Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды
«Водный» кенті тұрғындарының көтерген тағы бір мәселесі өз шешімін тапты. Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың тұрғындармен кездесу барысында айтылған ұсыныстар назарға алынып, нақты шаралар қабылданды.
Кент тұрғындары жиналып қалған тұрмыстық қалдықтарды арнайы орынға шығару туралы өтініш білдірген болатын. Аталған мәселе бойынша жедел әрекет етіліп, бүгінгі күні қоқыс толығымен арнайы техникамен шығарылып, тиісті орынға жеткізілді.
Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыра бермек.
📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz
#СемейҚаласыныңӘкімдігі

Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды
«Водный» кентінің тұрғындары көтерген мәселе шешімін таба бастады. Күні кеше ғана Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аталған елді мекенге арнайы барып, жергілікті халықтың көкейіндегі мәселелермен танысқан болатын.
Кездесу барысында тұрғындар өздері тұратын көшелердің жағдайын айтып, тегістеу және қиыршық тас төгуін сұрады. Аталған өтінішке орай жедел шаралар қабылданып, бүгіннен бастап көшені тегістеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта жолға қиыршық тас төселіп, инфрақұрылымдық жағдайды жақсарту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімдігі тарапынан тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Семей қаласында сәулеттік жарықтандыру жұмыстары басталып, қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев сәулеттік жарықтандырылған нысандарды аралады.
Алғашқы жарықтандыру Қабанбай батыр 20, Шмидт 9/1, 9/2, Ұранхаев 1 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйлерде қосылды. Сонымен қатар жұмыстар Шәкәрім, Абай, Би Боранбай, Бозтаев, Әуезов көшелерінде жүргізілетін болады.
Еске сала кетейік, осыған дейін мердігерлермен келіссөз жүргізіліп, жарықтандырылатын ғимараттардың тізімі бекітілген еді.

Семей қаласында тұрғындардың көтерген мәселелері біртіндеп шешімін табуда. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғын үй аулаларын аралау барысында Әуезов көшесі, 39 мекенжайына барған болатын.
Аталған көпқабатты тұрғын үй ауласындағы ойын алаңының қоршауы сынып, газоны ескірген. Сондай-ақ, тұрғындар қоқыс жәшіктерінің орналасқан орнын ауыстыруды сұраған еді.
Бүгінде бұл мәселе оң шешімін тапты: футбол алаңының қоршауы қалпына келтіріліп, жаңа газон төселді, ал қоқыс жәшіктері ыңғайлы әрі санитарлық талаптарға сай жерге көшірілді.
Алдағы уақытта да тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Семей қаласында тұрғындардың көтерген өзекті мәселелері кезекпен шешімін табуда. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге кенттің сол жақ №3, 4, 5, 6 саяжайлар мен оң жақ №4, 6 саяжайлардың тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар жол мәселесін көтерді. Саяжай аумақтарындағы жолдарды тегістеу – басты сұраныстардың бірі.
❗️ Бүгінде мәселе шешімін тауып, Шығыс кентінің сол жақ №1, 3, 4 саяжайларында жолдарды тегістеу жұмыстары басталды. Аталған жұмыстар жалғасатын болады.
📷 inst | 🗳 fb | 🌐 gov.kz
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласында тұрғындардың көтерген өзекті мәселелері кезекпен шешімін табуда. Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті. Кездесуге кенттің сол жақ №3, 4, 5, 6 саяжайлар мен оң жақ №4, 6 саяжайлардың тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындар жол мәселесін көтерді. Саяжай аумақтарындағы жолдарды тегістеу – басты сұраныстардың бірі.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#Айтылды_Орындалды
➡️ Нахаловка кентінде су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын
Семей қаласын инфрақұрылыммен қамту – маңызды бағыттардың бірі. Атап айтқанда, соңғы бір айдың ішінде Нахаловка кентін ауызсу жүйесіне қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
📍 Бүгінде 5-ші, 6-шы және 2-ші Щорс өткелдері, сондай-ақ Щорс, Широкая 1 және Широкая 2 көшелерінде су құбырын тарту жұмыстары толық аяқталды.
💬 Ал ұзындығы 750 метрді құрайтын Щорс көшесінің бір бөлігі мен Береговая көшесінің жартысында жұмыстар жалғасып жатыр.
Жұмыстар бекітілген жобалық-сметалық құжаттама мен кестеге сәйкес атқарылуда. Аталған жоба толық аяқталған соң, Нахаловка кентінің тұрғындары орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылып, таза әрі үздіксіз сумен қамтылатын болады.