Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
⚡️Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында басты жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағуға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала активтері қатысты.

..........

⚡️В праздничном мероприятии вместе с семейчанами принял участие аким Нурбол Нурсагатов.

#Семейқаласыныңәкімдері
👍1
Семей қаласының әкімдігі
Video
Семейде жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды

Бүгін Абай облысының орталығы Семей қаласында басты жаңа жылдық шыршаның шамдарын жағуға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және қала активтері қатысты. Шырша шамдарын жағумен қатар,орталық алаңдағы музыкалық субұрқақ маңындағы үлкен сырғанақтың айналасында көптен күткен мұз айдыны қолданысқа берілді.

Шырша шамдарын жағу салтанатында концерттік бағдарлама, театрландырылған қойылым қойылып, ән шырқалды. Қаланың бас шыршасы биіктігі -19 метр. Шыршаға 10 метрден 200 дана жарықдиодты гирляндалар және 100- ден аса ойыншықтар ілініп, аяз ата мен ақшақардың мүсіндері қойылды. Ал, қаланың сол жағалауындағы Әуезов алаңына 18 метрлік шырша орнатылды.

Биыл Семей қаласы 25 жылдан кейін алғаш рет жаңа жыл мейрамын атап өтеді. Сондықтан қала әкімдігі жаңа жыл қарсаңында түрлі мерекелік іс-шараларды жүзеге асыруда. Қала тұрғындары бүл күнді ерекше көңіл күйде өткізді.

«Қаламыз күн сайын көркейіп келеді. Орталық алаңда балалар коньки теуіп, сырғанақта ойнап мәз болуда. Келе жатқан жаңа жыл семейліктер үшін, барша қазақстандықтар үшін құтты болсын»,- деп қуанышын білдірді қала тұрғындары.

Сонымен қатар, қала бойынша түнгі шарықшамдар да ілінді. Шәкәрім, Шмидт, Әуезов, Қозбағарова, Бозтаев, Қаржаубайұлы сынды қаланың басты көшелеріндегі ағаштарға құс, жұлдыз, ай, сынды жарықдиодтары қойылды. Сондай-ақ, қала ішінде бірнеше мерекелік шағын сәулет туындылары орнатылды.

#Семейқаласыныңәкімдері
👍3