ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ
15.9K subscribers
2.74K photos
181 videos
5 files
1.13K links
Актуальные новости судебной системы

Сайт:
http://sud.gov.kz/

Instagram:
https://instagram.com/jogargy_sot?igshid=5h43qpapvrq3

YouTube:
https://www.youtube.com/user/SupcourtRK
Download Telegram
◾️ Завершая работу совещания, Асламбек Мергалиев в качестве приоритетных задач на предстоящий 2025 год определил реализацию поручений Главы государства на IX съезде судей.

◾️ В их числе:

- повышение уровня доверия общества к судам через обеспечение беспрепятственного доступа к правосудию;

- защита прав, свобод и законных интересов социально уязвимых категорий населения;

- дальнейшее развитие института медиации и других альтернативных способов разрешения споров;

- унификация судебной практики;

- повышение качества апелляционного пересмотра;

- обеспечение единого подхода к определению критериев грубого нарушения законности при отмене или изменении судебного акта;

- неукоснительного соблюдение конституционных прав и свобод человека в уголовном процессе;

- широкое применение альтернативных лишению свободы мер пресечения и наказания.
ҚР ЖОҒАРҒЫ СОТЫ pinned «Верховный Суд: суды республики обеспечили высокое качество отправления правосудия по итогам 2024 года   ◾️ Состоялось расширенное совещание судейского корпуса по итогам отправления правосудия в 2024 году. ◾️ В его работе приняли участие помощник Президента…»
◾️ Жоғарғы Сот Жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылға арналған жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы өтінішхаттарды қараудың сот практикасы бойынша Қорытуларын жариялады.

◾️ Қылмыстық кодекстің 72, 73, 86 және 87-баптарында белгіленген шарттар сақталған жағдайда сотталғандар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы (ШТБ) немесе жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы (ЖЖА) мүмкін екені атап өтілген.

◾️ Бұл үлгілі мінез-құлқы мен күш-жігерімен жазасын одан әрі өтеудің қажеті жоқ екенін дәлелдеген сотталушыға мемлекеттің гуманизмі мен сенімінің белгісі.

◾️ Заң соттарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы туралы мәселені қараған кезде сотталған адамның өтінішхатының белгіленген талаптарға сәйкестігін, ұсынылған материалдардың толықтығын, сотталған адамның мінез-құлқындағы оң өзгерістерді кешенді бағалау ШТБ-ға және ЖЖА-ға тағайындау құқығын беретін мерзімдердің өтуін мұқият тексеруге міндеттейді.

◾️ Шартты түрде босату туралы өтінішхаттардың 62% және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы 40,5% қанағаттандырылады.

◾️ Шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуының негізгі шарттары зиянды өтеу, мінез-құлықтың оң дәрежесі және ынталандырудың болуы болып табылады.

◾️ Сот практикасын талдау, жалпы алғанда, соттардың сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату және неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылуы туралы өтінішхаттарын дұрыс шешетінін көрсетті.

◾️ Сонымен қатар, жергілікті жерлерде кейбір заң бұзушылықтар мен қателіктерге жол берілуде.

◾️ Заңнамаларды біркелкі қолдану мақсатында заңнаманы жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Қорытулар осында орналастырылған:

https://sud.kz/sites/default/files/pagefiles/zhazany_oteuden_shartty_turde_merziminen_buryn_bosatudyn_zhne_otelmegen_zhazany_negurlym_zhenil_zhaza_turine_auystyrudyn_sot_praktikasyn_korytu.pdf
◾️ Обобщение судебной практики рассмотрения ходатайств об условно-досрочном освобождении и замене неотбытой части наказания более мягким видом наказания за 2023 год проведено в соответствии с Планом работы.

◾️ Отмечено, что при соблюдении условий, установленных ст.72, 73, 86 и 87 УК, осужденные могут быть освобождены условно-досрочно (УДО) либо наказание может быть заменено на более мягкое (ЗМН).

◾️ Этот акт гуманизма и доверия государства к осужденному, который примерным поведением и усилиями доказал, что не нуждается в дальнейшем отбывании наказания.

◾️ Закон обязывает суды при рассмотрении вопроса об УДО и ЗМН тщательно проверять соответствие ходатайства осужденного установленным требованиям, полноту представленных материалов, наступление сроков, дающих право на УДО и ЗМН, комплексно оценивать позитивные изменения в поведении осужденного.

◾️ Удовлетворяется 62% ходатайств об УДО и 40,5% о ЗМН.

◾️ Основными условиями УДО и ЗМН, названы возмещение ущерба, положительная степень поведения и наличие поощрений.

◾️ Анализ судебной практики показал, что в целом судами правильно разрешаются ходатайства осужденных об УДО и ЗМН.

◾️ Вместе с тем, на местах допускаются отдельные нарушения и ошибки.

◾️ В целях единообразного применения законодательства выработаны конкретные предложения по совершенствованию законодательства.

◾️Обобщение размещено здесь:

https://sud.kz/sites/default/files/pagefiles/obobshchenie_sudebnoy_praktiki_uslovno-dosrochnogo_osvobozhdeniya_ot_nakazaniya_i_zameny_neotbytogo_nakazaniya_bolee_myagkim_vidom_nakazaniya.pdf
◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы акционерлік қоғамға (АҚ) қатысты әкімшілік істі қарады.

◾️ Бірінші сатыдағы соттың қаулысымен АҚ ӘҚБтК-нің 265-бабының 1-бөлігімен 16 422 000 теңге көлемінде айыппұл салумен әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

◾️ Іс материалдарын зерделеу нәтижелері бойынша Қоғам интервалдық инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыру кезінде «Инвестициялық және венчурлық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, оның қызметі туралы ақпаратты жариялау тәртібін бұзғаны анықталды.

◾️ Осы факті бойынша уәкілетті органмен Қоғамға қатысты ӘҚБтК-нің 265-бабының 1-бөлігімен 17 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасалған.

◾️ Бірінші сатыдағы сот 17 әкімшілік хаттама бойынша істі бір өндіріске біріктіріп, Қоғамға 16 422 000 теңге көлемінде айыппұл салған.

◾️ Алайда, тағайындалған айыппұлдың бұл мөлшері заң талаптарына сәйкес келмейді.

◾️ ӘҚБтК-нің 58-бабының талаптарына сәйкес, бір адам екі және одан да көп әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әрбір құқық бұзушылықүшін жеке әкімшілік жаза қолданылады.

◾️ Егер адам бiр судья, орган (лауазымды адам) қарайтын бiрнеше әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған болса, онда бiр түрлi жазалар қолданылған жағдайда, жазаның түпкiлiктi мөлшерi осы түр үшiн белгiленген айыппұл туралы ең жоғары шектiң үш еселенген мөлшерiнен аспауы керек.

◾️ Іс қозғалған кезде айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) көлемі 3450 теңге болған.

◾️ Тиісінше, ӘҚБтК-нің 44, 58-баптарының ережелеріне сәйкес, орта кәсіпкерлік субъектісі ретінде АҚ-ға салынатын айыппұлдың түпкілікті сомасы 3 000 АЕК-тен немесе 10 350 000 теңгеден аспауы керек.

◾️ Соттың салынған айыппұл сомасын 30%-ға қысқартқанын ескере отырып, жалпы айыппұл сомасы 7 245 000 теңгені құрайды.

◾️ Осыған байланысты кассациялық саты сот актілерін өзгертіп, айыппұл көлемін 7 245 000 теңгеге дейін азайтты.
◾️ Судебной коллегией по уголовным делам Верховного Суда рассмотрено административное дело в отношении АО.

◾️ Постановлением суда первой инстанции АО привлечено к административной ответственности по части 1 статьи 265 КоАП с наложением штрафа в размере 16 422 000 тенге.

◾️ По итогам изучения материалов дела установлено, что Общество при осуществлении инвестиционного управления активами интервального паевого инвестиционного фонда нарушило порядок опубликования информации о своей деятельности, установленный Законом Республики Казахстан «Об инвестиционных и венчурных фондах».

◾️ По данному факту уполномоченным органом в отношении Общества составлены 17 протоколов об административных правонарушениях по части 1 статьи 265 КоАП.

◾️ Объединив дела по 17 административным протоколам в одно производство, суд первой инстанции наложил на Общество штраф в размере 16 422 000 тенге.

◾️ Однако такой размер наложенного  взыскания  не отвечает требованиям закона.

◾️ В соответствии с требованиями статьи 58 КоАП, при совершении одним лицом двух и более административных правонарушений административное взыскание налагается за каждое правонарушение в отдельности.

◾️ Если лицо совершило несколько административных правонарушений, которые рассматриваются одним и тем же судьей, органом (должностным лицом), то в случае наложения взысканий одного и того же вида окончательный размер взыскания не может превышать трехкратный максимальный предел, установленный для данного вида взыскания.

◾️ На момент возбуждения дела размер месячного расчетного показателя (далее-МРП) составлял 3 450 тенге.

◾️ Соответственно, в силу положений статей 44, 58 КоАП окончательный размер взыскания в отношении АО как субъекта среднего предпринимательства не может превышать 3000 МРП или сумму 10 350 000 тенге.

◾️ С учетом сокращения судом размера налагаемого штрафа на 30%, общая сумма штрафа составляет 7 245 000 тенге.

◾️ В этой связи кассационной инстанцией судебные акты  изменены, размер штрафа  снижен до 7 245  000  тенге.
Жоғарғы Сот Төрағасы А.Мерғалиевтің Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

Жаңа жыл қарсаңындағы ізгі тілектерімді қабыл алыңыздар.

2025 жыл бізге болашағы бар жобалар, жағымды жаңалықтар және жарқын жетістіктер әкелсін.

Құқықтық мемлекет қалыптастырудың кепілі ретінде заң үстемдігін қамтамасыз ету, сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту және тиісінше, сотқа деген сенімді арттыру үшін жүйелі реформаларды жалғастыруды мақсат етіп отырмыз. Бұған судьялар корпусы зор үлес қосатын болады.

Білімдеріңіз бен тәжірибелеріңізді үнемі арттыра отырып, қоғамдық өмірге белсене араласуларыңызға шын жүректен тілектеспін.

Жаңа жыл тек қуаныш пен бақыт әкелсін! Отбасымыз бен туған-туыстарымыз аман болсын!

Жаңа 2025 жыл құтты болсын!
Поздравление Председателя Верховного Суда А.Мергалиева
с Новым годом

Уважаемые коллеги!


Примите самые наилучшие пожелания накануне наступающего Нового года.

Пусть 2025-й принесет нам всем перспективных проектов, невероятных открытий и ярких достижений.

Мы нацелены продолжить системные реформы по обеспечению верховенства права, укрепление независимости судебной системы, как гарантии формирования правового государства и, соответственно, повышения доверия к суду. Свой значимый вклад для этого предстоит внести и судейскому корпусу.

Сердечно желаю вам постоянно преумножать свои знания и опыт, активно участвовать в общественной жизни.

Пусть Новый год принесет вам только радость и счастье! Пусть будут здоровы наши родные и близкие!

С Новым 2025-м годом!
Сот әкімшілігінің басшысы Н.Ахметзакировтің
Жаңа жылмен құттықтауы

Құрметті әріптестер!

 
Сіздерді алда келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

2025 жыл бәрімізге жаңа мүмкіндіктер көкжиегін ашып, кәсібилік пен ой-санамызды арттырып, мәңгілік құндылықтардың – бейбітшілік, ізгілік және әділдіктің мызғымастығына деген сенімімізді нығайта берсін!

Өз ісімізге жауапкершілікпен қарап, табанды, нақты және іскер жұмысымызбен сот менеджментін жақсартуға бірлесе отырып, лайықты үлес қосамыз деп сенемін.

2025 жыл баршамыз үшін жаңа жетістіктер, жемісті де жеңісті жыл болсын, әр отбасына бақыт, игі бастамаларға сәттілік әкелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық, амандық тілеймін.

Жаңа жыл құтты болсын!
Поздравление Руководителя Судебной администрации Н.Ахметзакирова с Новым годом

Уважаемые коллеги!


Сердечно поздравляю вас с наступающим Новым годом!

Пусть 2025-й откроет нам всем горизонты новых возможностей, преумножит профессионализм и кругозор, укрепит веру в незыблемость вечных ценностей – мира, добра и справедливости!

Своим ответственным отношением к делу, упорством, умением работать четко и мобильно мы, уверен, совместно внесем свой вклад в улучшение судебного менеджмента.  

Пусть 2025-й станет для всех нас годом больших свершений, процветания и побед, принесет в каждую семью счастье и успех во всех начинаниях!

Желаю всем здоровья, добра и благополучия.

С Новым годом!
◾️ Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында А.Шигабутдиноваға қатысты қылмыстық іс қаралды.

◾️ Сот үкімімен Шигабутдинова сеніп тапсырылған қаражатты жымқыру бойынша айыпты деп танылған (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы). Оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

◾️ Іс материалдарын зерделеу мынаны көрсетті.

◾️ Шигабутдинова ЖШС бухгалтері бола тұра, басшылық ұсынған «Банк-Клиент» бағдарламасына рұқсаты бола отырып, ЖШС шотынан екі жеке кәсіпкердің есепшотына банк реквизиттерінде оның және ағасының шотының нөмірін көрсете отырып, 613 миллион теңгеден астам қаражат аударғаны анықталды.

◾️ Шигабутдинованың кінәсі жиналған айғақтармен дәлелденді. Сонымен бірге оның әрекеті дұрыс сараланбаған.

◾️ “Ұрлық туралы істер бойынша сот практикасы туралы” Жоғарғы Соттың 2003 жылғы 1 шілдедегі N 8 нормативтік қаулысының 18-тармағына сәйкес қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатты, оның ішінде электрондық ақша қаражатын оның иесінің шотынан өзiнiң немесе бөтен адамның шотына аудару жолымен ұрлау ҚК-нің 189-бабы бойынша кінәлі адамның өз лауазымы бойынша жәбірленушінің қолма-қол ақша шотындағы ақшаға билік етуге құқығы болған жағдайда, кінәлі адамға өзінің қызмет бабын пайдалану арқылы жасалған бөтеннің мүлкін ұрлау деп саралануы тиіс.

◾️ Мұндай құқық болмаған жағдайда іс-әрекет ҚК-нің 188-бабы бойынша ұрлық немесе ҚК-нің 190-бабы бойынша алаяқтық ретінде саралануға жатады.

◾️ Іс материалдарынан Шигабутдинованың қаржылық құжаттарға қол қоюға құқығы болмағаны және ЖШС қаражатын өз атынан басқара алмайтыны шығады.

◾️ Ол тек ЖШС директорына берілген ЭСҚ кілті арқылы қаржылық құжаттарға қол қойған және осылайша оның шоттарына ақша аударған, яғни ұрлаған.

◾️ Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Шигабутдинованың әрекеті Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігінің 2) тармағымен қайта сараланып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
◾️ Судебной коллегией по уголовным делам Верховного Суда рассмотрено уголовное дело в отношении А.Шигабутдиновой.

◾️ Приговором суда Шигабутдинова была признана виновной в хищении вверенных денежных средств путем растраты (ст.189 ч.4 п.2) УК). Ей назначено 8 лет лишения свободы.

◾️ Изучение материалов дела показало следующее.

◾️ Установлено, что Шигабутдинова, являясь бухгалтером ТОО, имея доступ, представленный руководством к программе «Банк-клиент» перевела со счета ТОО денежные средства в сумме более 613 млн.тенге на счета двух ИП, указывая в банковских реквизитах номер своего счета и счета брата.

◾️ Вина Шигабутдиновой доказана собранными доказательствами. В то же время ее действия квалифицированы неверно.

◾️ В соответствии с п.18 нормативного постановления Верховного Суда от 1 июля 2003 года №8 «О судебной практике по делам о хищениях» хищение безналичных денежных средств, в том числе электронных, путем перечисления со счета их владельца на свой счет или счет другого лица следует квалифицировать по статье 189 УК как хищение чужого имущества, вверенного виновному, совершенное путем использования служебного положения, при условии наличия у виновного лица права распоряжения денежными средствами, находящимися на денежном счете потерпевшего, в силу занимаемой должности.

◾️ При отсутствии такого права деяние подлежит квалификации как кража по статье 188 УК либо как мошенничество по статье 190 УК.

◾️ Из материалов дела следует, что Шигабутдинова не обладала правом подписи на финансовых документах, не могла сама от своего имени распоряжаться денежными средствами ТОО. Она лишь подписывала финансовые документы с помощью ЭЦП ключа, оформленного на директора ТОО, и таким способом переводила денежные средства на свои счета, т.е. похищала.

◾️ На основании изложенного, действия Шигабутдиновой были переквалифицированы на ст.190 ч.4 п.2) УК с назначением наказания в виде 6 лет лишения свободы.
◾️ Ақпараттық жүйені пайдаланушының алдау немесе сеніміне қиянат жасау жолымен жасалған алаяқтық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру алаяқтың жеке басын анықтауға байланысты тоқтатылған кезде, жәбірленушілер тарапынан сотқа жүгінулер саны өсті.

◾️ Мұндай жағдайларда жәбірленушілер алаяқтар бөтен ақшаны тартып алу үшін өз схемаларында қолданатын дропперлер деп аталатындардан негізсіз баюды өндіріп алуды сұрайды.

◾️ Қостанай облысы Қарабалық аудандық соты 19 жастағы екі дроппер-студентке қатысты негізсіз баюды өндіру туралы екі талап қоюды қарады.

◾️ Талап қоюшы олардың әрқайсысынан 9 млн теңгеден астам соманы өндіруді сұраған.

◾️ Жауапкерлердің бірі негізсіз баюды жоққа шығарған, өйткені олар алған 9 млн теңгеден астам ақшаның барлығын талап қоюшы алаяқ көрсеткен есепшоттарға аударған.

◾️ Екіншісі шоттары бойынша банктік операцияларды білмейтінін, түскен ақшаны басқаларға аудармағанын, банкте есепшот ашпағанын атап өткен.

◾️ Анықталғандай, банктің мобильді қосымшасы оның биометриялық растамасы арқылы және оның нөміріне жіберілген SMS/PUSH-қауіпсіздік кодтарын енгізу арқылы тіркелген.

◾️ Талап қоюшы студенттермен таныс емес, олармен мәміле жасамаған, олардың алдында міндеттемелері болмаған және қайырымдылықпен айналыспаған.

◾️ Сот жауапкерлердің әрекеттері талап қоюшының есебінен негізсіз баюға әкеп соғады және екі талап қою да қанағаттандырылды деген қорытындыға келді.

◾️ Шешімдер заңды күшіне енген жоқ.

◾️ Қызылорда қаласының 60 жастағы тұрғынына белгісіз біреулер қоңырау шалып, өздерін ұялы байланыс компаниясының операторымын деп таныстырған.

◾️ Оның банк картасының мәліметтерін иемденген алаяқтар оның атына 4,8 млн теңге несие рәсімдеп, кейін ол қаражат басқа адамдардың есепшотына аударылған.

◾️ Полицейлер зейнеткерді жәбірленуші деп танып, алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды (ҚК-нің 190-бабының 2-бөлігінің 4-тармағы).

◾️ Әйел соттан банктік аударым (дропперден) алушыдан негізсіз баюы үшін 2 млн теңге өндіруді сұрады.

◾️ Дроппер Telegram-да ықтимал табыс туралы ұсынысқа келіскенін, ол үшін банктік шот ашып, алаяқтардың нұсқауы бойынша үшінші тұлғаларға аударған ақшасын алғанын атап өтті.

◾️ Әр транзакция үшін 5 мың теңге алған.

◾️ Сот зейнеткердің пайдасына дропперден 2 млн теңге өндірді.

◾️ Қызылорда облыстық соты бұл шешіммен келісіп, дроппер белгісіз адамнар ақша алған кезде оны қайтармағанын, сондықтан оның ақшаны басқа адамдарға беруі өз қалауы бойынша ұйғарым ретінде қарастырылатынын атап өтті.

◾️ Дроппер 2 млн теңгені алуының заңдылығын дәлелдемегеніне байланысты сот оған бұл ақшаны зейнеткерге қайтаруды міндеттеді.