Сіңілім екеуміз балмұздаққа бара жатқанда. Тікұшақтың даусын естідік. Қатты шықты. Жан-жаққа қарап іздейміз, іздейміз. Солай тауып алдық. Қарасақ бір военный тікұшаққа ұқсайды екен. Бірақ ашығырақ түсте. Ол кетіп қалыпты.
Кітап дүкенінде әтүрлі кітаптар табуға болады. Бірақ бізге керегі ол күнделік. Біз ойлағандай күнделікті таптық , бірақ жеткілікті көп идея таба алмадық. Көп күнделіктің парақтарының барлығы ақ парақ. Кей-кей идеяларды алып кетеміз деп ойласақ. Мен қазақ әдебиеттен оқып, ұнатқан кітабымды көріп қалдым. Сол әкем алып берді. Сол кітаптың аты “ Тортай мінер, ақ боз ат” жақсы кітап. Тағы бір саяхат туралы кітап алдық. Қызықты көрінеді. Алдағы уақыттарда көреміз. Солай кітап дүкенінен қолымда екі кітап құшақтап шықтым.
#ҮЗДІКжаз
#ҮЗДІКжаз
Бақшада мен шегірткені көріп қалды. Осылай жәй тұрғанда түсіріп үлгердік. Қарап тұрсам басында мұрты төменге түсіп тұрды. Менің ойымша ол көңілсізге ұқсайды. Ал содан соң мұртын көтіріп, көңілді тұрғандай болды. Сол кезде көңілділігіне қарап түсірдім.
Ал ана суретте үлкен өрмекші тұр. Оны көргенде өзім шошып кеттім. Жақындағанда тістеп алады ма, немесе үстіме мінеді ме деп әрең тұрып түсірдім. Өзім түсінбедім шын өрмекші ме өзі. Өмірімде ондай өрмекші түрін көрмеп еді. Өзі үлкен өрмек тоқыпты. Оған қанша уақыт кеткен екен🧐?
Ал ана суретте үлкен өрмекші тұр. Оны көргенде өзім шошып кеттім. Жақындағанда тістеп алады ма, немесе үстіме мінеді ме деп әрең тұрып түсірдім. Өзім түсінбедім шын өрмекші ме өзі. Өмірімде ондай өрмекші түрін көрмеп еді. Өзі үлкен өрмек тоқыпты. Оған қанша уақыт кеткен екен🧐?
Бүгін менің гүлдерім өсіп бастады. Көп күн өтті енді бастады. Сонымен қатар мен бірінші гүлдерімнен басқа «Ночные красавицы» деген гүлді отырғыздым оларда өсіп бастапты.
Ағылшыннан шыққаннан кейін тек қыздар Алтын Ордаға бардық. Мен қатты қуандым , сосын ренжідім. Өйткені кептеліс деген қиындық күтіп тұрды бізді. Бірақ оған бармай тұрып ескі Апортқа бардық. Анам маған бөтөлке алғысы келген. Біз ол жерді аралап Зетаға кірдік, іздеп-іздеп таппадық. Алтын Ордаға жол енді қиынырақ болды. Бүкіл жол мәшинеге қаптаулы болды. Әрең бір сағатта жеттік. Ал мостта адам өте көп болды. Мен оны мәшиненің терезесінен көрдім. Ал кей адамдар бір зат сатып, сол мостта қаптап отыр. Алтын Ордаға кірудің өзі екі жүз теңге екен. Ал ол Алтын Орданың алдын білсеңдер ғой. Орын таппай, айналдық-айналдық содан соң бір мәшине орнынан шығып жатыр екен. Осы сәтті пайдаланып кіріп алдық. Көбісі қапшық ұн, қапшық қант, қапшып күріш, және т.б. ауыр заттарды мәшинелеріне салып жатты. Бізде оларға келген едік. Анам бір дүкенге кіріп сол заттарды алды. Көп заттың бағасы жазылмаған болды. Анам бағасын білу үшін бізді жұмсады. Біз шаршадық, сатуша айтып шаршады. Соңында “уфф” деді. Кей тәтілер бір пакетте болды. Оларды ашуға болмайды. Тек бір пакет ала аласың. Мен бір қызды көрдім. Ол барлық тәттілерді бір пакеттеп алды ғой. Анамда өзі шошыды. Анам зат алғанша көп уақыт өтті. Енді үйге жолда кептеліс одан сайын артты. Ешкім жол бермейді. Үйге енді келдік. Анам мен әкем ауыр заттарды салып жатыр.
Бүгін менің сыныптасымның яғни жақын досымның әкесінің туған күні. Күн кәдімгедей өтті. Бізді жақын досымның әкесі мәшинесімен келу керек болған. Бірақ сыныптасымның немере сіңілісі келіп алып кетті. Ал сол кезде Айзере деген қыз біздің досымызда сыныптасым тұратын жерлерге жақын тұрады екен. Сондықтан ол қызды да алып кетпекші болдық. Сыныптасымның аты Інжі болатын. Ал енді немере сіңілісін көргенде өте қатты қуанды. Біз әрең бір кіші мәшинеге сиысып отырдық. Айзере түк түсінбеді. Өйткені Інжудің немере сіңілісін ешқашан көрмеген. Ал мен оны Інжудің екі жылғы туған күнінде көрдім. Бірінші 2024 , ал екінші 2025. Мені үшжетіден (дүкен аты) түсіріп, ары қарай Інжудің үйіне кетті.
Сонымен қатар анам бүгін Алтын Ордада сатып алған кисельдің біреуін жасады. Құлпынай дәмін жасады. Өте дәмді. Мен осы кисельді бастауыш сыныптарда тегін тағам бергенде кейде кесел беретін. Осы кездерде мен алғаш ұнатқан сусыным. Ал бүгін анам жасады. Тамақ ішіп болғаннан кейін ішіп көрсем. Ммм… басында суық содан соң жып жылы. Бір ештеңеге салыстыра алмай тұрмын. Енді бұл бір ерекше зат емес. Бірақ бастауыш біткеннен кейін қатты сағындым. Бізде алтыдан бесеу қалды. Ал осы суреттерде осы дәмдер қалған болатын.
Бүгін біз жаратылыстанудан БЖБ жаздық. Барлық тоқсан бойынша бүкіл сынып үшін ең оңайы. Барлығы 15-10 минуттарда жасап өткізді.
Мен мектептің құпиясын біліп қойдым. Мен күнде ойланып жүретінмін: олар гүлді қалай тез отырғызады деп. Бүгін дене шынықтыру сабағы болды. Біздің ағай бізді далаға шығарды. Сол жерде дайын гүлдерді бос жерге отырғызып жатқандарын көрдім. Содан соң білдім.
Бүгін мектептегі соңғы күн. Енді апайдың ойына жақсы бір ой келді. 5 сыныптағыдай сурет жасау керек еді. Бірінші апай болды. Ең үлкені қызыл түсті ортасындағы апайымыздың қолы. Ал осы жасыл түстіні мен ең бірінші қолдандым. Мен осы түсті таңдадым, өйткені барлығын жаратушы Алланың жақсы көретін түсі екен. Енді кей балаларда кетпей, әрең кетті. Ал қалғандары ақ мектеп формасындағы рубашкаларына сурет салып, жазумен айналысып жатыр. Ал барлығы осымен айналысып жатқанда кей балалар апайдың компютерінен ойын ойнады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ал достар қабыл алыңыздар біздің күнделігіміз
жарық көрді. Осы күнделік кітап түрінде шықты. Күнделік барлығымызға пайдалы болады деп ойлаймын.
жарық көрді. Осы күнделік кітап түрінде шықты. Күнделік барлығымызға пайдалы болады деп ойлаймын.