конкурсы. Я рад, что семейчане активно занялись таким серьезным видом спорта. Я всегда готов поддержать», — сказал Нурбол Нурсагатов.

Отметим, в целях развития пауэрлифтинга и пропаганды здорового образа жизни в городе совместно с отделом физической культуры и спорта проводятся городские спортивно-массовые мероприятия.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#СемейдеАлтынКүз

Сап-сары жапырақтар…
Сап-сары жапырақтар…

Саудырап құлап жатыр атырапқа.
Біреудің жанарында,
Біреудің табанында.

(с) М. Мақатаев
#Ауыл_ел_бесігі
#Дейін_кейін

Көкентау ауылының жолы жөнделді

Ағымдағы жылы Семей қаласына қарасты Көкентау ауылындағы Майтқанов көшесін орташа жөндеуге "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы аясында ақшалай қаражат бөлініп, ұзындығы – 2,2 шақырым жол жөнделді.

•••••••

Отремонтирована дорога села Кокентау

В текущем году в рамках программы "Ауыл - ел бесігі" на средний ремонт дорог в селе Кокентау были выделены денежные средства. В данный момент отремонтирована ул. Майтканова протяженностью 2,2 км.

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Ақбұлақ, Абыралы, Айнабұлақ ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесулер өткізеді.

***

⚡️Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов проводит встречи с жителями отдаленных сельских округов Акбулак, Абыралы и Айнабулак.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Ақбұлақ ауылында ангар типті спорт кешені ашылды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Айнабұлақ ауылынан кейін Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс шағымын тыңдап, барлығы кезең кезеңімен жүзеге асатынын мәлімдеді.

"Ақбұлақ ауылында ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Жыл сайын кезең-кезеңімен қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылатын болады. Биыл көше жарықтандыру желісін орнату үшін жер учаскесін ресімдеу жөніндегі құжаттар дайындалу үстінде. Мемлекеттік актіні тіркеу жұмыстары аяқталуға жақын, тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 2024 жылы ауыл ішіне жарықтандыру желілері жүргізіледі",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ағымдағы жылы  Ақбұлақ ауылында "Еңбек-Семей" мердігер ұйымы 65 млн. 480  мың теңгеге ангарлық спорт залдың құрылыс жұмыстарын жүргізді. Қала әкімі спорт кешенінің ашылу салтанатына да қатысты.

Нұрбол Нұрсағатов өз сөзінде, шағын ауылдарды дамыту Семей қаласы әкімдігінің басты назарында екенін атап өтті.

Айта кетейік, Ақбұлақ ауылында көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ең өзекті мәселе -  таза ауыз су. Қазіргі таңда су құбырларын жүргізу жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен 482 млн 783 мың теңге қаражат бөлініп, «СпецСтрой груп ЛТД» мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 10 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын жүзеге асырды. Аталмыш жұмыстар аяқталу сатысында.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Ақбұлақ ауылында ангар типті спорт кешені ашылды Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Айнабұлақ ауылынан кейін Ақбұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Қала әкімі тұрғындардың ұсыныс шағымын тыңдап, барлығы кезең кезеңімен жүзеге асатынын мәлімдеді. "Ақбұлақ…
В селе Акбулак состоялось торжественное открытие спортивного Ангара

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов после села Айнабулак, встретился с жителями села Акбулак. Аким города заслушал жалобы жителей и сообщил, что все будет осуществляться поэтапно.

"В селе Акбулак в текущем году проводится немало работ. Ежегодно будут поэтапно выделяться средства и проводиться соответствующая работа. В этом году готовятся документы по оформлению земельного участка для установки сети уличного освещения. Работа по регистрации государственного акта близится к завершению, после завершения регистрационных работ в 2024 году будут проведены внутрипоселковые осветительные сети", - сказал аким города Нурбол Нурсагатов.

В текущем году в селе Акбулак подрядной организацией "Еңбек-Семей" провели строительные работы Ангарского спортивного зала на сумму 65 млн. 480 тыс. тенге. Аким города также принял участие в церемонии открытия спортивного комплекса.

В своем выступлении Нурбол Нурсагатов отметил, что развитие малых сел находится в центре внимания акимата города Семей.

Отметим, что в селе Акбулак самый актуальный вопрос, который не решается уже много лет - чистая питьевая вода. В настоящее время на работы по прокладке водопровода за счет средств республиканского бюджета выделено 482 млн 783 тыс. тенге, подрядной организацией «СпецСтрой груп ЛТД» осуществлены работы по прокладке водопровода общей протяженностью 10 км. Данные работы находятся на завершающей стадии.

#Семейқаласыныңәкімдігі