Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📌Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды

Бүгін Абай облысының қабылдау орталығында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 19 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

——————-

📌Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам.

Сегодня в центре приема граждан области Абай аким города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 19 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Аким города во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан:

Бүгін мен Семей қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездестім. 2022 жылы Семей қаласы еншісін бөлек алып, облыс орталығы құрылғаннан кейін Семей қаласының ардагерлер кеңесі құрылды. Осы бір жарым жыл уақыт ішінде ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Әкелер даңқы жолымен», «Қарттарым аман саумысың?!” атты іс шаралар жас буынға жол көрсетер өнеге болды.

Бүгінгі таңда Семей қаласында 50 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде кеңес құрамындағы 70 тен аса белсенді ардагерлер қаламыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Мемлекет үшін өзекті міндет – аға буын өкілдерінің денсаулығын, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатта Семей қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жыл басында қаланың сол жағалауында тағы бір ардагерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі ашылды. Жаз маусымында қарттарға арналған «Баршаға арналған спорт» атты ашық аспан астындағы марафондар ұйымдастырылды.
Семей қаласының әкімдігі
Video
Из поста акима города Нурбола Нурсагатова в социальной сети:

“Сегодня я встретился с членами Совета ветеранов города Семей. Напомню, что Совет ветеранов Семея был создан полтора года назад после разделения области и приобретения городом Семей нового статуса - областного центра новой области Абай.

Советом ветеранов за эти полтора года был проведен целый ряд значимых мероприятий, таких, как «По пути славы отцов», «Пожилые в целости и сохранности!" и другие, которые стали примером для молодых поколений горожан.

На сегодняшний день в городе Семей проживает более 50 тысяч пенсионеров. Из них свыше 70 активных ветеранов в составе Совета продолжают вносить свой ощутимый вклад в развитие нашего города.

Конечно, актуальной задачей для государства является улучшение здоровья, качества жизни представителей старшего поколения. С этой целью в городе Семей функционируют Центры активного долголетия: в начале года на левом берегу города открылось отделение еще одного центра для организации досуга пенсионеров. А в летний сезон для пожилых людей была организована серия марафонов под открытым небом «Спорт для всех».

Мы стремимся создать условия для активного участия ветеранов в общественной жизни, поддерживать традиции и сохранять память о подвигах предшественников”.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының прокуроры болып Азамат Уалиев тағайындалды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында 24 Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қатысуымен жиын өтті. Жиынға Абай облысы прокурорының орынбасары Ермек Жаксыбаев қатысып, Семей қаласының жаңа прокурорын таныстырды. Семей қаласының прокуроры лауазымына Уалиев Азамат Сардарбекұлы тағайындалды.

Азамат Уалиев 1978 жылы дүниеге келген. Еңбек жолын 2004 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы прокурорының көмекшісі болып қызмет атқарды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінде Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі болып жұмыс істеді. Осы тағайындауға дейін Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

Құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық еңбек өтілі бар.



Азамат Уалиев назначен прокурором города Семей

Сегодня в здании акимата состоялось совещание с участием акима Семея Нурбола Нурсагатова, а также заместителя прокурора области Абай Ермека Жаксыбаева, который представил нового прокурора города Семей. Уалиев Азамат Сардарбекович назначен на данную должность.

Азамат Уалиев родился в 1978 году, трудовую деятельность начал в 2004 году помощником прокурора Актогайского района Павлодарской области.

Кроме того, занимал должность Старшего помощника Генерального Прокурора Республики Казахстан. До этого назначения он работал заместителем прокурора Мангистауской области.

Опыт работы в правоохранительных органах – почти 20 лет.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан:

“Бүгін облыс әкімі Нұрлан Тельманұлымен бірге Семей қаласындағы Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістікті, Бегалин көшесі мен Челюскинцев көшелерінің қиылысындағы рұқсатсыз орнатылған металл гараждарды және қаламыздағы әлеуметтік нысандарды араладық.

2023 жылы қаланы абаттандыруға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, былтыр Семей қаласында жұмыс комиссиясы 73 заңсыз орнатылған металл гараждарды анықтап, оларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізді. Гараждардың орнына балаларға арналған ойын алаңдары жабдықталды. Семей қаласын көркейтуге бағытталған жұмыстар биыл да жалғасатындығын атап өткім келеді. Сүйікті қаламыз көркейе берсін!”
Семей қаласының әкімдігі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан: “Бүгін облыс әкімі Нұрлан Тельманұлымен бірге Семей қаласындағы Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістікті, Бегалин көшесі мен Челюскинцев көшелерінің қиылысындағы рұқсатсыз орнатылған металл…
Из поста акима города Нурбола Нурсагатова в социальной сети:

“Сегодня вместе с акимом области Нурланом Тельмановичем мы посетили общественное пространство на улице Жамакаева, металлические гаражи самовольно установленные на пересечении улиц Бегалина и Челюскинцев, социальные объекты нашего города.

В 2023 году были проведены масштабные работы по благоустройству города. В частности, в прошлом году в городе Семей рабочая комиссия выявила 73 незаконно установленных металлических гаража и демонтировала их. На их месте установили детские игровые площадки. Хочу отметить, что работы по благоустройству города продолжатся и в этом году. Пусть наш любимый город становится краше!”.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM