ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.8K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️ Дау отбасылық жанжалдарды да, ата-ана құқықтары мен балалардың мүдделеріне қатысты мәселелердің өзектілігін де көрсетті.

◾️ Үш баласы бар ерлі-зайыптылар ажырасып кеткен.

◾️ Балалар көбінесе әкесімен бірге уақыт өткізетін, ол оларды анасына хабарламастан немесе оның рұқсатынсыз алып кетіп отырған, бұл оның өз балаларының өмірін бақылауды жоғалтып аламын алаңдаушылығын тудырған.

◾️ Балалардың анасымен бірге тұруына қарамастан, әкелеріне жиі бару түсініспеушілік пен айла-шарғылардың көзіне айналды, бұл отбасында елеулі эмоционалдық шиеленіске әкелді.

◾️ Мектепте балалардың үлгерімі төмендеген, сол себепті НЗМ-де оқитын біреуі оқудан шығарылған.

◾️ Әкелерімен сөйлескеннен кейін балалардың мінез-құлқы өзгерген, олар анасымен сөзге келіп қалатын болған, әкесі берген ақшаға балалар бәс тігу арқылы ойында ұтылған.

◾️ Оның бұрынғы күйеуі балалардың анасының сөздерінен еш қорытынды шығармаған.

◾️ Полиция мен прокуратураға хабарласқан ана бірнеше рет жағдайды бейбіт жолмен шешуге тырысқанымен, қалағанына қол жеткізе алмай, Шымкенттегі кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына балалардың әкесімен қарым-қатынас тәртібін анықтау үшін талап қоюмен жүгінген.

◾️ Сот отырысында судья екі жақты мұқият тыңдап, балалардың мүдделерін ескере отырып, оларды татуластыруға тырысты.

◾️ Нәтижесінде, тараптар медиация келісімін жасау туралы келісімге келді, оның талаптары бойынша: балалардың тұрғылықты жері анасымен белгіленеді, әкенің анасының келісімінсіз балалармен кездесуге құқығы жоқ, әкенің балаларына барған кезінде олардың анасы осыны білуі керек.

◾️ Мұндай дау-дамайдағы татуласу күрделі отбасылық мәселелерді сындарлы шешудің және балалардың өміріндегі келісімге, олардың балаларының өмірінде тәртіпті қалпына келтіруге және олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының нақты ережелерін орнатуға қадам жасаудың үлгісі болып табылады.

◾️ Жағдайды бақылауды жалғастыра отырып, сот келісімнің орындалуына және балалардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік беруі және олардың ата-анасының екеуімен де қолайлы және қауіпсіз ортада қарым-қатынасты қамтамасыз етуге ұмтылуы маңызды.

◾️ Анықтама заңды күшіне енген жоқ.

https://t.me/shymkent_sottary
◾️ Спор стал отражением и семейных конфликтов, и остроты вопросов, связанных с правами родителей и интересами детей.

◾️ Супруги, имевшие троих совместных детей, развелись.

◾️ Дети часто проводили время у отца, который забирал их без ведома и согласия матери, что вызывало у нее беспокойство и ощущение утраты контроля над жизнью своих детей.

◾️ Несмотря на то, что дети жили с матерью, частые визиты к отцу становились источником непонимания и манипуляций, привело к значительному эмоциональному напряжению в семье.

◾️ В школе у детей снизилась успеваемость, из-за чего обучавшийся в НИШ один из них был отчислен.

◾️ После общения с отцом у детей менялось поведение, они начинали ругаться с матерью, деньги которые давал им отец, дети проигрывали в игротеке, делая ставки.

◾️ На замечания матери ее бывший супруг никак не реагировал.

◾️ Обращаясь в полицию и прокуратуру, мать не раз пыталась уладить ситуацию мирным путем, однако, добиться желаемого не смогла и направила в специализированный межрайонный суд по делам несовершеннолетних г.Шымкента иск об определении порядка общения детей с отцом.

◾️ Судья на процессе внимательно выслушала обе стороны и попыталась примирить их с учетом интересов детей.

◾️ В результате стороны согласились на заключение медиативного соглашения, по его условиям: установлено место проживания детей с матерью, отец не вправе встречаться с детьми без согласия матери, при посещении детей отца, мать должна быть осведомлена об этом.

◾️ Примирение в таком споре – пример конструктивного решения сложных семейных вопросов и шаг к гармонии в жизни детей, восстановлению порядка в их жизни детей, установлению четких правил их общения с родителями.

◾️ Продолжая мониторить ситуацию, суду важно гарантировать исполнение соглашения и защиту интересов детей, стремиться к тому, чтобы они могли поддерживать отношения с обоими родителями в комфортной и безопасной обстановке.

◾️ Определение не вступило  в законную силу.

https://t.me/shymkent_sottary
Сот әкімшілігі: сот ғимараттарына ағымдағы жөндеу

◾️ СӘ қызметінің басым бағыттарының бірі - азаматтар үшін сот төрелігінің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған сот инфрақұрылымын жаңғырту.

◾️ Елімізде соңғы жылдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп салынған 30-дан астам сот ғимараттармен қатар, 2024 жылдың өзінде 80-нен астам сот ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда:

- Алматы облысының Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ аудандық сотының сот ғимараттарында қасбеттерді әрлеу, дренажды орнату, дәліздердің, кеңселер мен сот залдарының қабырғаларын әктеу, есіктерді ішінара ауыстыру, еден төсеу және т.б.

◾️ Жаңа есіктер, еден және жарық қабырғалар жайлы атмосфера жасайды.

◾️ Қозғалысы шектеулі адамдарға қолжетімділікті жақсарту үшін тиісті жол белгілері орнатылды.

◾️ Шығыс Қазақстан облысының Зайсан аудандық сотының ғимаратында инженерлік желілер тартылған бөлме салынды, су жылытқышы орнатылды, қабырғаға және еденге плитка төселді және т.б.

◾️ Бұл ғимараттың функционалдығын жақсартып, санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз етті.
Судебная администрация: текущий ремонт зданий судов
 
◾️ Один из приоритетов в деятельности СА – модернизация судебной инфраструктуры, нацеленная на повышение эффективности и доступности правосудия для граждан.

◾️ Помимо построенных в последние годы в стране, в т.ч. совместно с местными исполнительными органами, более 30 зданий судов, только в 2024 году проведены ремонтные работы в более 80 зданиях судов. Так,
 
- в зданиях суда г.Қонаев и Енбекшиказахском райсуда Алматинской области выполнены отделка фасада, монтаж водостока, побелка стен в коридорах, кабинетах и залах судебных заседаний, частичная замена дверей, напольного покрытия и т.д.

◾️ Новые двери, напольное покрытие и светлые стены создают комфортную атмосферу.

◾️ Для улучшения доступности маломобильных групп населения установлены соответствующие дорожные знаки.
 
◾️ В здании Зайсанского райсуда Восточно-Казахстанской области построено помещение с проведением инженерных сетей, установлением водонагревателя, уложением настенной и напольной плитки и др.

◾️ Это улучшило функциональность здания с обеспечением санитарных удобств.
 Қазақстанның сот жүйесінің жетістіктері: Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия Президентінің пікірі

◾️ Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның (CEPEJ) Президенті Франческо Депаскуале ұйымның ресми сайтында 2024 жылдың қазан айында Астанада өткен ҚР Судьяларының IX съезінде және Қазақстан Республикасындағы Сот әкімшілігін дамыту стратегиясын талқылауға арналған дөңгелек үстелде жасаған баяндамаларын жариялады.

◾️ Еліміздің сот жүйесін цифрландыру, істерді қарау мерзімдерін қысқарту, инновациялық технологияларды енгізу және сот төрелігінің тәуелсіздігін нығайтудағы жетістіктеріне басты назар аударылады:

1. Электронды соттарды, қашықтықтан тыңдауды және құжаттарға онлайн қолжетімділікті енгізудің арқасында Қазақстан CEPEJ елдері арасында сот жүйесін цифрландыру бойынша 4-ші орында;

2. Азаматтық және коммерциялық істерді қараудың орташа уақыты 48 күнді құрайды, бұл еуропалық стандарттардан айтарлықтай жылдамырақ;

3. Қазақстанда деректерді талдау және процестерді автоматтандыру үшін жасанды интеллект белсенді түрде енгізілуде, бұл сот шешімдерінің дәлдігі мен жылдамдығын арттырады;

4. Тәуелсіз сот әкімшілігі моделін енгізу саяси ықпалсыз соттарды қаржыландыру мен тәуелсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі;

5. Электронды сот төрелігі сот жүйесіне, оның ішінде халықтың осал топтары мен шалғай аймақтардың тұрғындарына қолжетімділікті кеңейтіп, оны анағұрлым қолжетімді және әділ етеді.

◾️ Астанаға сапары аясында Ф.Депаскуалені Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев қабылдады.
 
Баяндамалардың түпнұсқа мәтіні мына жерде орналастырылған:

https://www.coe.int/en/web/cepej/-/cepej-president-visited-kazakhstan

Анықтама:

Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссия (CEPEJ) Еуропа Кеңесіне мүше 47 мемлекеттің сарапшыларынан құралған сот органы.

CEPEJ оған мүше мемлекеттердегі сот жүйелерінің тиімділігі мен сапасын арттыру арқылы Еуропалық сотқа түсетін жүктемені азайту үшін құрылған.

Еуропадағы сот төрелігінің тиімділігі мен жұмыс істеуін жақсарту құралдарын әзірлейді, ғылыми-зерттеу институттарымен байланыстарды дамытады, білікті тұлғаларды, үкіметтік емес ұйымдарды шақырады, тыңдаулар жүргізеді, сот мамандарының желілерін дамытады.