Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#2023_жылы_атқарылған_жұмыстар

2022 жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарының ең жиі көтерген маңызды мәселелерінің бірі қатты тұрмыстық қалдықтардың уақытылы шығарылмауы болды.


Әкімдіктің жоспарлы жұмысының нәтижесінде ағымдағы жылы осы мәселе бойынша шағымдар айтарлықтай азайды.

Ағымдағы жылы қала шегінде 150-ден астам қоқыс алаңы жабдықталды, көлемі ұлғайтылған жаңа форматтағы 1325 контейнер орнатылды.
Сонымен қатар, қатты тұрмыстық қалдықты шығару компаниясы арнайы техниканың 4 бірлігін сатып алды.

Қоқыс шығару мәселелері үнемі бақылауда.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#2023_жылы_атқарылған_жұмыстар

Жаңа аялдама павильондары орнатылды
 
Биылғы жылы Семей қаласының әкімдігі қатты ескірген және аялдамалары жоқ жерлерде 110 металл аялдама павильонын орнатты, 250 аялдама павильонында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Атап айтар болсақ, сырлау, әктеу, тазалау және орындықтарды қала тұрғындары үшін неғұрлым ыңғайлы етіп ауыстыру, адамдарға қажетті автобусты күтуге ыңғайлы болу мақсатында жұмыстар атқарылды.

Аялдамаларды жаңарту жұмыстары келесі жылы жалғасады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
#2023_жылы_атқарылған_жұмыстар

💡Семейде бір жылда 55-тен астам көше жарықтандырылды

Биылғы жылы көшені жарықтандыруға ерекше назар аударылды. Семей қаласының орталық және шалғай аудандарында 55-тен астам көше жарықтандырылды.

Жұмыс барысында тозған тіректер ауыстырылып, істен шыққан шамдар жөнделді. Олардың ішінде Сәтпаев көшесі, Жеңіс саябағы, Бейбітшілік аралы, Жамақаев көшесіндегі қоғамдық кеңістік, шіркеу алдындағы алаң, сондай-ақ аквапарк аймақтары жарықтандырылды.

Сондай-ақ, 1000-ға жуық жаңа шам бағаналары орнатылып, Степной, Жоламан, Суық бұлақ, Шығыс, Мирный, Затон, Комсомол кенттеріндегі бірнеше көшелерде жарықтандыру жұмыстары атқарылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі