Ermek Marzhyqpaev
594 subscribers
3.36K photos
908 videos
45 links
🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Download Telegram
Ханчжоудағы Азия ойындарында ескек есу спорты түрлерінен Қазақстан құрамасы ойдағыдай нәтиже көрсетпеді. Ескек есу сайысында жерлестеріміз жүлдесіз қалса, байдарка мен каноэде есуде 1 алтын, 4 күміс және 3 қола жеңіп алды.

Азия ойындарының алдында федерация басшылығы жүлде саны мен сапасы жағынан жоғары нәтиже көрсететінін мәлімдеген еді. Өкінішке қарай, спортшыларымыз Ханчжоуда функционалдық және дене даярлығының әлсіз екенін көрсетті. Сондай-ақ спортшылар ішкі тәртіп ережесіне бағынған жоқ. Бұл жағдай жалпыкомандалық нәтижеге де кері әсерін тигізді.

Қазір басты мақсат – Париж Олимпиадасының жолдамасын иелену. Қалған 8 айда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, алға қойған мақсатты орындау керек. Ал ұлттық құрама жаттықтырушылары өз міндеттерінен бөлек, спортшыларды Париждегі ойындарға физикалық және психологиялық тұрғыда жақсы дайындықпен апаруға тиіс.
👍7
На Азиатских играх в Ханчжоу сборная Казахстана по гребным видам спорта показала неоднозначные результаты. В академической гребле спортсмены не завоевали наград, в гребле на байдарках и каноэ суммарно 8 наград разной пробы - 1 золото, 4 серебра и 3 бронзы.

Федерация перед этим важным стартом давала совсем другие обязательства по количеству и качеству наград. К сожалению, Азиасткие игры показали слабую функциональную и физическую подготовку спортсменов. Также нарушения спортивной дисциплины внутри сборной перед этим важным стартом оказали негативное влияние на итоговый результат.

Главная задача на сегодня – это заработать лицензии на участие в Олимпийских играх 2024. В оставшиеся 8 месяцев нужно выложиться на максимум и добиться поставленной цели. Тренерский штаб сборной, помимо выполнения обязательных задач, должен подвести спортсменов в наилучшей физической и психологической форме к Парижу на следующий год.
👏9👍1
Жақында кезекті рет азаматтарды қабылдау өткіздім. Министрлік қызметіне қатысты ұсыныстар мен өзекті мәселелерді тыңдадым.

Бізге жуырда ғана Азия пара ойындарына қатысқан спортшылар келіп, спорттық нәтижелерін жақсартуға мүмкіндік беретін бірқатар ұсынысын айтты. Министрлік алдағы уақытта оқу-жаттығу жүйесіне талдау жүргізіп, дайындық сапасын жақсартуға бағытталған шараларды қарастырады.

Әрі қарай жекеменшік спорттық ұйым өкілдері бүгінде сәтті жүзеге асып жатқан бірнеше жобасын таныстырды. Мәселен, JKFL – жекеменшік футбол мектептері лигасы. Бұл футбол турниріне еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысады. Өткен біріншілікке 367 команданың 4500-ден астам спортшысы жиналған. Сондай-ақ ұйымдастырушылардың «Аула лигасы» және «Ауыл лигасы» сияқты жобалары бар. Іс-шаралардың негізгі мақсаты – бұқаралық спортты балалар, оқушылар мен футболға әуес адамдар арасында насихаттау. Жоба жетекшілері «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңмен әуесқой спорты толық реттелмегенін атап өтті. Қазіргі таңда спорт саласы туралы жаңа заң жобасын ашық талқылау жүріп жатыр. Мен белсенді азаматтарды заң жобасын талқылауда бірлесіп жұмыс істеуге шақырдым.

Сонымен қатар өңірлік спорттың дамуына бей-жай қарамайтын, спортпен айналысу үшін жастарға жағдай жасап жүрген жомарт азаматпен кездестім. Әңгіме барысында ол өзінің ниеттес әріптестерімен бірге жеке қаражаттарына салған ауылдарындағы спорт нысандары туралы айтып берді.
Жалпы, шалғай ауылдарда сапалы спорттық инфрақұрылым салу – спортты дамытатын негізгі қадамдардың бірі. Мен мұндай бастамаларды қашанда қолдаймын. Спортпен шұғылдану бәріне және барлық жерде қол жетімді болуы керек.
👍7
На днях провел очередной прием граждан. Выслушал все предложения и проблемные вопросы, связанные с деятельностью министерства.

К нам обратились спортсмены, только прилетевшие с пара Азиатских игр. Они внесли ряд собственных предложений по улучшению подготовки спортсменов, которые на их взгляд могли бы существенно повлиять на спортивные результаты. Со стороны министерства будет проведен анализ тренировочного процесса и будут приняты меры по улучшению их качества.

Далее представители частной спортивной организации презентовали свои проекты, которые уже успешно реализовываются. К примеру, лига частных футбольных школ JKFL. Это турниры по футболу, где участвуют команды со всей страны, на прошлом первенстве было более 4500 тысяч спортсменов из 367 команд. Также у организаторов есть футбольные проекты «Дворовая лига» и «Сельская лига». Основная цель этих мероприятий – это развитие массового спорта среди детей, школьников и просто любителей футбола. Руководители проекта высказали мнение о том, что Закон «О физической культуре и спорте» не в полной мере регулирует любительский спорт. Как раз сейчас идет публичное обсуждение нового проекта закона в сфере спорта. Я пригласил этих активистов в рабочую группу для совместной работы над этим законопроектом.

Следующим на очереди был небезразличный к спорту гражданин, который создает условия молодежи для занятия спортом у себя на малой родине.
В ходе приема он проинформировал нас о спортивных объектах, которые он совместно с другими единомышленниками собирается построить в селах за счет своих средств.
В целом строительство качественной инфраструктуры в отдаленных местностях – одно из важных составляющих развития спорта в целом. Я всегда поддерживаю такие инициативы. Занятие спортом должно быть доступно для всех и везде.
👍12
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Садақ ату федерациясының есебін тыңдадым.

Өкінішке қарай, Азиадада мергендеріміз бірде-бір бағдарламада жүлдегерлер қатарынан көріне алған жоқ.
Мергендердің сәтсіз өнер көрсетуіне бірнеше себептер бар. Олар бойынша терең талдау жүргізіп, қателермен жұмыс істеу қажет.

Алда Париждегі Олимпиадаға жолдама беретін бірқатар маңызды жарыс күтіп тұр.
Болашақта мұндай сәтсіз нәтижені қайталамау үшін дайындық процесін түбегейлі өзгертіп, спортшыларды жаттықтыру үшін ең жақсы мамандарды жұмылдыру маңызды.
🔥4👍1
Выслушал доклад федерации по стрельбе из лука.

К сожалению, сборная Казахстана ни в одном старте Азиады не заняла призового места.
Планы были провалены, а имеющие результаты оставляют желать лучшего.
К такому результату привел целый спектр причин, по которым необходимо провести глубокий анализ и работу над ошибками.

Впереди важные соревнования, на которых нужно обязательно завоевать лицензии на участие в Олимпийских играх в Париже.
Чтобы не повторить такой нулевой результат в будущем, нужно кардинально изменить процесс подготовки и привлечь лучших специалистов для тренировки спортсменов.
👍6🔥2