Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері! Жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдық ахуалдың алғы шебінде жүретін БАҚ өкілдерін төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! «Қай елдің баспасөзі мықты болса, сол елдің өзі…
Уважаемые журналисты, работники средств массовой информации!

Поздравляю Вас с наступающим праздником! Журналистика - это важная профессия, особенно в современных реалиях, когда неконтролируемый поток информации в социальных сетях способен ввести в заблуждение общественность. Именно ваш объективный, ответственный и профессиональный подход в работе является надежным гарантом стабильности и здорового настроения в обществе.

Как говорил один из лидеров движения Алаш Миржакып Дулатов: «Большое будущее у той страны, где есть сильная отечественная пресса». На ваших плечах лежит важная миссия – обеспечивать информацией все общество, быть творческими, но, в то же время, критичными и компетентными, иметь свою точку зрения на события, о которых вы пишете.

Будучи важным звеном государственной идеологии, вы остаетесь верными принципам своей профессии и интересам ваших читателей и зрителей. Ваш труд порой нелегкий и требует широкого кругозора во всех направлениях.

Вашу роль в формировании имиджа области Абай и города Семей трудно переоценить. Желаю вам крепкого здоровья, позитивного настроения и вдохновения для написания интересных и полезных материалов. Пусть ваш труд будет плодотворным и всегда будет оценен по достоинству. Спасибо за вашу работу!

✍🏻 С искренними пожеланиями, Нурбол Нурсагатов
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы


Қадірлі отандастар!

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – Исламның тағылымы мол діни дәстүрі. Құрбан айт адамдарды мейірімді, адал, жанашыр болуға, адамзаттың бәріне құрметпен қарауға үндейді. Осы құндылықтар ұлттың рухани өрлеуіне, қоғамда жауапкершілік пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға ықпал етеді.

Айт күндері мұсылман қауым бір-бірін құттықтап, жақындарына амандық пен жақсылық тілейді. Шынайы көңілмен мұқтаж жандарға жәрдемдеседі. Мұның бәрі жұртшылықты жақындастырып, еліміздегі жалпыұлттық бірлікті, бейбітшілікті және келісімді нығайта түседі.

Мейірімділік, имандылық, қайырымдылық – халқымызға тән ізгі қасиеттер. Ұлық мерекенің ұлағаты жұртымыздың табиғатына етене жақын. Сондықтан бұл мейрам ұлттық салт-дәстүрімізбен біте қайнасып, бірге жасап келеді.

Баршаңыздың дұға-тілектеріңіз қабыл болсын! Айттан айтқа аман-есен жете берейік!

t.me/aqorda_resmi
Баршаңызды қасиетті мейрам – Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Адам өмірінде әр мерекенің орны бөлек. Соның ішінде Құрбан айт – бірлікті күшейтіп, бауырластықты арттырудағы рөлі аса зор бейбітшіліктің мейрамы.

Ислам – татулық пен бірлікті бұйыратын дін. Осы күні мұсылман қауымының жасайтын құлшылығының, шалатын құрбандығының мақсаты – татулық, адамдардың бірлігі мен ынтымағын күшейту.

Осы орайда, бір-бірімізге бауырмашылықты арттырып, мұқтаж жандардың мерейлерін арттыруда зор пайдасын тигізетін Құрбан айт мейрамымен тағы да құттықтаймын!

Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын! Ұлы мерекеде әр отбасыға бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш болып, халқымыздың ауыз біршілігі арта берсін!

✍🏻Зор ықыласпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Семей қаласының барлық мешіттерінде Құрбан айт намазы оқылды

Курбан айт – праздник, олицетворяющий добро, милосердие и заботу о ближних. Для казахстанцев он стал еще одним символом единства и согласия народа.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының әкімі Н.Т. Нұрсағатовтың қала тұрғындарымен есептік кездесуінде айтқан сөзінен үзінді:
 
🔸2023 жылы әлеуметтік осал топтағы 27 отбасыға пәтер кілттері берілді. Шілде айының соңына халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар  45 тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Сондай - ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Ұшақтар шағын ауданы мен Комсомол кентіндегі салынып жатқан 124 жеке тұрғын үй кезекте тұрған азаматтарға беріледі.

 
🔸 Абай облысын дамытудың бекітілген кешенді жоспарына сәйкес «Омбы-Майқапшағай» тас жолынан  Энергетик ауданындағы «Северный» сауда логистикалық орталығына дейінгі жол құрылысын жасау қарастырылған. Қазіргі таңда мердігер ұйыммен келісімшарт  жасалып,  жұмысты шілде айының ортасында бастауды жоспарлануда.
 
🔸 2023 жылдың басынан бастап қалалық автопарктер 36 автобус сатып алды, жыл соңына дейін тасымалдаушылар шағын класты 30 жаңа автобус сатып алуды жоспарлауда. Бұл шара маршруттық автобустардың жиілігін арттырып, қаладағы қоғамдық көлік мәселесін ішінара шешуге мүмкіндік береді.
 
🔸 Бүгінгі таңда қала аумағында контейнерлік алаңдарды жайластыру үшін, 200-ден астам  алаң жабдықталды.  2023 жылы Семей қаласының әкімдігі жаңа стандарттарға сәйкес келетін 1125 қоқыс контейнерін сатып алды. 965 контейнер қалаға жеткізіліп көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларындағы қоқыс алаңдарына қойылды, қалған 160 қоқыс контейнері шіле айының бірінші он күндігінде қалаға жеткізіледі.
 
🔸 Жылыту маусымына дайындық аясында қазіргі уақытта 6 жылу көзінде жөндеу жұмыстарының жоспары бар. Олар ЖЭО-1, Орталық, Ғаббасов. 2 жылу қазандығына қосымша жылыту қазандықтары орнатылады.
 
🔸 2023 жылға қаланың орталық бөлігінде және шеткері аумақтарында 80 көше көшені жарықтандыру жұмыстары жоспарланған. "Мектепке жол" бағдарламасын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылы білім беру мекемелеріне апаратын барлық көшелерде сыртқы жарықтандыру жүргізіледі. Бүгінгі таңда 6 көшеде жұмыстар аяқталды. 

🔸 Оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2023 жылы "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2 мектептің құрылысы басталады.  Бұл: "Қарағайлы" шағын ауданындағы 1200 орындық мектеп және Водный кентіндегі 600 орындық мектеп. Аталған мектептердің құрылысы "Самұрық-Қазына"АҚ қоры арқылы жүзеге асырылады. Нысандарды салу мерзімі-2023-2024 жылдар.
 
🔸 Ағымдағы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдау мақсатында қалада 25 орынға арналған дағдарыс орталығын ашу жоспарланған. Қазіргі уақытта 35 квартал ауданында орналасқан Тері-венерологиялық диспансер ғимаратын осы орталыққа беру үшінф күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде.

🔸Қарағайлы шағын ауданында  нефрологиялық орталық пен емхана салу мақсатында ауданы 0,4906 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жүргізуге  дайындық жұмыстары басталды.