Семей қаласының әкімдігі
3.08K subscribers
9.91K photos
2.7K videos
9 files
697 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі сауда кәсіпорындарының басшыларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуін тұрақтандыру және жыл соңына дейін сауда үстемесін 10% деңгейінде белгілеу бойынша өзара ынтымақтастық туралы Меморандумдар жасасу бойынша жұмыстарды жалғастыруда.

Меморандумдарға қол қою жұмыстары ірі сауда желілерімен, супермаркеттермен, сауда үйлері мен базарлармен, «үйдің жанындағы» дүкендермен жүргізілуде.
Бөлшек сауда субъектілерімен бір мезгілде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу туралы, кіру топтарын, сауда кәсіпорындарының қасбет бөлігін және іргелес аумақтарын абаттандыруды жүргізу туралы ұсынымдық жұмыс жүргізіледі.

#Семейқаласфәкімдігі