Aqerke LIVE
5 subscribers
80 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Бүгін бассейнге бара жатсам, күнде өтетін көшемде жөндеу жолдары болып жатыр екен. Көп жылдар бойы тұрған трубаларды алып жатыр екен. Трубаларда шаршаған шығар көп тұрып, іштей қуанған шығар.
Бүгін сендер қандай қызықты заттарды кездестірдіңдер?
Мектепте бір қолайсыз жағдай болды. Мен бүгін Қазақ тілі сабағында отырдым. Екі топ бірігіп өтті. Екінші топ ТЖБ жазып жатыр екен. Ағай бірінші топты ұмытып екінші топтың ТЖБ тесттерін тексеріп, айтылымдарды тыңдап, біз көңіл бөлмеді. 20 минуттай уақыт өтті. Мен жалғыз отырып, қатты шаршадым. Ағайдан тапсырма беруді сұрадым. Бірақ ағай барлығына берді. Барлық бірінші топ маған жынданып, ренжіді. Сол кезде жүрегім дір-дір соғып , өзімді қатты кінәлі сезіндім. Көзімнен жас аға жаздады. Сабыр ұстап, басқалардың мені жамандағанын шыдап отырдым. Үйге мұңайып келдім.
Балалар кімде осындай жағдайлар болды?!
Бүгін Бастауыштан өтіп бара жатыр едім. Осылай әдімі, көрікті етіп әдемілеген екен. Мектеп әр дүйсенбі мерекелерге орай безендіреді. Бұл 22 наурызға арналып безендірген екен.
Соңғы күн болғандықтан көп оқушы келмейтін шығар. Менің ойымша 10 нан аспайтын оқушы келетін шығар . Менің сыныбымнан ұлдар келді , бірақ мен ғана қыз болам дегенде кей қыздар келіп тұр. Ал бірінші сыныптарға қарасам. Терезеден достарына мектепке келмек қойындар деп жатыр . Не десе тамақ ішіп кетесіңдер депті Бастауыштың апайлары.
Наурыз құтты болсын барлығына!!
Бүгін отбасымызбен орталық алаңға бардық. Адам өте көп екен. Алыстан көп деген әндер естіледі. Барсақ жан жақ адамдармен толып жатыр екен. Алаңның қалай әдемі әдемілегенін көрсеңдер ғой. Ал ортасында таңнан кешке дейін өтетін концерттер болып жатыр. Көп деген атақты әншілер, бишілер келіп ән мен өнер көрсетуде болды. Күннің ыстығн пайдаланып, көп адамдар балмұздақ сатып жүр екен. Жан-жақта қазақи бұйымдар, көйлектер, әртүрлі қазақ тақырыбына сай заттарды сатып жатыр. Қазақ ойындарын ақша төлемейде ойнайтын жер бар екен. Осы мерекеге орай тағы күндер болады өткізіп алмаңдар. Қолөнерде сктылып жатты. Ойындар жүргізіп, жеңімпаздарды айтыпта жатты. Осындай мейрам күніге болса ғой шіркін. Кей киіз үйлерде суретке түседі.
Бүгін мектепте қызық күн болды. Соңғы сабақ музыка сабағы болды. Сол сабақта апай “Сендерді соңғы 1 айда қинамай-ақ қойаиын. Келесі жылда музыка болмайды, тіпті өиын сабақтар қосылады” деп еді барлығы қайдан екенін білмеймін бірақ бір жерден телефондарын алып, қарай бастады. Қарап- қарап апайда бізде шошыдық.
Содан соң дене шынықтыру свбағында далаға шықтық. Ағай ұлдарды футбол ойнату үшін барлығымызды футбол алаңына алып барды. Ұлдар футбол ойнаса қыздар не істейді деген сұрақ туды. Көп қыздар ағайды оларды тартылатын турник жақ бар. Сол жерге жіберуін өтді, ағайды әрең көндіртті. Солай біз ойнап үлгердік
Мектептен келе жатып, мәшиненің мысықты қаққанын көрдім. Жүрегім дірілдеп, байқұс мысыққа қара алмадым. Дәл жол ортасында жатты. Жүгіріп шыққаннан шығар.
1 сыныптар арасында жарыс өтейін деп жатыр екен. Бүгін сіңіліме Ғарышкерлер күніне орай салуда. Осы сіретті бастаудамыз!!
Бүгін мен күнделікті баратын бассейніме бардым. Киініп, уақыт болғанын күтіп тұрсам. Ағай көрінбейді, ал ағай болмаса апай болатынын ұқтық. Апай жаттығуды 10 минут бұрын бастады. Барлығылызға тапсырма беріп, өзі отырады. Бір тапсырманы енді аяқтасақ ағай келіп тұр. Басқа жерден келгендей, ағай тез жүгіріп киініп келеді. Ағай кеткен соң апай өзінің тобына тапсырма беріп, бізге қарамады. Қарасақ ағай келгенше сабақ аяқталуына 20 минут қалыпты. Апайлар атайтындай “еркін жүзу” басталады. Ол дегеніміз әр жұма еркін жүзу болғанда балалар қалай жүзіді солай жүзіді, ойнайды суда. Нақты айтқанда не істейсің соны істейсің. Еркін жүзу басталып, біздің ағай келеді. Ағай “ Қойшы, бәрібір оларды бүгін қинай алмадым“дегендей кетіп қалды. Біз әбден ойнап, демалдық.