ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.8K subscribers
2.79K photos
186 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
А.Мерғалиев Беларусь Жоғарғы сотының судьяларымен кездесу өткізді
 
◾️
Қазақстан Жоғарғы Сотының Төрағасы А.Мерғалиев Минск қаласына жұмыс сапары барысында Беларусь жоғары сот органының төрағасы Валентин Сукаломен және осы соттың сот корпусымен кездесу өткізді.

◾️Кездесу барысында В.Сукало тәжірибе алмасудың жоғары кәсіби деңгейіне, сот төрелігінің тәуелсіздігі мен тиімділігі тәсілдерін іске асыруға, сот әкімшілігіндегі прогрессивті жаңашылдықтарды интеграциялауға қызығушылықты атап өтті.

◾️А.Мерғалиев әңгімелесу барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот реформасы туралы айта келіп, сот төрелігінің сапасы мен соттардың тәуелсіздігін арттыру, сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейту және цифрландыруды дамыту шараларын атап өтті.

◾️ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы беларусьтік әріптестерімен бірлесіп, сот жүйесін жаңғырту – сот ісін жүргізу сапасын арттыру, медиация мен әкімшілік әділетті дамыту мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасты.

◾️Беларусь Республикасының судьялары қазақстандық сот ісін жүргізуді цифрландыруға, сот төрелігінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру үшін IT-технологияларды пайдалануға қызығушылық танытты.

◾️Соңында В.Сукало Қазақстандағы сот реформаларының жүзеге асырылу қарқынын атап өтіп, сот корпусына сот билігінің негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізуді тіледі.

◾️Кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға екі жақты қызығушылық танытып, тәжірибе алмасу елдердің дамуына қосымша серпін беретініне сенім білдірді.
👍22
А.Мергалиев провел встречу с судьямиВерховного Суда Беларуси
 
◾️Председатель Верховного Суда Казахстана А.Мергалиев в ходе рабочей поездки в Минск провел встречу с Председателем высшего судебного органа Беларуси Валентином Сукало и судейским корпусом этого суда.

◾️В.Сукало в ходе встречи отметил заинтересованность в высоком профессиональном уровне обмена опытом, имплементации подходов обеспечения независимости и эффективности правосудия, интеграции прогрессивных нововведений в судебном администрировании.

◾️А.Мергалиев в формате живого общения, говоря о проводимой судебной реформе в Казахстане, отметил меры по повышению качества отправления правосудия и независимости судов, расширению доступа к правосудию и развитию цифровизации.

◾️Председатель ВС РК вместе с белорусскими коллегами обменялись конструктивными мнениями по вопросам модернизации судебных систем – повышении качества судопроизводства, развитии медиации и административной юстиции.

◾️Судьи РБ проявили интерес к цифровизации казахстанского судопроизводства, применению IT-технологий для повышения эффективности и доступности правосудия.

◾️В.Сукало в завершение отметил темпы реализации судебных реформ в Казахстане, пожелал судейскому корпусу добиться ключевых показателей независимости судебной власти.

◾️Участники встречи выразили обоюдную заинтересованность в развитии взаимовыгодного сотрудничества и уверенность в том, что обмен опытом послужит дополнительным импульсом к развитию стран.
👍20🔥2👏21
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 А.Мерғалиев Беларусь Жоғарғы сотының судьяларымен кездесу өткізді

🎥 А.Мергалиев провел встречу с судьями Верховного Суда Беларуси
👍27🔥2👏21
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау мәселелері талқыланды
 
◾️ Жоғарғы Сотта «Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істерді қараудағы сот практикасының проблемалық мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

◾️ Оның жұмысына Жоғарғы Соттың судьялары, Республикалық адвокаттар алқасының, Бас прокуратураның, Ішкі істер және Әділет министрліктерінің, Қаржы мониторингіагенттігінің, Сот сараптамасы орталығының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Сот әкімшілігінің және т.б. өкілдері қатысты.

◾️ Форумды ашқан Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау, оның ішінде кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан қорғау жөнінде мемлекет тарапынан жүйелі түрде қабылданып жатқан шараларды атап өтті.

◾️ Баяндамашы Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында құқық қорғаудағы шектен шығушылықтарды жоюға және өзекті мәселелер бойынша нақты, салмақты құқықтық ұстанымдарды әзірлеуге Жоғарғы Соттың назарын аударды.

◾️ Республикалық адвокаттар алқасының (РАА) төрағасы Айдын Бікебаев Жоғарғы Соттың азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жаңашылдықтарды – кассациялық сатының енгізілуін, сот төрелігінің сапасын, тергеу соттарының жұмысын жақсартуды, электронды білезіктерді қолдану аясын кеңейтуді тиімді деп атады.

◾️ Адвокаттардың мәртебесін арттыру және олардың қызметіне кедергі келтірмеу шаралары да атап өтілді.

◾️ Жоғарғы Сот судьясы Асқаржан Кенжеғарин сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының аяқталған операциялар бойынша шот-фактуралардың, оның ішінде төленген салық сомасын анықтау үшін (салық төлеуден жалтарған жағдайда) бастапқы есепке алу құжаттарының болуын жан-жақты тексерудің маңызды екеніне назар аударды.

◾️ Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов ұрлық 53 пайызға азайғанын және алаяқтық, киберқылмыстың өзге де түрлері, несие және банк секторында өскенін атап өтті. Ол мұндай қылмыстарды тіркеу тәртібін нақты әзірлеу қажеттілігіне және олардың азаматтық-құқықтық қатынастар ретінде анық көрсетілмейтініне назар аударды.

◾️ Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру және қаржы пирамидаларының қызметіне қатысты Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау қажет деп санады.

◾️ РАА төрағасының орынбасары Игорь Вранчев тергеу судьяларының кейбір мәселелерін және сараптамалардың сәйкессіздігін атап өтті.

◾️ Сондай-ақ құқық қорғау мәселелері бойынша Бас прокуратураның басқарма бастығы Дулат Әубәкіров, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары, ҚР Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі уәкілі Қанат Нұров сөз сөйледі.

◾️ Сындарлы пікірталас өтті. Форумға қатысушылардың ұсыныстары бойынша Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысының жобасында қорытулар жасалады.
👍19
Обсуждены вопросы правоприменения по уголовным правонарушениям в сфере экономической деятельности
 
◾️ Верховный Суд провел на тему: «Проблемные вопросы судебной практики рассмотрения дел об уголовных правонарушениях в сфере экономической деятельности».

◾️ В его работе приняли участие судьи ВС, представители республиканской коллегии адвокатов, Генеральной прокуратуры, министерств внутренних дел и юстиции, Агентства по финансовому мониторингу,  Центра судебных экспертиз, НПП «Атамекен», Судебной администрации и др.

◾️ Открывая форум, председатель судебной коллегии по уголовным делам ВС Назгуль Рахметуллина отметила меры, которые последовательно предпринимаются государством по созданию благоприятной среды для ведения бизнеса, в том числе в части защиты предпринимателей от необоснованного уголовного преследования.

◾️ Спикер обозначила нацеленность ВС в рамках поручений Главы государства наустранение перегибов в правоприменении и выработку четких, взвешенных правовых позиций по актуальным вопросам.

◾️ Председатель Республиканской коллегии адвокатов Айдын Бикебаев назвал эффективными преобразования ВС по защите прав граждан – введении кассационной инстанции, улучшении качества правосудия, работе следственных судов, расширении применения электронных браслетов.

◾️ Отмечены также меры по повышению статуса адвокатов и воспрепятствованию их деятельности.

◾️ Судья ВС Аскаржан Кенжегарин акцентировал внимание на значимости всесторонней проверки органами досудебного расследования счетов-фактур по совершенным сделкам, в том числе наличии первичных учетных документов для определения размера уплачиваемого налога (при уклонении от уплаты налогов).

◾️ Заместитель Министра внутренних дел Санжар Адилов констатировал на 53% снижение краж и рост фактов мошенничества, разного рода киберпреступности, кредитно-банковской сфере. Обратил внимание на необходимости четкой выработки порядка регистрации такого рода преступлений и частой их завуалированности под гражданские правоотношения.

◾️ Заместитель Председателя Агентства по финансовому мониторингу Женис Елемесов посчитал необходимым принятия нормативных постановлений ВС о легализации имущества, полученного преступным путем и деятельности финансовых пирамид.

◾️ Заместитель председателя РКА Игорь Вранчев обозначил некоторые вопросы следственных судей и противоречивости экспертиз.

◾️ По вопросам правоприменения выступили также начальник управления Генеральной прокуратуры Дулат Аубакиров, Заместитель Председателя НПП «Атамекен» и Уполномоченный по защите прав предпринимателей РК Канат Нуров.

◾️ Состоялось конструктивное обсуждение. Прозвучавшие предложения участников форума будут обобщены в проекте соответствующего нормативного постановления ВС.
 
👍232👏2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥24kz” телеарнасы

✔️ Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша құқық қорғау мәселелері талқыланды
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 телеканал “24kz”

✔️ Обсуждены вопросы правоприменения по уголовным правонарушениям в сфере экономической деятельности
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍24👏2
◾️ Елорда тұрғыны көші-қон қызметіне ұлтын «беларусьтан” «неміс” ұлтына өзгерту туралы өтінішпен жүгінген.

◾️ Атасының туу туралы куәлігінде «ұлты» деген бағанда арғы атасы мен әжесі де «немістер» деп көрсетілген. Бұл, оның пікірінше, жақын туыстары неміс ұлтынан болғанын растайды.

◾️ Алайда, көші-қон қызметі Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 65-бабына сілтеме жасай отырып, жазбаша бас тартуды берген, оған сәйкес туған кездегі ұлты ата-анасының ұлтына қарай белгіленеді және тек өзге ата-ананың ұлтына өзгертілуі мүмкін.

◾️ Астана қаласының МАӘС-ы көші-қон қызметінің бас тартуын заңсыз деп танып, ведомствоның әрекеті Конституцияның және «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің нормаларына қайшы келетінін атап өткен.

◾️ Конституциялық Сот «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекстің 65-бабының ата-анасының ұлтынан басқа ұлтын анықтаудың және өзгертудің өзге де тәсілдерін көздемейтін бөлігінде, ата-анасының ұлты белгісіз немесе азаматтардың заңды мүдделері қозғалған жағдайларда Конституцияға сәйкес емес деп таныды. Бұл ретте ата-анасының ұлтын тануы рұқсат етілген болып қалады (Конституциялық Соттың 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 70-НҚ нормативтік қаулысы).

◾️ Конституциялық Сот ұлттық және халықаралық заңнама нормаларын, сот практикасын және шетелдік тәжірибені зерделей келе, ұлтын анықтау тұлғаның өзін-өзі сәйкестендіруімен байланысты және тек шығу тегіне ғана емес, басқа да мән-жайларға негізделетінін атап өтті. Ұлт адамның ішкі еркіндігін көрсете алады және құқықтық мәнге ие болады.

◾️ «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 65-бабының қолданыстағы редакциясында мұндай өмірлік жағдайлар ескерілмейді, бұл Конституцияның әркімге өзінің ұлтын дербес анықтау құқығын беретін 19-бабының 1-тармағына қайшы келеді.

◾️ Конституциялық Соттың құқықтық ұстанымын ескере отырып, ата-анасының ұлтын ғана емес, сонымен бірге басқа жақын туыстарының, баланы тәрбиелеп отырған адамдардың, сондай-ақ басқа да объективті және сенімді дәлелдемелерді ескеруге жол беріледі.

◾️ Талап қоюшының жақын туыстары немістер болған, саяси қуғын-сүргінге ұшырап, ұлтын өзгертуге мәжбүр болған. Талап қоюшы неміс қоғамдастығының қызметіне белсенді қатысады, неміс мәдениетін сақтауға және дамытуға үлес қосады.

◾️ Оның ата-бабаларымен берік байланысын, өзінің этникалық ерекшелігін сақтауға ұмтылысын және істің мән-жайын ескере отырып, сот арызды қанағаттандырудан бас тарту оның конституциялық құқықтарын бұзады деп тапты.

◾️ Сот ІІМ Көші-қон қызметі комитетіне талап қоюшының ұлтын «беларусьтан” “неміс» ұлтына ауыстыру жөнінде мемлекеттік қызметті көрсету бойынша әкімшілік рәсімді аяқтауды міндеттеді.

https://t.me/astanasottary
👍17
◾️ Жительница столицы обратилась в миграционную службу с заявлением об изменении национальности с «белоруски» на «немку».

◾️ В актовой записи о рождении её дедушки в графе «национальность» у прадеда и прабабушки значится «немцы». Это, по её мнению, подтверждает немецкое происхождение по линии ближайших родственников.

◾️ Однако миграционной службой был предоставлен письменный отказ со ссылкой на статью 65 Кодекса Республики Казахстан «О браке (супружестве) и семье» (КоБС), согласно которой национальность по рождению определяется национальностью родителей и может быть изменена лишь на национальность другого родителя.

◾️ СМАС г. Астаны признал отказ миграционной службы незаконным, отметив, что действия ведомства нарушают положения Конституции и КоБС.

◾️ Конституционный Суд признал статью 65 КоБС неконституционной в части, не предусматривающей иные способы определения и изменения национальности, помимо родительской, в случаях, когда национальность родителей неизвестна либо затрагиваются законные интересы граждан. При этом признание национальности по родителям остаётся допустимым (Нормативное постановление Конституционного Суда от 16 апреля 2025 года № 70-НП).

◾️ Конституционный Суд, исследовав нормы национального и международного законодательства, судебную практику и зарубежный опыт, отметил, что определение национальной принадлежности связано с самоидентификацией личности и основывается не только на происхождении, но и на иных обстоятельствах. Национальность может отражать внутреннюю свободу человека и иметь правовое значение.

◾️ Действующая редакция статьи 65 КоБС не учитывает подобные жизненные ситуации, что противоречит пункту 1 статьи 19 Конституции, предоставляющему каждому право на самостоятельное определение своей национальности. С учётом правовой позиции Конституционного Суда допустимо учитывать не только национальность родителей, но и других близких родственников, лиц, воспитывавших ребёнка, а также иные объективные и достоверные доказательства.

◾️ Близкие родственники истца были немцами, подвергались политическим репрессиям и были вынуждены изменить свою национальность. Истец активно участвует в деятельности немецкой общины, вносит вклад в сохранение и развитие немецкой культуры.

◾️ Учитывая её прочную связь с предками, стремление к сохранению этнической идентичности и обстоятельства дела, суд признал, что отказ в удовлетворении заявления нарушает её конституционные права.

◾️ Суд обязал Комитет миграционной службы МВД завершить административную процедуру по оказанию государственной услуги по изменению национальной принадлежности истца с «белоруски» на «немку».

https://t.me/astanasottary
👍313🔥1
◾️ 2016 жылы сот бұйрығымен жеке сот орындаушысы (ЖСО) Қостанай қаласының тұрғынынан бұрынғы әйелінің пайдасына ортақ балалары – 7 жасар қызы мен 10 жасар ұлын асырау үшін алимент өндіру туралы атқарушылық іс қозғаған.

◾️ Екі айдан кейін талап қоюшы қайтыс болып, балалар әкесінің қамқорлығына беріген, олар осы күнге дейін бірге тұрады.

◾️ Алайда 2016 жылдан 2025 жылға дейін әкесіне қатысты атқарушылық іс жүргізу тоқтатылмаған. Оның үстіне, осы 9 жыл ішінде ЖСО тоқсан сайын алимент берешегін есептеп, 2024 жылдың тамызына дейін 2 млн теңгеден асқан.

◾️ Атқарушылық іс жүргізу аясында борышкердің жалақысына бұғаттау қойылып, оның банктік шоттарына, жылжымалы және жылжымайтын мүліктеріне тыйым салынған. Бұл отбасын, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларды қамтамасыз етуде елеулі қиындықтарға әкеліп соққан.

◾️ Борышкер атқарушылық іс жүргізу бар екендігі туралы және алимент бойынша берешекті анықтау туралы қаулыны тек жалақысына бұғаттау қойылғаннан кейін ғана білген.

◾️ Осыған байланысты, ол берешекті анықтау туралы қаулыға және атқарушылық іс жүргізуді тоқтатпау туралы көрсетілген ЖСО-ның әрекетсіздігіне шағымданып, сотқа талап қоюмен жүгінген.

◾️ Ол әрекеттерді заңсыз деп тануды, атқарушылық іс жүргізуді тоқтатуды және олардың аясында қабылданған барлық шараларды жоюды талап еткен.

◾️ Сот істі қарай отырып, өндіріп алушының қайтыс болуы атқарушылық іс жүргізуді тоқтату үшін сөзсіз негіз болып табылатынын көрсетті.

◾️ ЖСО-ның атқарушылық әрекеттерді жалғастыруға заңды негіз болған жоқ, осыған байланысты іс жүргізу барлық шектеулердің күшін жоюмен қысқартылуға жатады.

◾️Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты талап қоюды толығымен қанағаттандырды. Шешім дереу орындалуға жатады.

◾️ Істі қарау қорытындысы бойынша Әділет министрлігіне және Қостанай облысының Әділет департаментіне ЖСО-на қатысты шара қолдану және алдағы уақытта осындай жағдайларға жол бермеу туралы талаппен жеке ұйғарым шығарылды.

◾️ Апелляциялық саты сот актілерін өзгеріссіз қалдырды.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
👍8🔥81
◾️ В 2016 году по судебному приказу частный судебный исполнитель (ЧСИ) возбудил исполнительное производство о взыскании алиментов с жителя Костаная в пользу его бывшей супруги на содержание общих детей — тогда 7-летней дочери и 10-летнего сына.

◾️ Через два месяца взыскательница скончалась, и дети перешли на воспитание к отцу, с которым продолжают проживать по сей день.

◾️ Однако исполнительное производство в отношении отца не было прекращено с 2016 по 2025 год. Более того, на протяжении этих 9 лет ЧСИ ежеквартально исчислял задолженность по алиментам, которая к августу 2024 года превысила 2 млн тенге.

◾️ В рамках исполнительного производства была заблокирована зарплата должника, а также наложены аресты на его банковские счета, движимое и недвижимое имущество. Это привело к серьёзным затруднениям в обеспечении семьи, включая несовершеннолетних детей.

◾️ Должник узнал о наличии исполнительного производства и о постановлении об определении задолженности по алиментам только после ареста его заработной платы.

◾️ В связи с этим он обратился в суд с иском к ЧСИ, оспаривая постановление об определении задолженности и бездействие ЧСИ, выразившееся в непрекращении исполнительного производства. Он требовал признать действия незаконными, прекратить исполнительное производство и отменить все принятые в его рамках меры.

◾️ Суд, рассмотрев дело, указал, что смерть взыскательницы является безусловным основанием для прекращения исполнительного производства. У ЧСИ отсутствовали правовые основания для продолжения исполнительных действий, в связи с чем производство подлежит прекращению с отменой всех ограничений.

◾️ Специализированный межрайонный административный суд Костанайской области удовлетворил иск в полном объёме. Решение подлежит немедленному исполнению.

◾️ По результатам рассмотрения дела в адрес Министерства юстиции и Департамента юстиции Костанайской области вынесено частное определение с требованием принять меры в отношении ЧСИ и предотвратить подобные случаи в будущем.

◾️ Апелляционная инстанция оставила судебные акты без изменений.

https://t.me/QostanaiOblystyqSoty0
👍301
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
‼️ Сот төрелігіндегі заманауи тәсілдер: цифрландыру және жасанды интеллектіні қолдану

‼️ Современные подходы в правосудии: цифровизация и использование ИИ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥17👍95👏2💯1