Семей қаласының әкімдігі
3.08K subscribers
9.9K photos
2.7K videos
9 files
690 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
❗️ТАҒАЙЫНДАУ

Семей қаласы әкімінің орынбасары болып Салимбаев Азамат Серікболұлы тағайындалды.

Азамат Серікболұлы 1985 жылы қазіргі Абай облысы Бесқарағай ауданында дүниеге келген. 2007 жылы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетін «Экономика», 2024 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы «Экономика» магистрі ретінде тәмамдады.

Еңбек жолын 2007 жылы Атырау облысы Энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінде қаржы бөлімінің бас маманы ретінде бастады.

2008–2014 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде көлік, өнеркәсіп және отын-энергетика саласындағы бюджеттік жоспарлау бағытында сарапшы, бас сарапшы және басқарма басшысы қызметтерін атқарды.

2014–2020 жылдары Қаржы министрлігінің құрылымдарында отын-энергетикалық кешеннің бюджетін жоспарлау саласында басқарушылық қызметте болды.

2020 жылдан бастап тағайындалғанған дейін Атырау облысы әкімдігінде бірқатар жауапты лауазымдарды атқарды. Атап айтқанда, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын, Қаржы басқармасын және Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасын басқарды.

2025 жылдың сәуір айынан бастап Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

25 сәуір күні сағат 15:00-де, «Абай облысы Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі қала құрылысын жоспарлау секторының бас маманы Мағжан Елубекұлы Серікбосынов «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде материалдарды ұсыну» тақырыбында Семей қаласы әкімдігінің Instagram парақшасында тікелей эфирде сұрақтарға жауап беретін болады.
———
❗️Уважаемые жители города Семей!

25 апреля в 15:00 главный специалист сектора градостроительного планирования ГУ «Отдела архитектуры и градостроительства города Семей области Абай» Серікбосынов Мағжан Елубекұлы ответит на вопросы в прямом эфире, на странице акимата города Семей в Instagram на тему: «Предоставление исходных материалов при разработке проектов строительства и реконструкции (перепланировки и переоборудования)».

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔸«Халық қатысатын бюджет»: қала аулалары абаттандырылады

Семейде «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының жобалары талқыланды. Ерекшелігі – қандай жұмыс атқарылатынын тұрғындар өздері ұсына алады.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев бастаған көшпелі кеңесте биыл жоба аясында абаттандырылатын аулаларды аралады. Нәтижесінде 9 аулада заманауи ойын және спорт алаңдары, ал тағы 4 аулаға тұрғындардың өтініші бойынша жарық шамдары орнатылмақ.

«Халық қатысатын бюджет» – тұрғындардың талабын ескеретін жоба. Аула – ең алдымен балалардың күліп ойнайтын, көршінің бас қосатын орны. Сондықтан әр бастама сапамен жасалуы қажет. Жұмысты бірге жоспарлап, бірге қадағалаймыз», - деді Бекжан Бапышев.

«Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылатын аулалар тізімі:

1) Сеченов к-сі, 7, 7А
2) Достоевский к-сі, 186
3) Дулат Бабатайұлы к-сі, 32А
4) Қабанбай батыр к-сі, 42
5) Ертіс к-сі, 11 және 27
6) Мичурин к-сі, 79А
7) Галетто к-сі, 22 және Глинка к-сі, 27
8) М. Бейсембаев к-сі, 1А
9) Титов к-сі, 137 және 139
10) Щорс к-сі, 132
11) Затон, Амбулатория к-сі, 2
12) Овражная к-сі, 1
13) Ш. Уәлиханов к-сі, 150

Сапар нәтижесінде Бекжан Бапышев мердігерге жұмыстарды сапалы жүргізуді тапсырды.

Еске сала кетейік, «Халық қатысатын бюджет» жобасына кез келген қала тұрғыны өтініш бере алады. Қаламызды бірге көркейтейік!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Кәсіпкерлер аумақ тазалығына жауапты»

🎥: Semei TV

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌳Семей қаласында ағаш әктеу жұмыстары жүргізілді

Таза табиғат — таза болашақтың кепілі. Бүгін «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Семей қаласында ағаш әктеу жұмыстары ұйымдастырылды.

Игілікті іске қаланың әкімшілік және мемлекеттік мекемелері, жастар, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты. Жалпы 300-ден астам адам жұмылып, нәтижесінде 1000-ға жуық ағаштың діңі әктелді. Жұмыстарға 1 тоннадан астам әк жұмсалды.

Ағаштарды әктеу – тек көріктендіру ғана емес, өсімдіктерді зиянкестерден қорғау, олардың өміршеңдігін арттыру мақсатында атқарылатын маңызды іс-шара.

Сонымен қатар, акция барысында 500-ден астам арнайы дайындалған, қаламыздың атауы жазылған жейделер таратылды. Бұл бастама қала тұрғындарына туған жеріне деген сүйіспеншілікті арттырып, бірлік пен ұйымшылдықты нығайтты.

«Таза Қазақстан» акциясы аясындағы игі шаралар бұдан әрі де жалғасын таппақ. Таза қала — әрбір тұрғынның қамқорлығы мен белсенді қатысуынан басталады!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

«Водный» кенті тұрғындарының көтерген тағы бір мәселесі өз шешімін тапты. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, нақты шаралар қабылданды.

Кент тұрғындары жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға шығару туралы өтініш білдірген болатын. Аталған мәселе бойынша жедел әрекет етіліп, бүгінгі күні қоқыс толығымен арнайы техникамен шығарылып, тиісті орынға жеткізілді.

Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

«Водный» кентінің тұрғындары көтерген мәселе шешімін таба бастады. Күні кеше ғана Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аталған елді мекенге арнайы барып, жергілікті халықтың көкейіндегі мәселелермен танысқан болатын.

Кездесу барысында тұрғындар өздері тұратын көшелердің жағдайын айтып, тегістеу және қиыршық тас төгуін сұрады. Аталған өтінішке орай жедел шаралар қабылданып, бүгіннен бастап көшені тегістеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас төселіп, инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.

Қала әкімдігі тарапынан тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏃🏻‍♀️Семейде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бірлік жүгірісі» өтті

Семей қаласында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аясында кең көлемдегі «Бірлік жүгірісі» марафоны ұйымдастырылды. Жарысқа кәсіби спортшылармен қатар әуесқой жүгірушілер де қатысты. Қатысушылар 5 және 10 шақырым қашықтықтардың бірін таңдай алды. Жүгіру Қалалық офицерлер үйінің алдындағы алаңнан басталып, Әуезов даңғылы бойымен өтті.

Жарысқа жастар, спорт ардагерлері, мекеме қызметкерлері, оқушылар мен студенттер қатысты.

Жеңіл атлетикадан ұлттық санаттағы төреші Иван Хижняков жарыс ережелері мен жүгіру бағытын түсіндірді. Қатысушыларға жол сілтеп, дұрыс бағытты көрсетіп тұратын бақылаушылар да қашықтық бойында орналастырылды.

Мәреде қатысушыларды еріктілер мен жанкүйерлер қарсы алды. Барлық келушілер үшін музыкалық қойылымдар мен фотозоналар ұйымдастырылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге мақтау қағаздары мен естелік сыйлықтар табысталды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

«Jolaman» СЛО (Семей-Алматы тас жолы) аумағында 3 мамыр күні Бесқарағай ауданы және Семей қаласы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Уақыты: 09:00-13:00
——————
📢Уважаемые жители и гости города!

3 мая на территории ТЛЦ «Jolaman» (трасса Семей–Алматы) состоится сельскохозяйственная ярмарка с участием сельхозтоваропроизводителей Бескарагайского района и города Семей.

Время: 09:00-13:00

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды

Семей қаласында сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталып, қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев сәулеттік жарықтандырылған нысандарды аралады.

Алғашқы жарықтандыру Қабанбай батыр 20, Шмидт 9/1, 9/2, Ұранхаев 1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қосылды. Сонымен қатар жұмыстар Шәкәрім, Абай, Би Боранбай, Бозтаев, Әуезов көшелерінде жүргізілетін болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін мердігерлермен келіссөз жүргізіліп, жарықтандырылатын ғимараттардың тізімі бекітілген еді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM