Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📌Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды

Бүгін Абай облысының қабылдау орталығында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 19 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

——————-

📌Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам.

Сегодня в центре приема граждан области Абай аким города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 19 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Аким города во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан:

Бүгін мен Семей қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелерімен кездестім. 2022 жылы Семей қаласы еншісін бөлек алып, облыс орталығы құрылғаннан кейін Семей қаласының ардагерлер кеңесі құрылды. Осы бір жарым жыл уақыт ішінде ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткен «Әкелер даңқы жолымен», «Қарттарым аман саумысың?!” атты іс шаралар жас буынға жол көрсетер өнеге болды.

Бүгінгі таңда Семей қаласында 50 мыңнан астам зейнеткер тұрады. Оның ішінде кеңес құрамындағы 70 тен аса белсенді ардагерлер қаламыздың дамуына өз үлестерін қосып келеді. Мемлекет үшін өзекті міндет – аға буын өкілдерінің денсаулығын, өмір сүру сапасын жақсарту. Бұл мақсатта Семей қаласында белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жыл басында қаланың сол жағалауында тағы бір ардагерлерге арналған белсенді ұзақ өмір сүру орталығының бөлімшесі ашылды. Жаз маусымында қарттарға арналған «Баршаға арналған спорт» атты ашық аспан астындағы марафондар ұйымдастырылды.