Семей қаласының әкімдігі
2.99K subscribers
10.6K photos
2.79K videos
9 files
873 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде жас суретшілер арасында байқау өтті

Қала күні қарсаңында Семей қаласының жас суретшілері арасында «Семей. Тұлға. Тарих» байқауының ашылу салтанатты өтті.

Байқау Қаламыздың тарихына жас сурешілердің көзімен қарау, жастардың өнері арқылы тарихымызды насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Байқаудың қорытындысы 22 қыркүйек  сағат 11-де орталық Арбатта өтетін суретшілер көрмесінің жабылу салтанатында жарияланады. Жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
 



В Семее состоялся конкурс среди молодых художников

В рамках празднования "Дня города-2024" среди молодых художников города проведен конкурс "Семей. Личность. История".

Участники конкурса продемонстрировали свои навыки и умения, отражая взгляды на мир через палитру и форму. Следует отметить, целью конкурса стала популяризация истории города.

Итоги конкурса будут объявлены на выставке, которая состоится 22 сентября в 11 часов на Центральном Арбате. Победители будут награждены дипломами и ценными призами.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

🔸 21 қыркүйекте Семей қаласында қала күніне арналған «ARB SEMEY» лигасы аясында ашық алаң шайқасы командалық турнирі өтеді.
Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын еліміздің төрт өңірінен келетін жауынгерлердің сайысын тамашалап қолдау көрсетуге шақырамыз.

🔸 Жарыстың басталуы 21 қыркүйек сағат 12:00-де.
🔸 Өтетін орыны: аспалы көпір астындағы кеңістік (сол жақ жағалау).

Спортшыларымызға бірге қолдау көрсетейік!


Уважаемые жители и гости города Семей!

🔸 21 сентября в городе Семей состоится командный турнир, бой на открытом воздухе в рамках лиги «ARB SEMEY» посвященный Дню города.
Приглашаем всех жителей и гостей города посмотреть и поддержать соревнования бойцов из четырех регионов страны.
🔸 Начало мероприятия 21 сентября в 12:00 часов
🔸 Место проведения: Пространство под подвесным мостом (левый берег)

Давайте вместе поддержим наших спортсменов!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Қала күнін мерекелеу аясында 21 қыркүйек күні сағат 14:30-да Орталық саябақта, Орталық алаңда және Ертіс өзенінің жағалауында “Қалыңдықтар шеруі” флешмобы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – әйелдерге тек 8 наурызда ғана емес, әрдайым назар аудару. Әрбір әйелге оның тек жақсы жар, ана немесе қыз ғана емес, ең алдымен, ғажап жаратылыс екенін еске салу.

Сіздерді осы ерекше шараға қатысуға шақырамыз! Келіңіздер, бірге тамашалап, қаламыздың мерекесін атап өтейік!



Уважаемые жители и гости города!

В рамках празднования Дня города 21 сентября в 14:30 в Центральном парке, на Центральной площади и на набережной реки Иртыш пройдет флешмоб "Парад невеста".

Целью мероприятия проявление внимания женщинам не только на 8 марта. В пору увядающей природы подчеркнуть красоту и индивидуальность каждой женщины, как грани бриллианта. Напомнить каждой женщине, что она не только хорошая жена, мать или дочь, а в-первую очередь – прекрасное созиданье.

Приглашаем вас принять участие в этом уникальном мероприятии!

Приходите, вместе отметим праздник нашего города!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға Семей қаласының әкімдігі қала күніне арналған «Қала күнімен, Семейім» атты мерекелік іс-шаралардың
бағдарламасын ұсынады. Биылғы қала күні – ерекше форматта, үш күнге созылатын думанды шаралармен атап өтіледі.

Мереке барысында барлық жастағы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған әртүрлі мазмұндағы іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында ретро әуендер мен көңілді ойын-сауыққа толы «Retro Fest» фестивалі, «Туған қала көрінісі» атты суретшілер байқауы, әрі қаламыздың көрікті орындарын көше театрларының қойылымдары арқылы тамашалауға болады. Сонымен бірге, Бейбітшілік алаңындағы жаңартылған қоғамдық кеңістіктер көпшіліктің игілігіне беріледі. Бұдан бөлек, «Заря» ауданында жаңадан салынған заманауи №50 AI Semey мектеп-лицейі» мен сол жағалаудағы «Белсенді ұзақ өмір» орталағының филиалының салтанатты ашылуы өтеді. Бұдан бөлек, “Семей батыры” спорттық сайысы мен «ARB SEMEY» лигасы аясында ашық алаң шайқасы командалық турнирі өтеді. Семей қаласы кубогына орай “Jaidarman” ойындарын ұйымдастыру жоспарланған.

Қала күнін мерекелеу қарсаңында Семей өңірінен шыққан танымал ақындардың «Семейден ескен самал» анталогия кітабының тұсаукесері өтеді.

Негізгі концерттік бағдарламаның шарықтау шегі 22 қыркүйек күні сағат 19:00-де болады. Ашық аспан астындағы (Open-Air) концертте жарық шоуы мен арнайы эффектілердің сүйемелдеуімен танымал эстрада жұлдыздары Il’Han, DJ Ahmetov, Ғазизхан Шекербеков, Азиз Балтабекұлы және Мирас Жүгінісов мен жергілікті өнерпаздар өнер көрсетеді. Бұл мерекелік кешті әнші, актриса Ақбота-Нұр Абайқызы мен танымал блогер Dake ZZZ жүргізеді. Кештің финалы мерекелік отшашумен аяқталады.

Сондай-ақ, түрлі тақырыптағы көрмелер мен жәрмеңкелер ұйымдастырылып, балалар ойын алаңдарының ашылуы және көптен күткен пәтер кілттерін табыстау рәсімдері де осы мерекелік күндер аясында жүзеге асырылады.

⏭️Толық ақпаратты арнайы дайындалған бағдарлама кестесінен біле аласыздар.

✍🏻Құрметпен, Семей қаласы әкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Уважаемые жители и гости города!

В Семее отмечают День города: куда сходить и что посмотреть. Акимат Семея предлагает ознакомиться с планом мероприятий.

«Қала күнімен, Семейім!» под таким названием в этом году пройдёт грандиозное празднование города на Иртыше - Семея.

В городе состоится большое количество мероприятий для жителей всех возрастов, которые продлятся три дня.

Среди них фестиваль «Retro Fest», наполненный ретро-музыкой и весёлыми развлечениями, конкурс художников «Образ родного города», а также уличные театральные постановки, которые позволят насладиться живописными уголками Семея.

Также будут открыты обновленные общественные пространства в Сквере медиков и на острове “Бейбитшилик" - обновлённом в этом году.

В микрорайоне «Заря» состоится торжественное открытие современной школы-лицея №50 AI Semey, а также филиала Центра «Активное долголетие» на левобережье.

Помимо этого пройдут спортивные соревнования «Семей батыры» и командный турнир по открытым боям в рамках лиги «ARB SEMEY». Также планируется проведение игр «Jaidarman» на Кубок акима города Семей.

Накануне праздника состоится презентация антологии стихов «Семейден ескен самал», написанных известными поэтами, родом из региона Семей.

Кульминацией основной концертной программы станет выступление 22 сентября в 19:00. Концерт под открытым небом (Open-Air) пройдет с участием звёзд эстрады: Il’Han, DJ Ahmetov, Газизхан Шекербеков, Азиз Балтабекулы, Мирас Жугинисов и местных артистов. Ведущими вечера будут певица и актриса Акбота-Нур Абайкызы и известный блогер Dake ZZZ. Завершится праздничный вечер ярким фейерверком.

Также в течение дня будут проводиться выставки, ярмарки, открытие детских игровых площадок и церемонии вручения долгожданных ключей от новых квартир для граждан.

▶️Подробную информацию можно узнать из специально подготовленной программы мероприятий.

✍🏻С уважением, акимат города Семей