Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
⚽️Нарисован новый мурал с эмблемой футбольного клуба «Елимай»

В Семее на стенах многоэтажных жилых домов наносятся муралы. В городе Семей, который издавна считается родиной футбола, на стене дома 15 на 408 квартале была нарисована эмблема футбольного клуба «Елимай».

Также муралы были нарисованы на фасадах жилых домов по адресам: ул.Чайжунусова 152, ул.Мәңгілік ел 10.


Эти здания украсят рисунки с видами города и портрет Абая. По словам руководителя отдела жилищной инспекции Дианы Шаяхметовой, в текущем году муралы будут нанесены еще на нескольких зданиях в разных частях города.

Отметим, что муралы – это вид искусства, предполагающий нанесение живописных рисунков или граффити на стенах архитектурных сооружений и жилых зданий.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласында жер асты өткелдерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Қала әкімі барлық жұмыстардың сапалы аяқталуы тиістігін атап өтіп, мердігер ұйымдардың басшыларына бірқатар ескертулер жасады.

Жалпы қалада 8 жер асты өткелі бар, биыл өткелдерге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «ARLAN TRANS-LOGISTICS» ЖШС мердігерлік ұйымының күшімен өткелдер қалыпқа келтірілуде.

«Қаланың барлық жерасты өткелдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңартылуда.
Қаладағы 8 жер асты өткеліне ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Аталған жер асты өткелдерінде ішкі және сыртқы әрлеу, сырлау, әктеу, жарықтандыруды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. Бейнебақылау камералары орнатылады.Сондай-ақ, жер асты өткелдерінің қабырғалары ұлттық нақыштағы муралдармен безендірілетін болады»
- деп атап өтті мердігер мекеменің өкілі Темірлан Жаманқұлов.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласында жер асты өткелдерін ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ағымдағы жылы атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Қала әкімі барлық жұмыстардың сапалы аяқталуы тиістігін атап өтіп, мердігер ұйымдардың…
В Семее продолжается текущий ремонт подземных переходов

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов проинспектировал ход работ, проводимых в текущем году. Аким города отметил, что все работы должны быть выполнены качественно, и сделал ряд замечаний руководителям подрядных организаций.

Всего в городе 8 подземных переходов. В текущем году силами подрядной организации ТОО "ARLAN TRANS-LOGISTICS" будет проведен текущий ремонт подземных переходов.

"Ведется текущий ремонт и модернизация всех подземных переходов города.
Запланирован текущий ремонт 8 подземных переходов города. На данных подземных переходах проводятся работы по внутренней и внешней отделке, покраске, побелке, восстановлению освещения. Будут установлены камеры видеонаблюдения.Также стены подземных переходов будут украшены муралами национального колорита",
- отметил представитель подрядного учреждения Темирлан Жаманкулов.
«В этом году особое внимание уделяется освещению дорог, которые ведут к школам и другим социально значимым объектам. Сейчас мы проводим освещения на центральных улицах и на окраинах города. По поручению акима города Нурбола Нурсагатова, ежедневно выезжаем и контролируем работу подрядных организаций», - отметил заместитель руководителя отдела ЖКХ А. Токпаков.

https://youtu.be/KJL6CG7yH6g
🖋ҚАЛА ӘКІМІ ЖУРНАЛИСТЕРДІ МАРАПАТТАДЫ

Жаңалықтың  жаршысы саналған  журналистер қауымын  кәсіби мерекесі  қарсаңында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов арнайы құттықтады.

Қала дамуының жарқын көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, шаһар имиджінің қалыптасуына үлес қосып жүрген жандар әкімдік ғимаратына жиналды.

Журналистика – қиыншылығы мен қызығы  мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала.  Қоғаммен етене  жақын мамандық  иелерінің негізі мақсаты  халықты  ақпаратпен  қамтамасыз ету. Оның ішінде Семейде тарихы терең, болашағы кемел қаланың бүгінгі көркін өзгелерге үлгі етіп жариялап жүрген тілшілер қауымының тілегі қаланың дамуына үлес қосу.

Әкімдік ғимаратында өткен салтанатты жиында қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаламгерлердің еңбектеріне табыс тіледі.
Өз шығармашылығы  арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ақпараттың айдынында журналистердің еңбегі елеулі. Қаланың дамуындағы үлес, қажыр-қайрат ескеріліп мерекелік  жиында қала әкімі бірнеше журналистерге  алғыс хаттар  мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Сондай-ақ, қаланың тыныс-тіршілігінен хабар таратып жүрген “Semei” телеарнасының директоры Хасен Молдабаев пен “Вести Семей” газетінің бас редакторы Шынар Рысаковаға “Қалаға еңбегі сіңген еңбегі” үшін медальдарымен марапаттады.

“Ақпарат майданындағы сүбелі еңбектеріңізге шабыт пен шығармашылық тілеймін. Абай облысының абыройын асқақтатып, қаламыздың көркеюі жолында қалам тербей беріңіздер. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қарымды, сөздеріңіз өтімді, жұмыстарыңыз жемісті болсын”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
 
Мереке қарсаңында елдің  танымдық және ақпараттық  дамуында талмай қызмет етіп жүрген  журналистер қауымы  еңбектеріңіз жансын демекпіз!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🖋Нурбол Нурсагатов поздравил журналистов с профессиональным праздником

Аким Семея Нурбол Нурсагатов в преддверии профессионального праздника поздравил работников СМИ. На торжественной церемонии глава города вручил журналистам благодарственные письма и почетные грамоты, а также пожелал творческих успехов и неиссякаемого вдохновения.

Кроме того, медалями «За заслуги перед городом» награждены директор телеканала "Semei" Хасен Молдабаев и главный редактор газеты «Вести Семей» Шынар Рысакова.

«Вы выполняете важную работу и являетесь связующим звеном между госорганами и обществом. Ваш труд порой нелегкий и требует объективности, широкого кругозора и компетентности во всех направлениях. Вашу роль в фомировании имиджа области Абай и города Семей трудно переоценить. Желаю вам крепкого здоровья, позитивного настроения и вдохновения для публикации интересных и полезных материалов для ваших читателей и зрителей. Пусть ваш труд будет плодотворным и всегда будет оценен по достоинству. Спасибо за вашу работу!», - сказал Нурбол Нурсагатов.

В преддверии Дня работников средств массовой информации мы хотим пожелать всем журналистам успехов во всех начинаниях, профессионализма и преданности своему делу.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын!

«Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі де мықты» - деп Алаштың біртуар азаматы Міржақып Дулатов айтқандай, БАҚ өкілдері – ақпараттың негізгі көзі, қоғамның ажырамас тірегі. Елдің әл-ауқаты мен тұрмыс тіршілігін жіті назарда ұстайтын, елдік мәселені елеусіз қалдырмайтын - билік пен халық арасындағы ажырамас дәнекер.

Құрметті журналистер, қызығы мен қиындығы қатар жүретін жанқиярлық қызметтеріңіз бен кәсіпқойлықтарыңызды жоғары бағалаймын.

Ақпарат майданындағы сүбелі еңбектеріңізге шабыт пен шығармашылық тілеймін. Абай облысының абыройын асқақтатып, қаламыздың көркеюі жолында қалам тербей беріңіздер. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қарымды, сөздеріңіз өтімді, жұмыстарыңыз жемісті болсын!

✍🏻Ізгі ниетпен, Семей қаласыңың әкімі Нұрбол Нұрсағатов