ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.9K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️Шымкенттің 70 жастағы тұрғынының жеке меншігінде тұрғын үйі болған.

◾️Оның қызы қарызын өтеуді талап еткен несие берушіге қомақты сомада қарыз болып қалған. Банктер үй иесіне несие беруден бас тартқан.

◾️Осыған байланысты несие беруші бұл үйді кепілге қойып, банктен өзі несие алуға уәде беріп, тіпті үй иесінің үйін кепілге «қоюға» және банк несиесінің үй иесінің қызының өзіне тиесілі бөлігін өзіне қалдыруға уәде беріп, қолхат жазып берген. Қалған соманы өзіне қайтаруға және банкке несиені төлегеннен кейін үйді қайта рәсімдеуге келіскен.

◾️Нотариусте сатып алу-сату шарты жасалған.

◾️Одан кейін үйді «сатып алушы» банкке кепілге қойып, несие алған.

◾️Мүлік иесі үйді сатып алу-сату шарты нотариуспен жасалғанын түсініп, сатып алу-сату шарттарын және кепілді жарамсыз деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

◾️Шымкент қаласының азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соты істі зерттей келе, мәміле бір жыл бұрын жасалғанына қарамастан, сатушы мен оның отбасы әлі күнге дейін үйде тұратынын, т.б. оны «сатып алушының» меншігіне бермегенін, ол, өз кезегінде, шартта көрсетілген үйдің бағасын төлемегенін атап өткен.

◾️Сондықтан «сатушы» өзінің жалғыз баспанасын сатқысы келмеген, ал сатып алу-сату шарты оның қызының борыштық міндеттемелерін кепіл шартының орнына қамтамасыз ету үшін жасалған, сондықтан жалған мәміле болып табылады.

◾️Сот талап қоюды қанағаттандырды: тұрғын үйге қатысты сатып алу-сату және кепілдік шарттар жарамсыз деп танылды.

◾️Апелляция шешімді күшінде қалдырды.
◾️70-летняя жительница Шымкента имела в собственности жилой дом.

◾️Ее дочь задолжала крупную сумму кредитору, которая требовала возврата долга. Банки отказали в займе собственнику дома.

◾️Кредитор в связи с этим пообещала сама взять в банке заем под залог этого дома и даже написала расписку, пообещав «поставить» в залог дом собственника и от банковского займа оставить себе часть, которую задолжала ей дочь собственника дома. Оставшуюся сумму обязалась вернуть ей и переоформить на нее дом обратно после выплаты банку кредита.

◾️У нотариуса был составлен договор купли-продажи.

◾️После «покупатель» дома заложила его в банке и получила кредит.

◾️Собственник жилья, поняв, что у нотариуса была заключена сделка купли-продажи дома, обратилась в суд с иском о признании договоров купли-продажи и залога недействительными.

◾️Межрайонный суд по гражданским делам г.Шымкента, рассмотрев дело, отметил, что хотя сделка совершена год назад, продавец со своей семьей по сей день живет в доме, т.е. не предоставила его во владение «покупателя», которая, в свою очередь, не выплатила указанную в договоре стоимость дома.

◾️Следовательно, «продавец» не хотела продавать свое единственное жилье, и договор купли-продажи заключен для обеспечения долговых обязательств ее дочери вместо договора залога, потому является мнимой сделкой.

◾️Суд удовлетворил иск: договора купли-продажи и залога касательно жилого дома признаны недействительными.

◾️Апелляция оставила решение в силе.
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Президент түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген бір топ қыз-келіншекке жоғары мемлекеттік наградалар тапсырды

⚡️Президент вручил высокие государственные награды ряду женщин за их вклад в развитие страны

t.me/aqorda_resmi
А.Мерғалиев Жоғарғы Соттың әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады
 
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиев жоғары сот органындағы әйелдерді «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» құттықтады.

◾️«Сіздердің жұмыстарыңыз – жай жұмыс емес, бұл күнделікті жауапкершілік, жоғары тәртіп, адалдық пен әділдікке ұмтылу. Сіздер ең маңызды шешімдерді қабылдап қана қоймай, сонымен бірге әрбір адамға әділетті қоғамның бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік беретін сот төрелігіне сенім атмосферасын қалыптастырасыздар. Сіздердің бойларыңызда күш-жігер, даналық және тектілік бар. Сіздердің білімдеріңіз, кәсіпқойлықтарыңыз және іскерліктеріңіз зор құрмет пен мойындауға лайық», – деді А.Мерғалиев өз сөзінде.

◾️Ол мереке қарсаңында сот жүйесін дамытудағы еңбегі, адал және белсенді қоғамдық қызметі үшін 2 судья мен отставкадағы 1 судья мемлекеттік, 78 судья – ведомстволық наградалармен марапатталғанын атап өтті.

◾️Жоғарғы Сот Төрағасы барша әйелдерге шын жүректен әрқашан әдемі, дана, бақытты, оптимист болуын, істеріне сәттілік пен мықты денсаулық тіледі.

◾️Соңында марапаттау рәсімі болды.

◾️Осы күні Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров ұжымды құттықтап, бірқатар қызметкерлерге марапаттар, оның ішінде 2-еуіне мемлекеттік награда тапсырды.
А.Мергалиев поздравил женщин Верховного Суда с Международным женским днём

◾️Председатель Верховного Суда Асламбек Мергалиев поздравил женщин высшего судебного органа с Международным женским днем – 8 марта.

◾️«Ваш труд – не просто работа, это ежедневная ответственность, высокая дисциплина, принципиальность и стремление к справедливости. Вы не только принимаете важнейшие решения, но и создаете атмосферу доверия к правосудию, позволяя каждому ощущать себя частью справедливого общества. Вы – воплощение силы, мудрости и благородства. Ваши знания, профессионализм и самоотверженность заслуживают глубокого уважения и признания», - отметил А.Мергалиев.

◾️Он сообщил, что в преддверии праздника за заслуги в развитии судебной системы, добросовестную и активную общественную деятельность две судьи и одна судья в отставке награждены государственными наградами, 78 судей – ведомственными наградами.

◾️Председатель ВС сердечно пожелал всем женщинам всегда оставаться красивыми, мудрыми и счастливыми, оптимизма, удачи в делах и здоровья.

◾️В завершение состоялась церемония награждения.

◾️В этот же день Руководитель Судебной администрации Наиль Ахметзакиров поздравил коллектив и вручил ряду сотрудников награды, в т.ч. 2 – государственные.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥 А.Мерғалиев Жоғарғы Соттың әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

🎥 А.Мергалиев поздравил женщин Верховного Суда с Международным женским днём
Жоғарғы Сот Төрағасы Асламбек Мерғалиевтің Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы

Құрметті ханымдар!


Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі – «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен» шын жүректен құттықтаймын.

Бұл күндері барлық ұжымда, әр отбасында аяулы аналарға, жарларға, әпке-қарындастарға, қыздарымыз бен әріптестерге деген ең ізгі, ең жылы лебізімізді құрметпен, қошеметпен айтамыз.

Еліміздегі судьялар мен сот қызметкерлерінің жартысынан астамы – әйелдер. Бұл көбінесе табандылық, даналық, шыдамдылық танытып, дауласушы тараптарды татуластыруға деген ұмтылыстарыңызға байланысты, сіздерге төзімділік пен байсалдылық тән және шешімдеріңізге мұқиятсыздар.

Құрметті ханымдар!

Шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүректеріңіз жылуға толсын және әрдайым құрметке бөлене беріңіздер.

Сіздерге амандық пен бақ-береке, ырыс пен ырыздық, барлық тілектеріңіздің орындалуын және мерекелік көңіл-күй тілейміз!
Поздравление Председателя Верховного Суда Асламбека Мергалиева с Международным женским днем

Уважаемые наши дамы!


Сердечно поздравляю вас с первым весенним праздником – 8 Марта.

В эти дни во всех коллективах и в каждой семье мы с уважением и восхищением говорим прекрасным мамам, женам, сестрам, дочерям и коллегам самые добрые и теплые слова.

Более половины судей и сотрудников судов нашей страны – женщины. Это во многом связано с тем, что вы умеете сочетать в себе настойчивость, мудрость, терпение, стремление примирить конфликтующих, отличаетесь терпением, взвешенностью и осторожны в решениях.

Дорогие женщины!

Пусть в ваших домах всегда царят благополучие, а сердца будут согреты теплом и уважением.

Желаем вам комфорта и счастья, достатка, исполнения всех заветных желаний и праздничного настроения!
6001-25-00-3ГП/16

◾️Талап қоюшы АҚ филиалының өнеркәсіптік бақылау, еңбек және қоршаған ортаны қорғау қызметінің басшысы қызметінен босатылған. Жұмысты іс жүзінде орындамаған мердігердің орындалғаны туралы актісіне қол қоюына байланысты сенімін жоғалтқаны оған негіз болған.

◾️Қызметтік тексеруде мердігермен жасалған шарт бойынша жұмыстар іс жүзінде орындалмаған, бірақ жұмыстың орындалғаны туралы актіге филиалдың бас инженері мен директорының қолдары қойылғаны анықталған. Комиссия қызметкер шарттың орындалуына тиісті бақылауды жүзеге асырмаған деген қорытындыға келген.

◾️Талап қоюшы сотқа жүгінген кезде жұмысын қалпына келтіруді сұраған.

◾️Жергілікті соттар талап қоюшының еңбек демалысынан келгеннен кейін мердігердің жұмысын дұрыс қадағаламаған деп есептеп, талап қоюды қанағаттандырусыз қалдырған. Соттар қызметкерді жұмыстан шығаруда АҚ заңнамасының бұзылуын қарамаған.

◾️Жоғарғы Сот істі қарай отырып, талап қоюшы сенімін жоғалту негізінде еңбек шартын бұзуға болатын қызметкерлер санатына жатпайды деген қорытындыға келді (Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы). Қызметтік өкілеттіктері мен міндеттеріне сәйкес талап қоюшы ақшалай немесе тауарлық активтермен айналысатын және ақшалай операцияларға тікелей рұқсаты бар қызметкер болып табылмаған.

◾️Оның үстіне, орындалған жұмыс актісі жасалып жатқан кезде талап қоюшы еңбек демалысында болып, актіге қол қоймаған.

◾️Осылайша, талап қоюшы өзінің қызметтік жағдайын жұмыс берушінің мүдделеріне қайшы келетін жеке немесе басқа адамдардың мүдделері үшін пайдаланғаны туралы дәлелдер анықталмады.

◾️Жоғарғы Сот іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойды: жұмыстан шығару заңсыз деп танылып, талап қоюшының жұмысы қалпына келтірілді.
6001-25-00-3ГП/16
 
◾️Истец был уволен с должности руководителя Службы производственного контроля, охраны труда и окружающей среды филиала АО. Основание – за утрату доверия в связи с подписанием акта выполненных работ без фактического их выполнения подрядчиком.

◾️Служебное расследование выявило: работы по договору с подрядчиком фактически не проводились, но акт выполненных работ был подписан главным инженером и директором филиала. Комиссия пришла к выводу, что работник не осуществлял должного контроля за исполнением договора.

◾️Истец, обращаясь в суд, просил восстановить его на работе.

◾️Местные суды отказали в иске, посчитав, что истец после выхода из отпуска ненадлежащим образом контролировал работу подрядчика. Суды не усмотрели в увольнении работника нарушений закона АО.

◾️Верховный Суд, рассмотрев дело, отметил, что истец не относится к категории работников, с которыми можно расторгнуть трудовой договор по основанию утраты доверия (п.п.13) п. 1 ст.52 ТК). В силу должностных полномочий и обязанностей истец не являлся работником, обслуживавшим денежные или товарные ценности и имевшим непосредственный доступ к денежным операциям.

◾️Более того, на момент составления акта выполненных работ истец находился в отпуске и не подписывал данный акт.

◾️Таким образом, доказательств использования истцом служебного положения в личных или чужих интересах вопреки интересам работодателя не установлено.

◾️Верховный Суд отменил вынесенные по делу судебные акты: увольнение признано незаконным, истец восстановлен на работе.