Астанада кассациялық соттар ашылды
✔️ Қазақстан астанасында Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев пен ҚР Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевтың қатысуымен кассациялық соттың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
✔️ Іс-шараға сондай-ақ Жоғарғы Соттың сот алқаларының төрағалары Нұрсерік Шәріпов, Назгүл Рахметуллина және Аслан Түкиев, сондай-ақ Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров қатысты.
✔️ Салтанатты рәсімге қатысушыларға құттықтау сөзінде А.Мерғалиев Мемлекет басшысы Судьялардың IX съезінде сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге, инвестициялар мен бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын жүзеге асыруға бағытталған сот реформасының маңыздылығын ерекше атап өткеніне тоқталды.
✔️ Бұл реформаның негізгі элементі кассациялық соттарды енгізу болды.
✔️ Жоғарғы Сот Төрағасының айтуынша, кассациялық сатының ашылуы сот жүйесі дамуының жаңа кезеңін білдіреді және мемлекеттің сот төрелігінің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге ұмтылысын айғақтайды.
✔️ Мемлекет басшысының Жарлығымен жаңадан тағайындалған кассациялық соттар төрағалар: азаматтық істер бойынша – Асқар Смайылов, қылмыстық істер бойынша – Ақан Жұмағұлов, әкімшілік істер бойынша – Берік Нәжімиденов
сот корпусына таныстырылды.
✔️ Жоғарғы Сот Төрағасы кассациялық соттар еліміздегі «Заң мен тәртіп» іргелі қағидатын бекіте отырып, заң үстемдігін қамтамасыз етудің тиімді буынына айналатынына сенім білдірді.
✔️ Ресми шарадан кейін қатысушылар азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соттар ғимараттарының тұсаукесерімен танысты, сондай-ақ әкімшілік істер жөніндегі кассациялық соттың кеңселері: фронт-офисті, сот отырысы залдарын, судьялар, прокурор, медиатор, адвокат және оқу орталығын қарап шықты.
✔️ Одан кейін А.Мерғалиев пен Е.Жиенбаев кассациялық сатылардың судьялар құрамымен жұмыс кеңесін өткізді, оның барысында басымдықтар айқындалып, нақты міндеттер белгіленді.
✔️ Сол күні Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакиров кассациялық соттар департаментінің ұжымына оның жаңа басшысы – бұрын Сот әкімшілігінің Алматы қаласы бойынша департамент басшысы болған Ержан Қожахметовті таныстырды.
сот корпусына таныстырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM