Басқа топтың апайы бүгін келмеді. Ағай бізге тапсырма беріп, оларда сол тапсырманы жүзіп біткенде бізде болдық. Содан соң екі жердіде жарыстырып қойды. Біз солай 24 рет жүздік. Мен басқалар мені озғанды жақсы көрмеймін. Әрең шаршап тұрып бір бала екеуміз жарысып, соңында мен ұттым. Қолдарым мен аяқтарым талып үйге бірақ жеттім.
Бүгін сонымен қатар біздің сынып жетекшіміздің туған күні. Чатты енді оқып жатырмын барлығы 00:00 де жазған тек 5 оқушы қазір жазып жатыр. Ал бізде құттықтап қояық.
Бүгін жаңбыр сорғалап жауды. Мен осы кезде мектепте болдым. Мектептен шығып бара жатқанша жаңбыр тоқтапты. Бірақ төменгі көшілірге су тоқтамай ағады. Сол төмергі көшілерде біздің мектеп тұр. Пешеходтан адам өте алмайтындай су сорғалап жатыр. Әрең өттік
Менің бүгін тісім түсті. Бірақ ол тіс орнына қайта келе алады. Тістің аяқ жағы қалса, оның қайта өсу мүмкіндігі бар екен. Ал сендерле осындай болды ма?
Бүгін 6 мамыр!! Келесі күні Отан қорғаушылар күні. Сыныпта барлық ұлдарға силықтар сыйлады. Біздің сынып ұлдарына сөмке сыйлар алдында апайымыз ұлдарға “ Міне бұл сендерге дене шынықтыру киімін салуға арналған сөмке “ деп айтқандай болды. Өйткені ұлдардың көбісі дене шынықтыру сабағының киімін алуды ұмытады. Ал келесі күні барлық мкутепте демалыс осы ертең болатын 7 мамыр.
Бүгін әкем екеуміз менің болашақ күнделігіме жаңа идеяларды табуға кітап дүкеніне бара жатырмыз. Жолдан темір сатып жүрген қыздарды көрдік. Сол ең шетіндегі қыз өз телефонын қайда салатынын білмей, қалтаға ұқсайтын жерге салып кетіп бара жатыр. Барлық қыздың қолы темірге толы.