Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
📍8 желтоқсан 2023 жыл.
Сағат таңғы 05:00

📌Жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстары түнгі аусымда үздіксіз жүргізілді.

Авариялық жағдайларды болдырмау үшін мамандандырылған техникамен жолдарға құм-тұз қоспасын себу жүргізілді.

....

📍 8 декабря 2023 г.
05: 00утра.

📌 Работы по обработке дорог противогололедными материалами проводились непрерывно в ночное время.

Во избежание аварийных ситуаций специализированной техникой проводится подсыпка дорог пескосоляной смесью.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Бүгін Абай облысның әкімі Нұрлан Ұранхаев Семей қаласының тұрғындарымен кездесті

Жиын барысында Семей қаласының әкімі өңір басшысы мен қала тұрғындарының алдында атқарылып жатқан жұмыстар мен келесі жылға арналған жоспарлар туралы баяндама жасады. Нұрбол Нұрсағатов бүгінгі таңда қала тұрғындарын толғандыратын ең өзекті мәселелерді, соның ішінде ТКШ және қоғамдық көліктің жұмысы, жылумен жабдықтау, саяжай кенттерін электрмен жабдықтау және сумен жабдықтау, сыртқы жарықтандыру, инфрақұрылым, абаттандыру, тұрғын үй құрылысы, көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу, білім беру, әлеуметтік қорғау және т. б. мәселелерді қозғады.

Сондай-ақ, есеп беру кездесуі аясында тұрғындар қоғамдық көлік санын ұлғайтуды, саяжайлар мен кенттерге жарықтандырулар жүргізуді, инва-такси санын арттыру, қаланың экологиялық тазалығы, жол жөндеуге қатысты бірқатар мәселелерді көтерді. Қатысушылардың барлық сұрақтарына толық түсініктемелер мен жауаптар берілді. Сонымен қатар, қала тұрғындары жеке мәселелері бойынша тұрғын үймен қамтамасыз ету және қиын жағдайда қолдау көрсету туралы өтініш білдірді. Бұл мәселелер бақылауға алынды, оларды шешу үшін қажетті шаралар заңды негізде қабылданатын болады.

Тұрғындармен жалпы кездесу 2 сағатқа созылды, оны аяқтағаннан кейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сондай-ақ облыс және қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктердің басқармалары мен бөлімдерінің басшылары азаматтарды жеке қабылдады. Кездесуге қатысу үшін облыстың барлық мемлекеттік мекемелерінің, күш құрылымдарының өкілдері, сондай-ақ барлық тілек білдірген қала тұрғындары мен БАҚ өкілдері шақырылды. Кездесудің тікелей көрсетілімі Абай облысы әкімдігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында өтті.

Айта кетейік, 2022 жылдың қазан айынан бастап Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов тұрғындармен 52 ресми кездесу өткізді, оның ішінде 24 – Семей қаласында және 28-і ауылдық округтер мен кенттерде. Сонымен қатар, күн сайын жетекшілік ететін орынбасарлармен және бөлім басшыларымен бірге қаланың әртүрлі аудандарын аралап, белсенділермен кездесулер өткізіледі. Қала әкімі мен оның орынбасарлары апта сайын тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Аталған кезеңде қала әкімінің қабылдауында 2000-нан астам қала тұрғыны болды.

Бұдан басқа, Семей қаласының әкімдігі халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізуде. Instagram, Facebook, Telegram әлеуметтік желілері арқылы және Whatsapp +77007187160 сенім телефоны арқылы қала тұрғындарының өтініштері ресми түрде ғана қабылданбайды. 2022 жылдың қазан айынан бастап Whatsapp мессенджеріне қоғамдық көлік, қалалық санитария және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жұмыстарына қатысты 20000-нан астам өтініштер, шағымдар мен тілектер келіп түсті.
Instagram және Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунттары арқылы қала тұрғындары да шағымдана алады.

Қала тұрғындарының пікірін ескере отырып, Семей әкімдігі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірледі, қажетті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қала маңындағы тұрғындардың шағымдарына тиімді ден қою үшін кенттерде әкімнің бас инспекторлары жұмыс істейді.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Сегодня в театре им. Абая состоялась встреча акима области Абай Нурлана Уранхаева с жителями города Семей.

С докладом о проводимой работе и о планах на следующий год перед главой региона и горожанами выступил также аким города Семей. Нурбол Нурсагатов затронул наиболее острые вопросы, которые волнуют горожан на сегодняшний день, в том числе работа ЖКХ и общественного транспорта, теплоснабжение, электроснабжение и водоснабжение дачных поселков, наружное освещение, инфраструктура, благоустройство, жилищное строительство, ремонт фасадов многоэтажных жилых домов, образование, соцзащита и др.

На все вопросы присутствующих были предоставлены полные разъяснения и ответы. Кроме того, горожане обращались по личным вопросам с просьбой обеспечить жильем и оказать поддержку в трудной ситуации. Данные вопросы взяты на контроль, необходимые меры для их решения будут приниматься на законной основе.

Также в рамках отчетной встречи жители задали ряд вопросов, касающихся увеличения количества общественного транспорта, освещения улиц дач и поселков, увеличения количества инва-такси, загрязнение воздуха, и ремонта дорог города Семей. Общая встреча с жителями длилась в течение двух часов, после ее завершения аким области Нурлан Уранхаев, аким города Нурбол Нурсагатов, а также заместители акима области и города и руководители управлений и отделов акиматов приняли горожан в индивидуальном порядке. Для участия во встрече были приглашены представители всех государственных учреждений области, силовых структур, а также все желающие горожане и представители СМИ. Прямая трансляция встречи велась на официальном аккаунте акимата области Абай в социальной сети Facebook.

Добавим, что с октября 2022 года аким города Семей Нурбол Нурсагатов провел 52 официальных встреч с жителями, в том числе 24– в Семее и 28 в сельских округах и поселках. Кроме того, ежедневно проводятся обходы разных районов города вместе с курирующими заместителями и руководителями отделов и встречи с активистами. Аким города и его заместители каждую неделю принимают жителей по личным вопросам. На приеме у акима города за указанный период побывали более 2000 горожан.

Кроме того, акимат города Семей ведет активную работу в социальных сетях для обеспечения эффективной обратной связи с населением. Обращения горожан принимаются не только официально, но также через социальные сети Instagram, Facebook, Telegram и по телефону доверия Whatsapp +77007187160. С октября 2022 года в мессенджере Whatsapp поступило более 20 000 обращений, жалоб и пожеланий, касающихся работы общественного транспорта, городской санитарии и жилищно-коммунального хозяйства.
Горожане также могут обратиться с жалобой и лично к акиму Нурболу Нурсагатову через его аккаунты в социальной сети Instagram и Facebook.

С учетом мнения горожан акиматом Семея разработан план мероприятий, направленных на решение первоочередных вопросов, ведется необходимая работа. Также для эффективного реагирования на жалобы жителей окраин в поселках работают главные инспекторы акима.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
⚡️Абай музейінде «Менің қалам» атты суретшілер көрме вернисажының марапаттау рәсімі өтті

Шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов қатысты.

Биылғы жылы қалада алғаш рет Семей қаласы суретшілерінің «Менің қалам» қалалық вернисаж-конкурсы өткізілді.

«Бүгін қала тұрғындары мен қонақтары бейнелеу өнер туындылары арқылы қаланың тарихы мен өмірін бейнелеген көркем шығармаларды көруге мүмкіндік алды. Көрме-байқаудың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Қазақстан Республикасы суретшілер одағының 90 жылдығына орайластырылып өткізіліп отырғаны көңіл қуантады. Бүгінгі шараға қатысып отырған қылқалам шеберлерін және жалпы суретшілер қауымын атаулы күнмен және алда келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын!» - деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

«Менің қалам» вернисаж байқауы - бұл ең алдымен суретшілерге өз туындыларын көпшілікке көрсету, көрерменнің реакциясын білу, дамуға серпін алу, өзін-өзі жүзеге асыру, қаржылық және материалдық қолдау алу мүмкіндігі.

Қылқалам шеберлеріне шығармашылық үшін орын және жұмыс материалдары берілді. Суретшілер бір апта бойы шығармашылығының объективі арқылы қаланың тарихы мен өмірін түсіндіретін көркем шығармаларды бейнеледі.

Көрмеде байқауға қатысқан 16 жергілікті суретшінің бейнелеу өнер туындылары орналастырылып, көпшілік назарына ұсынылды.

Шара барысында көрмеге қатысқан қылқалам шеберлері марапатталды.

Байқауға ұсынылған үздік туындылары үшін жүлделі І орынды - Талгат Татиев, ІІ орынды - Михаил Пауцкий, ІІІ орынды - Фарид Хасенов иеленді. Барлық қатысушыларға сертификаттар мен бағалы сыйлықтар ұсынылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі