Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Кеше Қазақстан мен Ресей президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің келіссөздері аясында Ресей Федерациясының спорт министрі Олег Матыцинмен кездесіп, спорт саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды келісімдерге қол жеткіздік.

Келіссөздер барысында екіжақты байланысты нығайту, әртүрлі спорттық және оқу-жаттығу іс-шараларын, сонымен қатар дзюдо, бокс, грек-рим күресі, пара хоккей, шайбалы хоккей, шахмат, велоспорт, жеңіл атлетика, практикалық оқ ату және тағы басқа спорт түрлері бойынша семинарлар өткізу бойынша уағдаластық.

Аталған іс-шаралар 2024-2026 жылдарға арналған Қазақстан мен Ресей арасындағы дене шынықтыру және спорт саласындағы ынтымақтастықты дамыту аясында өткізіледі. Бұл бастама Қазақстан мен Ресей арасындағы спорттық өзара іс-қимылды күшейтуге септігін тигізеді.
👍4
Вчера в рамках переговоров президентов Казахстана и России Касым-Жомарта Токаева и Владимира Путина мы встретились с министром спорта РФ Олегом Матыциным и достигли важных договоренностей о сотрудничестве в области спорта.

В ходе переговоров мы пришли к общему решению по укреплению двусторонних связей, проведению различных спортивных и учебно-тренировочных мероприятий, а также семинарам по дзюдо, боксу, греко-римской борьбе, пара хоккею , хоккею с шайбой, шахматам, велоспорту, легкой атлетике, практической стрельбе и другим видам спорта.

Данные мероприятия проводятся в рамках развития сотрудничества между Казахстаном и Россией в области физической культуры и спорта на 2024-2026 годы. Эта инициатива будет способствовать усилению взаимодействия в сфере спорта между нашими странами.
🔥7👍21
Қазақстандық спортшылар үшін өткен апта жарқын жеңістерге толы болды.

Мәселен, каратэшілеріміз Алматыда өткен жастар мен жасөспірімдер және ересектер арасындағы Азия чемпионатында 50-ден аса медаль, құралайды көзге атқан мергендер Бангкоктағы турнирде үш жүлде, оған қоса Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды.

Сонымен қатар қазақстандық жас мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-При жарысының, шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасы Канададағы төрт құрлық чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Триатлоннан Азия чемпионатында (Сауд Арабиясы) отандастарымыз Екатерина Шабалина мен Аян Бейсенбаев алдарына жан салмай, алтын тұғырға көтерілді. Теннисші Александр Недовесов Болгария астанасы Софияда өткен турнирдің жұптық бәсекесінде үздік шықса, самбошылар Ереванда 1 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды.

Спортшыларымызды жарқын жеңістерімен құттықтаймын. Алдағы уақытта да жанкүйерлерді қуантатын жеңістер көп болғай.
👍9
Для казахстанских спортсменов прошедшая неделя была полна ярких побед.

Каратисты суммарно завоевали более 50 медалей на чемпионате Азии среди молодежи, юниоров и взрослых в Алматы. Три медали принесли стрелки из лука на турнире в Бангкоке, получив при этом командную лицензию на Олимпиаду в Париже.

Молодой казахстанский фигурист Михаил Шайдоров стал бронзовым призером Гран-При Китая. По шорт-треку женская сборная Казахстана заняла третье место на чемпионате Четырех континентов в Канаде.

На чемпионате Азии по триатлону (Саудовская Аравия) наши соотечественники Екатерина Шабалина и Аян Бейсенбаев поднялись на золотой пьедестал. Теннисист Александр Недовесов стал лучшим в парном соревновании турнира в столице Болгарии Софии. Самбисты завоевали 1 золотую, 2 серебряные и 5 бронзовых медалей в Ереване.

Поздравляю наших спортсменов. Впереди еще много побед, которые порадуют болельщиков.
👍10
👍10
Қытайдың Ханчжоу қаласында өткен IV Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері кез келген марапат пен мерейлі мадаққа лайық.

Биылғы Азия Пара ойындарына Қазақстан атынан 14 спорт түрінен 131 спортшы қатысып, 41 медаль жеңіп алды. Оның ішінде жерлестеріміз 8 алтын, 12 күміс және 21 қола медаль иеленді. Жүлде саны бойынша Қазақстан 44 қатысушы ел арасында 11-орынға тұрақтады.

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Азия Пара ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерімен кездесіп, оларға Мемлекет басшысының атынан алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарын табыс етті.

Пара спортшыларымыз бізді әрқашан халықаралық жарыстарда, Паралимпиада, Азия Пара ойындары сияқты ел намысы сыналатын маңызды додаларда жарқын жеңістерімен қуантып, әркез ел үмітін ақтап келеді. Алдағы уақытта да спортшыларымыз толағай табыстарымен қазақ халқын қуанышқа бөлейді деп сенемін.
Победители и призеры IV Азиатских Пара-игр, проходивших в китайском городе Ханчжоу, заслуживают особого почетного внимания.

В этом году на Азиатских Пара-играх Казахстан представляли 131 спортсмен в 14 видах спорта. По итогам соревнований в копилке сборной оказалось 41 медаль, включая 8 золотых, 12 серебряных и 21 бронзовую награду. По количеству призов Казахстан занял общекомандное 11-е место среди 44 стран-участниц.

Премьер-Министр Алихан Смаилов встретился с победителями и призерами Азиатских Пара-игр, вручив им благодарственные письма и памятные подарки от имени главы государства.

Параспортсмены всегда радовали нас яркими победами на международных соревнованиях, Паралимпийских играх, Азиатских Пара-играх. Уверен, что и в дальнейшем наши спортсмены будут радовать болельщиков своими успехами.
👍14