Aqerke LIVE
5 subscribers
79 photos
9 videos
Көрген-білгенмен бөлісемін. Қосылсай!))
Download Telegram
Асқар тауға да біртіндеп шығасың.
Бүгін күні бойы бақшада болдық. Досымыз Айсана қонаққа келді. Барлығымыз құлпынай, қызанақ, бұрыш және басқа да жеміс- жидек пен көкөністерді суардық. Сонымен қатар, су ақырын ағып тұрды. Соның салдарынан бақшада көп уақыт өткізуге тура келді.
#helloaqerke
Осы барлық жұмысты жасап болған соң. Біз көшіде кішкене жүріп келуді шештік. Сіңілім роликпен ал Айсана екеуміз самакатпен жүрдік. Ары-бері , түсіп-көтеріліп ойнадық. Келе жатып шие ағашын көрдік. Мен кішкене алдым да , сүртіп аузыма салдым. Өте қышқыл болды. Аузыма салғаннан кейін түрім өзгірді. Мәә дәмі соншалықты қышқыл болғанан түкіріп жібердім. Ал сіңілім мен Айсана кәдімгідей жей берді. Мен оларды түсінбедім
#helloaqerke
Анам мені ағылшыннан алғаннан кейін, айтты “ мен қазір аурухана мен кіріп келемін “ деп. Бәрібір Айсана мен мені алып кетті. Біз күттік. Бір кездері анам екі сіңілімді алып келеді. Не алып келдіңіз десем. Олар мәшинеде отырмай шығып кетті дейді. Шошып кеттім.
#helloaqerke
Қазір біз шашты бұйралауға көмектесетін орысша “кокон” деп аталатын әдіспен айналысып жатырмыз.
Бүгін мен сыныптастарыммен бірге паркке бардым.
Мен кейінірек келдім, бәрі жиналып үлгеріпті. Бізді анам апарып тастады. Барлығы қолдарына бірдеңе алып келген екен, тек Айсана екеуміз ғана құр қол келдік. Өзімді біртүрлі сезіндім: бәрі үлкен пакеттермен келсе, мен кішкентай сөмкеме тек панамам мен телефонымды салыппын.
Күніміз өте жақсы өтті. Алдымен қыздармен бірге отыратын орын іздедік. Сосын пицца, суши және түрлі тәттілер алып келгендерін көрдік. Барлығымыз отырып, тамақтанып алдық. Одан кейін ойын ойнадық. Бірақ біраздан соң ішіміз пыса бастады. Басқалар карта ойынын ойнай бастады, ал Айсана екеуміз ол ойынды мүлде білмейміз. Сондықтан тек қарап отырдық.
Шаршаған соң соңында бәрі үйлеріне тарады. Ал мен бір сыныптасыммен және оның анасымен бірге қайттым. Үйге шаршап, бірақ көңілім толып, тойып келдім.
#helloaqerke
Мен бұл жазбаларды түсте жаза алмадым, себебі үйге келе сала біз үй жинадық. Сіңілім екеуміз ұрысып, қырылысып әрең аяқтадық. Өзім еден жуып жүрмін, сіңілім шаңсорғышпен шаң алып жатыр, ал Айсанаға ең жеңіл жұмыс пен шаң сүртуді бердік.
Мен екінші қабатты аяқтап жатқанда, сіңілім өз жұмысын жасамай, мультфильм көріп отыр екен. Мен қатты ашуландым. Бірінші қабатты бітіріп, жоғары көтерілсем . Мәә! Шошып кеттім. Сіңілім төсекте жәй ғана жатыр, не істерін білмей отыр.
Әрең дегенде үйдің бәрін тазалап болдық. Бірақ менің шаруам мұнымен бітпеді. Анам маған кір жай, ұн сал, киімдерді бүкте деп тапсырма берді. Солардың бәрін орындап болғанша кеш батып кетті. Осылай менің күнім өтті.
#helloaqerke
Соңында кішкене уақыт қалғанда кітап оқыдым. Сонымен қатар жаңа ағылшынша кітапты аударуды бастадым. Бірақ оны маған тәтем сыйлаған еді. Ал ең бірінші беттерге аудармамен жазып толтырып тастады. Мен қай жерден басқауды білмей. Ең соңынан бастадым. Өзім білмеймін неге.
#helloaqerke
Біз бүгін ағылшыннан тамақ пісіру сабағы болды. Апай барлық заттарды дайындап қойыпты. Ана жерде ұлдар не істерін білмей жәй отыр. Жасадық. 20 минутқа халадилникке қойдық. Оған шейін біз “ Лило мен Стич” көрдік. Оларды апай алып келді. Біз бір бірден жедік. Сосын екеуі қалып кетті. Апай кім алып кетеді деді. Ең бірінші мен дедім содан соң бір ұл айтты. Өте дәмді шықты. Негізінде осы бірінші суретте солай шығу керек болды, бірақ екінші суреттегідей шықты. Алып кеткен кексімді мен екі сіңіліме бердім.
Қазір біз бір күнге квартирада тұруға жиналып жатырмыз. Алдымен қонаққа барамыз, содан кейін квартираға өтеміз. Әзірге сау болыңдар! 😊
Осы аптада оқыған кітабымның аты – Гаухар тас болатын. Дулат Исабеков қазақ жазушысы осы кітап авторы. Осы кітаптың басты кейіпкері – Гаухар есімді қыз. Осы шығармадан адам өз өмірін өзі сүру керек екенін байқауға болады. Гаухардың жігіті болады. Ол Гаухардың ата-анасына қатты ұнамайды. Олар Гаухарға басқа бай тауып береді. Осының жігіті шыдай алмай өмірден кетеді. Солай барлығы мұңды аяқталады. Маған жалпы айтқанда осы хикая ұнады. Бірақ осы кітап махаббат жайлы екен. Ал маған махаббат ұнамайды. Сондықтан мен осы кітапқа орташа деген баға беремін. Жалпы хикая жақсы. Оқуға кеңес беремін.
#aqerkekitap
Бүгін мен Руал Даһл-дың АДЖ деген кітабын бастайын деп жатырмын. Суретіне қарасам қызық кітап секілді. Дәу мен кішкентай қыз туралы болатын шығар.
#helloaqerke
Бүгін ағылшын күнделіктідей басталды. Сабақтың басталғанына 10 минут болғанда үш адам келеді. Біреуі пробный сабаққа келді. Ал қалған екеуін біздің топқа анықтап жіберді. Бүгінгі сабақтың тақырыбы - places болды. Жаңа сөздер өттік. Сабақтың соңында апай пробныйға келген оқушының кітабы басқа екенін байқайды. Апай келіп “ неге сенде басқа кітап деді” . Сол оқушымен апай біраз сөйлесті. Соңында оның бізден жоғары деңгейде екенін біліп. Басқа топқа жіберді. Содан соң екі қыз біздің деңгейімізді Pre-Intermediate деп анықтады ал сол деңгей бізден бір кітапқа алдыда. Сабақтың бітіуне 5 минуттай қалған еді. Отыра тұрыңдар сосын сөйлесерміз дегендей апай ол тақырыпқа көз жұмды. Сабақтан соң “оларды неге біздің топқа көшірді” деп ұрыс басталды. 30 минуттан кейін тынышталып қалды.
#helloaqerke
Сонымен қатар, Speaking Club-та адам өте көп болды. Сыныпта бар болғаны 19 орындық қана бар. Бізді сабақтан 11:55-те жібереді. Егер мен тез келмегенімде, орын таба алмас едім. Бірінші рет ол жерде 26-дан астам адам жиналды. Соңғы келгендерге отыратын орын қалмады. Бөлменің дәл ортасында 7 адамға арналған диван тұрды. Кешіккендер сол жерге отырды. Біреу сыртқа шыққысы келсе, әрең шығатын. Барлық орындықтар бір-біріне тым жақын қойылған. Сабақ кезінде бұл жерге ешкім келмейтін. Менімен қосқанда тек 3 адам ғана отыратын, ал кейде 5-ке дейін баратын.
#helloaqerke
Мен дәретханадан келе жатқанда бір араны көрдім. Ол бір 10 сантиметрдей өсімдікке мінді. Төбеге қарап тұрған, ең үлкен жапырағына барып мінеді. Ең ұшына келгенде ол жапырақ араның салмағын көтере алмай жерге қарай ақырын түсіп бастайды. Ол жапырақтың түсіп бара жатқанынан шошып жерге түсіп қалады. Өте күлкілі болды. Құлағанда арқамен құлап, бір дыбыс шығанды. Дыбысын мен сөзбен айта алмаймын. Айқалағанға ұқсады. Екінші жапырағына мінеді , тағы түседі. Соңында шаршағаннан басқа одан ұзын өсімдікке кетіп қалады.
#helloaqerke
Мен дәл қазір ағылшынша кітаптан 3 тақырыпты алып, аударып жатырмын. Маған кітап басындағы бірәнші хикая ұнады. Ол “How stories came to us” яғни “хикаялар бізгі қалай жетті “ деген мағынаны білдіреді. Ол хикаяда тышқан көргенінен хикаялар жасайтын болыпты. Хикаялар оның баласы. Барлық хикаялар оның үйінде тұратын болыпт. Бір күні қой келіп ескі есікті сындырғанда барлық хикаялар қашып, жан-жаққа тарайды. Осылай кей біреулері бізге келді.
#helloaqerke