Aqerke LIVE
5 subscribers
80 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Мектептен келе жатып осындай әдемі суреттер түсіріп үлгердім.
Менің алғашқы селфиім
Бүгін ағылшын тілінен quizizz ойнадық. Көбісінде телефон жоқ, интернет жоқ. Апай өзінің ноутбугінен интернет тарата алмай балаларға жасатты. Ешкім оны білмейді, солай апай неге басқа сынып қоса алады, ал біз жоқ екенін білмейді. Осылай ойнайтын кезде әрең ұстайтын мектеп интернетіне қосылып әрең отырамыз.
Көктем басталып, жәндік қаптап кетті. Бүгін үлкен, қап-қара ара көрдім.
Көп ағаштар гүлдеп өсіп жатыр.
Ағаштармен қоса бақ-бақ гүлдеріде өсіпті. Толып тұр. Бақшаларда да бар екен.
Бүгін 13 маусым. Осы күні менің ең жақын сыныптас досымның туған күні. Қаншада басталады деп сұрасам, өзі жауапты әрең айтты. Қызық күн болайын дегені сөзсіз.
Досымыздың туыстарымен менде ойнайтын жерге бардым. Бірақ сол жерде аяғы сынық адамның турникке асылып жатқанын көрдім. Маған оны өкінішті болды.
Сонымен қатар мен үйінен кетіп бара жатсам. Киімдер шашылып жатқанын көрдім. Сонда неде қойды деген сұрақ туындады? Қоқыс шығар
Бүгін мектепте дене шынықтыру сабағында бір балаға доп басына үш рет ұшып келді. Басы қатты ауырғаны сөзсізде көрініп тұр. Қыздар оған әдейі жасамапты. “Біз баскетбол ойнап жатсақ, олар келіп алдымызда футбол ойнады” деп қыздар айтуда. Ал ұлдар айтады” Олар біздің жерде ойнады” деп бірақ осылардан кім дұрыс екені белгісіз.
Інімнің айтуынша бүгін 11 сыныптар төбелесіпті. Айтуы бойынша олар дәл апай көзінше төбелесті.
Кеше ауа-райына қарасам ертеіңгі күнде күн шығып тұрды. Бірақ бүгін жаңыбыр жауды. Көктем келген соң ауа-райы тез өзгереді
Бүгін күн жылы болды. Бірақ кешке салқынырақ болады екен.
Сонымен қатар мен мектеп алдында бір шайхана ма, асхана ма өзім білмеймін. Сол төртінші немесе бесінші рет өзгеріп отыр екен.
Кеше кешке мектептен кейін туысымыздың туған күніне бардық. Барлығымыз тамақ ішіп, ойнап кешкі уақытымыз жақсы өтіп жатты. Бір уақытта мен ойнайтын жерге барып балаларды тексеріп жатсам. Туысқандарым бір танымайтын қызға доп түрінде шарик тигізіп алады. Барлығы жаман бітетінін білмедік. Қыз қатты ашуланып туысқандарымыздың біреуіне тап берді. Екеуі төбілесіп, ренжісіп қалады. Қыздың көзіне жас шығады. Ол әкесін шақырып, әкесімен сөйлес басталады. Осы сөйлес 5 минутқа созылды. Содан соң олар кетіп қалды. Осындай көңілсіз, ренжіскен кеш болды.
Сонымен қатар сол шайхана ішінде өзімнің сынып жетекші апайымды көрдім.
Мен кеше мектептен келе жатқанда екі мәшиненің ұрысып тұрғанын байқадым. Қарап тұрсам бір мәшине орысша айтқанда “встречкадан” келе жатып бұрылған мәшинеге соғыса жаздады. Ал сол жерден өтуге болмайды. Екеуі ұрысып жатқандарына 15 минуттай уақыт өтті. Содан соң екеуі өз жолдарымен кетіп қалды.
Бірінші суретім менің ойымша біртүрлі шықты. Ал басқалар үшін жақсы. Аяғын да байқамай ашық емес, жабық сұрмен бояп қойғанмын. Соңында осындай сурет шықты қоянның.😅
Бірінші суретім менің ойымша біртүрлі шықты. Ал басқалар үшін жақсы. Аяғын да байқамай ашық емес, жабық сұрмен бояп қойғанмын. Соңында осындай сурет шықты қоянның.😅
Ал екінші суретім жақсы шықты менің ойымша, бірақ жұмыртқалар табақшаның түбінде тұрғанға ұқсамайды. Мен акварельмен жақсы боя алмаймын, ал қарандаш менің қолыма түссе сағаттап бір суретті дәлме дәл саламын.☺️