ҚДКБҚ | КФГД
323 subscribers
1.01K photos
64 videos
3 files
577 links
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры | Казахстанский фонд гарантирования депозитов

🌐 Сайт: www.kdif.kz

📢 Чат: www.t.me/KDIF_ask
Download Telegram
ҚДКБҚ Төрағасы IADI атқарушы кеңесінің отырысына қатысты.

Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Швейцарияның Базель қаласында Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы (IADI) Атқарушы кеңесінің 75-ші отырысы болып өтті. Оған Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Төрағасы қатысты. 

Айталық, Халықаралық қаржылық есептілік стандартын (IFRS 17) депозиттерді сақтандырушылардың жұмысына қолдану - отырыстың күн тәртібіндегі басты мәселелердің біріне айналды. ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев салымдарды сақтандыру ұйымдарының қызметінде бұл бағыттың маңыздылы және өзекті екендігін атап өтті.  

Талқылау барысында көпшілік елдер депозиттерді сақтандырушыларға IFRS 17 стандартын қолдану үшін алдымен оған қатысты нақты ұстанымды тұжырымдап алу қажеттігін қолдады.
  
Отырыс аясында қатысушылар IADI өңірлік комитеттерінің және бюджет мәселелері бойынша комитеттерінің баяндамаларын, IADI-ге жаңа мүшелер қабылдауды, негізгі жетістіктерді және депозиттерді сақтандырушылар алдында тұрған сын-қатерлерді талқылады.   

Еске саламыз, ҚДКБҚ Төрағасы Әділ Өтембаев 2022 жылдың 28 қазанында Буэнос-Айресте өткен 21-ші Жалпы жылдық жиналыста EXCO мүшелігіне үш жылдық мерзімге сайланды. Айталық, EXCO IADI-дің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. EXCO құрамына 24 ұйым енген. Олар Жалпы жылдық жиналыста сайланады және Қауымдастықтың өңірлік алуан түрлілігін білдіреді.
Председатель КФГД принял участие в заседании исполнительного совета IADI.

24 февраля текущего года в городе Базель, Швейцария состоялось 75-е Заседание исполнительного совета Международной ассоциации страховщиков депозитов (IADI), в котором принял участие Глава Казахстанского фонда гарантирования депозитов.

Так, одним из ключевых вопросов заседания стало применение в работе страховщиков депозитов Международного стандарта финансовой отчетности (IFRS 17).

Председатель КФГД Адиль Утембаев отметил важность и актуальность данного направления в деятельности организаций по страхованию вкладов.

В процессе обсуждения большинство стран поддержало необходимость выработки позиции по применению стандарта IFRS 17 к страховщикам депозитов.

В рамках заседания участники обсудили доклады региональных комитетов и комитетов Совета IADI по вопросам бюджета, принятия новых членов IADI, основных достижений и вызовов, стоящих перед страховщиками депозитов.

Напомним, что 28 октября 2022 года Председатель КФГД Адиль Утембаев был избран членом EXCO на трехлетний срок на 21-м общем годовом собрании в Буэнос-Айресе. Так, EXCO обеспечивает бесперебойную работу IADI. В состав EXCO входит 24 организации, которые избираются на Общем годовом собрании и отражают региональное разнообразие Ассоциации.
Депозиттер – ақша жинау бойынша дәстүрлі түрде ең сенімді қаржы құралдарының бірі. Олар жинақ ақшаның қауіпсіздігін ғана емес, ақылға қонымды табыстылықпен де қамтамасыз етеді. Алайда әрбір адам банкте жатқан қаражатының шынымен де толығымен сақталатындығына сенімді болғысы келеді. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қашанда азаматтардың салымдары қалай қорғалатындығын түсіндіруге дайын.  

Біздің елімізде депозиттерге кепілдік беру жүйесі (ДКЖ) былайша құрылған: банк лицензиясынан айырылған жағдайда салымшылардың шоттарында, депозиттерінде, төлем карточкаларында жатқан қаражаттары иелеріне қайтарылып беріледі. Бұл ретте ислам банктерін қоспағанда, банктердің барлығы (оның ішінде шетелдік банктердің қазақстандық филиалдары да) ДКЖ қатысушылары болып табылады.

Заңнамада бекітілген лимиттер шегіндегі сомалар бойынша кепілді өтем төленетіндігін білген жөн:    

🔹 теңгедегі жинақ депозиттер бойынша – 20 млн теңге;

🔹 теңгедегі басқа депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша – 10 млн теңге;

🔹шетел валютасындағы барлық депозиттер, карточкалар және шоттар бойынша – 5 млн теңге.

Өтемді есептеу барысында банк лицензиясынан айырылған күнге қарай  есептелген сыйақы да ескеріледі.

Депозит бойынша кепілдік сомасы туралы тағы не білу маңызды? Толығырақ бейіндегі сілтеме бойынша оқыңыз:

https://kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/sizdi-depoziti-iz-boyynsha-kepildik-m-lsherin-alay-any-tau-a-bolady/
Депозиты традиционно считаются одним из самых надежных инструментов для сбережений, которые позволяют обеспечить не только безопасность накоплений, но и разумную доходность. Однако, каждый хочет быть уверен, что его средства в банке действительно находятся в полной сохранности. Казахстанский фонд гарантирования депозитов объясняет, как защищаются вклады граждан.

Система гарантирования депозитов (СГД) в нашей стране построена таким образом, что при лишении банка лицензии вкладчикам возвращают средства, которые были размещены на их счетах, депозитах, платежных карточках. При этом, участниками СГД являются все банки (в том числе казахстанские филиалы зарубежных банков), за исключением исламских.

Важно знать, что под гарантийное возмещение подпадает сумма в пределах лимитов, которые установлены законодательством:

🔹 20 млн тенге – по сберегательным депозитам в тенге;

🔹10 млн тенге – по карточкам, счетам и другим депозитам в тенге;

🔹 5 млн тенге – по карточкам, счетам и депозитам в иностранной валюте.

При расчете возмещения также учитывается вознаграждение, которое было начислено на дату лишения банка лицензии.

Что еще важно знать о размере гарантии по вашему депозиту? Читайте подробнее по ссылке:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/kak-opredelit-razmer-garantii-po-vashemu-depozitu/
Теңгелік депозиттер бойынша 2023 жылдың сәуіріне қарасты шекті мөлшерлемелер өзгеріссіз қалды және наурыздағы мәндік деңгейінде сақталды.

Ұлттық Банк 2023 жылдың 27 ақпанында базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдыруына байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры  осындай шешім қабылдады. 

ҚДКБҚ екінші деңгейдегі банктер өзінің депозиттік өнімдері бойынша сыйақы мөлшерлемелері туралы өз бетімен шешім қабылдайтындығына назар аударады. Осыған байланысты банктер өзінің өтімділікке қатысты қажеттіліктеріне қарай, сондай-ақ қаржылық және экономикалық ахуалдарға іштей баға бере отырып, өзінің депозиттік өнімдері бойынша басқа сыйақы мөлшерлемелерін белгілеуге құқылы. Ол Қор бекіткен шекті сыйақы мөлшерлемелерінен айтарлықтай ерекше болуы мүмкін.   

Депозиттердің түрі мен мерзімділігіне сәйкес ҚДКБҚ шекті мөлшерлемелерімен мына кестеден танысып шығуға болады.
Предельные ставки по депозитам в тенге на апрель 2023 года остались без изменений и были сохранены на уровне мартовских значений.

Такое решение было принято Казахстанским фондом гарантирования депозитов ввиду сохранения 27 февраля 2023 года Национальным Банком базовой ставки.

Казахстанский фонд гарантирования депозитов обращает внимание, что банки второго уровня самостоятельно принимают решения о размерах ставок вознаграждения по своим депозитным продуктам. В связи с чем банки, в зависимости от своих потребностей в ликвидности, а также в соответствии с внутренней оценкой финансовой и экономической ситуации, вправе устанавливать иные размеры по своим депозитным продуктам, которые могут существенно отличаться от установленных Фондом предельных ставок вознаграждения.

С предельными ставками КФГД по депозитам в зависимости от их вида и срока можно ознакомиться в таблице.
Достар, біз жарияланымдар сериясын жалғастырамыз. Онда депозиттерді сақтандыру әлеміндегі терминдер мен аббревиатуралардың мағынасын түсіндіреміз. Бүгін біз сіздерге IADI – Депозиттерді сақтандырушылардың халықаралық қауымдастығы туралы әңгімелегіміз келеді. 

🔷 IADI (International Association of Deposit Insurers) 2002 жылы құрылған. Бұл коммерциялық емес қауымдастықтың нақты мақсаты – бүкіл әлем бойынша салымдарға кепілдік беру жүйелерінің тиімділігін арттыру. Ұйымның штаб-пәтері Швейцарияның Базель қаласында орналасқан. 

IADI-ге 93 қатысушы кіреді – олар бүкіл әлемнен банк салымдарын сақтандырушы толық құқықты мүшелер. Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры қауымдастыққа 2003 жылы кірді. IADI қатысушылары ағымдағы жағдайда салымдарды қорғаудың тиімділігін қалай арттыруға болатындығы жолында өзара тәжірибе алмасып отырады.     

Ұйымның ұстанатын негізгі құжаты бар. Бұл IADI-дің депозиттерді сақтандырудың тиімді жүйелеріне арналған негіз болатын қағидаттары. Тіркелген стандарттар озық тәжірибелер үшін минималды талаптарды ұсынады. Қауымдастық мүшелері осы қағидаларды сақтап әрі оларды артығымен орындауға ұмтылулары тиіс.  Қағидаттар қайта қаралуы мүмкін.

Осындай икемді механизм көптеген бағыттар бойынша депозиттерді қорғау стандарттарын өзгертуге, толықтыруға мүмкіндік береді. Бұл дегеніміз кепілді өтемді төлеу тәртібі мен мерзімі, сақтандыру жағдайларына ұйымның дайындығы және олардың үрдісті басқара білетіндігі.

🔷 IADI қатысушылары қауымдастықтың негізге алынған қағидаттарына сүйене отырып, жыл сайынғы кездесулерде екінші деңгейдегі банктерді тарату, кредиттік ұйымдарды қаржылық сауықтыру және олардың банкротқа ұшырау мәселелеріне ерекше назар аударады. Сондай-ақ қаржыландыру механизмдеріне және болашақ сақтандыру төлемдері үшін арнайы резервті қалыптастыру көздеріне жеке тоқталады.

Әр елдің депозиттік ұйымдарының сарапшылары бірлесе зерттеулер жүргізеді, пікір таластырады және салымдарға сапалы кепілдік беру бойынша әдіснамалар әзірлейді. 

Қызықты дерек: Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2023 жылы қаңтарда IADI Еуропалық өңірлік комитетіне мүше болып сайланды. Барлық қатысушылар Қордың комитет құрамына енуіне бірауыздан дауыс берді.  

Қазақстандық салымшылар үшін бұл өте маңызды. Өйткені Қордың комитетке қатысуы үздік халықаралық тәжірибелерді қолдана отырып, банк салымдарына кепілдік беру жүйелерін дамытуға септігін тигізеді.

🔷 ҚДКБҚ Еуразиялық және Азия-Тынық мұхит аймақтарының екі комитетіне қатысушы мәртебесіне ие – IADI-дің бұл екі комитеті мемлекеттер арасындағы өзара әрекеттестік географиясын кеңейте түседі.
Друзья, мы продолжаем серию публикаций, где расшифровываем значение терминов и аббревиатур из мира страхования депозитов. Сегодня мы хотим рассказать вам об IADI - Международной ассоциации страховщиков депозитов.

🔷 IADI (International Association of Deposit Insurers) появилась в 2002 году. У этой некоммерческой ассоциации одна четкая цель – повышать эффективность системы гарантирования вкладов по всему миру. Штаб-квартира организации находится в Швейцарии, в городе Базель. 

В IADI входят 93 участника - это полноправные члены-страховщики банковских вкладов со всего мира. Казахстанский фонд гарантирования депозитов вошел в ассоциацию в 2003 году.

Участники IADI регулярно делятся опытом - как в нынешних реалиях улучшать, повышать эффективность защиты вкладов.

У организации есть ключевой документ, по которому она следует. Это Основополагающие принципы IADI для эффективных систем страхования депозитов. Прописанные стандарты диктуют минимальные требования для передовой практики. Члены ассоциации должны стремиться соблюдать эти правила и перевыполнять. Принципы могут пересматриваться.

Такой гибкий механизм позволяет менять, дополнять стандарты защиты депозитов по многим направлениям. Это срок и порядок выплаты возмещения, готовность организаций к страховым случаям и их умение управлять процессом.

🔷 Участники IADI, опираясь на Основополагающие принципы ассоциации, на ежегодных встречах особое внимание уделяют вопросам ликвидации банков второго уровня, финансового оздоровления и банкротства кредитных организаций. Также отдельно останавливаются на механизмах финансирования и источниках формирования спецрезерва для будущих страховых выплат.

Эксперты депозитных организаций из разных стран совместно проводят исследования, дискутируют и разрабатывают методологию по качественному гарантированию вкладов.

Интересный факт: Казахстанский фонд гарантирования депозитов в январе 2023 года был избран членом Европейского регионального комитета IADI. За вступление Фонда единогласно проголосовали все участники. Для казахстанских вкладчиков это важно, потому что участие Фонда в этом комитете способствует развитию системы гарантирования банковских вкладов с использованием наилучшей международной практики.

🔷 К слову, КФГД имеет статус участника Евразийского и Азиатско-Тихоокеанского регионов – это еще два комитета при IADI, расширяющих географию общения между странами.
Салымдардың тұрақтылығын және тартымдылығын қолдау мақсатында Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры өткен жылы шекті мөлшерлемелерді 19 рет қайта қарады. 

🔷 Шекті немесе максималды сыйақы мөлшерлемелері – жеке тұлғалардың депозиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелерінің шегі. Оларды ҚДКБҚ депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктер үшін белгілейді.

Қор халықтың депозиттері бойынша шекті мөлшерлемелерді 2008 жылдан бастап белгілейді. 2018 жылдың соңынан бастап, ҚДКБҚ теңгелік депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелерді белгілеуде сараланымдық тәсілдемеге көшті – енді мөлшерлемелер депозиттің түрі мен мерзіміне қарай белгіленеді.

Шекті мөлшерлемелерді бекітерде мына логика жұмыс істейді – салым икемсіз және шектеулері көп болған сайын табыстылық мөлшерлемесі де жоғары бола түседі. Мерзімсіз салымдар шарттары бойынша ең икемді салымдар. Сәйкесінше олар бойынша шекті сыйақы мөлшерлемесі теңгедегі басқа депозиттердің ішінде ең төмен. Жинақ салымдар – мерзімінен бұрын алу жағынан үлкен шектеулерге ие және олар бойынша максималды мөлшерлемелер депозиттер нарығында әдетте ең жоғары болып келеді.

Депозиттер бойынша шекті мөлшерлемелер қалай орнатылатыны және олар не үшін қажет екендігі туралы қосымша ақпаратты мына сілтемеден оқыңыз:

https://kdif.kz/kz/press-tsentr/press-relizy/depozitter-boyynsha-shekti-m-lsherlemeler-olar-alay-belgilenedi-zh-ne-ne-shin-kerek-/
В целях поддержания стабильности и привлекательности вкладов Казахстанский фонд гарантирования депозитов только за минувший год пересматривал предельные ставки 19 раз.

🔷 Предельные или максимальные ставки вознаграждения – это «потолок» годовых эффективных ставок вознаграждения по депозитам физических лиц, который определяет КФГД для банков-участников системы гарантирования депозитов.

Фонд устанавливает предельные ставки по депозитам населения с 2008 года. С конца 2018 года КФГД перешел на дифференцированный подход к установлению предельных ставок по депозитам в тенге – теперь ставки устанавливаются в зависимости от вида и срока депозита.

При установлении предельных ставок действует следующая логика – чем меньше у вклада гибкости и больше ограничений, тем выше ставка доходности. Несрочные вклады являются самыми гибкими по условиям, соответственно предельная ставка вознаграждения по ним самая низкая среди других видов депозитов в тенге, сберегательные – имеют наиболее серьезные ограничения по досрочному изъятию, и максимальные ставки по ним обычно самые высокие на рынке депозитов.


Более подробно о том, как устанавливаются предельные ставки по депозитам, и для чего они нужны, читайте по ссылке:

https://kdif.kz/press-tsentr/press-relizy/predelnye-stavki-po-depozitam-kak-oni-ustanavlivayutsya-i-dlya-chego-nuzhny/
Достар, «Апта тақырыбы» аясында біз сіздерге бүгін «салымшы» ұғымын тереңірек түсіндіретін боламыз. 

Жыл өткен сайын қазақстандық екінші деңгейдегі банктерде (ЕДБ) салымшылар саны арта түсуде. Олар қаржылық тұрғыда жинақтарын сақтандырып әрі оларды молайтқысы келетін халық санаттары.

Осылайша салымшы дегеніміз ЕДБ-мен банк салымы шартын жасасқан клиент.

Құжатқа сәйкес банк салымды қабылдайды, сондай-ақ ол бойынша сыйақы төлеуге және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі мен банк салымы шартында көзделген талаптар мен тәртіпке сай оны салымшыға қайтаруға міндеттеледі. 

Атап өту керек, қайтару талаптары, сыйақы мөлшерлемесі, толықтыру және ақшаны ішінара алу мүмкіндігінің бар болуы, осы және өзге де талаптар салымның түріне тікелей тәуелді.       

Банк жүйесінде талап етілмелі және шартты салымдардан басқа, салымдардың мына түрлері бар: 

🔷 мерзімсіз;
🔷 толықтырылатын және толықтырылмайтын мерзімді;
🔷толықтырылатын және толықтырылматын жинақ.

Олардың әрқайсысынан салымшы (жинақ салымнан басқа) ақшаны ішінара немесе толығымен алуға құқылы. Бірақ бұл ретте ол сыйақыдан ішінара немесе толығымен айырылады. Сондықтан банк шарт жасаспай тұрып, клиентке ол таңдаған депозиттік өнімнің негізгі талаптарын айтып, түсіндіруге міндетті. Салымның әрбір түрі бойынша талаптармен сондай-ақ ҚДКБҚ www.kdif.kz сайтындағы «Депозиттер және кепілдіктер» бөлімінен толығырақ танысып шығуға болады.

Маңызды: салымды ашу барысында банк сізге өзінің депозиттерге кепілдік беру жүйесінің қатысушысы екендігі туралы хабарлауы тиіс. Ислам банктерінен басқа банктерде орналасқан депозиттердің барлығы ҚДКБҚ кепілдіктерімен қорғалған. Олар бойынша кепілді өтем заңнамада белгіленген максималды сомалар шегінде төленеді:

🔷20 млн теңге – теңгедегі жинақ депозиттер бойынша;
🔷 10 млн теңге – теңгедегі карточкалар, шоттар және басқа депозиттер бойынша;
🔷 5 млн теңге – шетел валютасындағы карточкалар, шоттар және депозиттер бойынша.

Еске саламыз, ҚДКБҚ сақтандыру жағдайы туындаған кезде (банкті лицензиясынан айыру) мына қаржы құралдарына кепілдік береді:

🔷 салымдар (депозиттер), оның ішінде талап етілмелі және шартты;
🔷 қатысушы банк барлық банк операцияларын жүргізу лицензиясынан айырылған күнге қарай салымдар (депозиттер) бойынша есептелген сыйақылар;
🔷 ағымдағы шоттарды және төлем карточкаларында жатқан ақшалар.

Қосымша ақпаратты сіз қашанда 1460 тегін нөмірі немесе сауалдарыңызды info@kdif.kz поштасына немесе @kdif_ask Тelegram-чатына жолдауларыңызға мүмкіндіктеріңіз бар.