Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.76K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
⚡️ Семей қаласының өнеркәсіп саласында өсім байқалады

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаланың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, алдағы даму жоспарларымен бөлісті.

Әкім атап өткендей, Семей қаласында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қызметінің негізгі көрсеткіштері бойынша оң динамика байқалады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 мыңға жуықтаса, бұл салада 60 000-нан астам адам жұмыс істейді. Семей қаласында жұмыспен қамтылғандардың үлесі Абай облысы халқының 65 % құрайды. Өнеркәсіпте 36,1 %, агроөнеркәсіптік кешенде 19,1 % , саудада 9,8 %, негізгі капиталға инвестициялар көлемі 48,3 %, құрылыс жұмыстары 43,7 % ұлғайды.

Сондай-ақ, Нұрбол Нұрсағатов өз баяндамасында тұрғын үй құрылысы мен жолдардың жай-күйін ашық жеткізді.

«Биыл Семей қаласының жалпы ұзындығы 60 км болатын 54 көшесінің жүргін бөлігіне орташа жөндеу жүргізілді. Шугаев, Докучаев, Чайковский және Көшкінбаева көшелерінде жөндеу жұмыстары жиек тастарды ауыстырумен және тротуарларды орнатумен атқарылды. Асфальт төсеу жұмыстары қаланың орталық бөлігін ғана емес, шеткері аумақтардағы саяжайларды да қамтыды. Сонымен қатар, биыл Семей қаласына қарайтын ауылдарға да көңіл бөлініп отыр. 2023 жылы 3 ауылдың жалпы ұзындығы 10 км болатын кіреберіс жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Биыл 2023  жылдың қаңтар-қазан айларында  182 296 шаршы метр тұрғын үй іске қосылды, 2022 жылдың тиісті кезеңінен  12 921 ш. м. артты. Қазіргі уақытта қала шегінде 20 көпқабатты бюджеттік тұрғын үй және 27 коммерциялық үй салу жұмыстары жүргізілуде. 2023 жылдың соңына дейін қала шегінде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан 17 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталады.

Нұрбол Нұрсағатовтың мәліметінше, жыл басынан бері 144 пәтер баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілген. Жыл соңына дейін Ұшақтар көпбалалы отбасы санатында кезекте тұрған отбасыларға тағы 50 баспана беріледі.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері қала басшысына өздерін толғандырған бірқатар сұрақтарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
 
Семей қаласының әкімдігі
⚡️ Семей қаласының өнеркәсіп саласында өсім байқалады Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Абай облысының өңірлік коммуникация қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында қаланың ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндап, алдағы…
В городе Семей наблюдается рост промышленности
 
Сегодня аким города Семей Нурбол Нурсагатов во время пресс-конференции на площадке Региональной службы коммуникаций области Абай в своем докладе отметил о социально-экономическом состоянии города и поделился планами на будущее.

Как отметил аким, в городе Семей наблюдается положительная динамика по основным показателям субъектов малого и среднего предпринимательства.

Число зарегистрировавших субъектов малого и среднего предпринимательства достигло около 30 тысяч и в этой отрасли трудоустроены более 60 тысяч человек. Доля трудоустроенных в городе Семей составляет 65%. Рост инвестиций в основной капитал составил 48,3%, в производстве 36,1%, в агропромышленном комплексе 19,1%, в торговле 9,8%, а объем строительных работ увеличился на 43,7%.

Также аким города в своем докладе открыто доложил о текущем состоянии дорог и строительства жилья.

«В этом году в городе Семей был проведен средний ремонт тротуаров 54 улиц с общей протяженностью 60 км. На улицах Шугаева, Докучаева, Чайковского и Кошкинбаева были заменены бордюры и установлены тротуары. Работы по укладке асфальта были осуществлены не только в центре города, но и на окраине города. Также в этом году особое внимание уделяется селам, прилегающим к городу. В 2023 году в 3 селах был сделан средний ремонт подъездных дорог общей протяженностью 10 км», - отметил Нурбол Нурсагатов.

В этом году с января по октябрь были сданы в эксплуатацию 182 296 кв. м. жилья. По сравнению с аналогичным периодом предыдущего года рост составил 12 921 кв. м. На данный момент в городе строятся 20 многоэтажных бюджетных и 27 коммерческих домов. До конца 2023 года планируется завершение строительства 17 многоквартирных жилых домов в черте города по государственной программе.

Как доложил аким Нурбол Нурсагатов, с начала года состоявшим в очереди гражданам были выданы 144 квартир. До конца года планируется выдача еще 50 квартир многодетным семьям, состоявшим в очереди на жилье, в поселке Ушактар.

Во время брифинга у представителей СМИ была возможность задать интересующие вопросы акиму и получить ответы на них.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың әлеуметтік желідегі жазбасынан:

“Бүгінгі жұмыс күнім маңызды кездесулерге толы болды. Менің қабылдауыма түрлі сұрақтармен келген 10 адам қатысып, кейбір қала тұрғындары ZOOM арқылы өз сұрақтарын қойды.

Өтініштердің негізгі бөлігі жұмыспен қамту, тұрғын үй және жер мәселелеріне қатысты болды. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты сұрақтарға заңңамаға сүйеніп тиісті жауаптарын бердім.

Баспанаға мұқтаж жандарға ерекше назар аударылды. Оларға өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету үдерістерін түсіндіріп, әрбір санат бойынша кезектілікті ілгерілету тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып бердік.

Қала басшысы ретінде менің бақылауымда назар аударуды және шешуді қажет ететін көптеген мәселелер бар екенін түсінемін. Алайда мен көтерілген әр сұрақты ұмытпаймын-мен үшін қойылған әрбір сұрақ маңызды және мен оларды бақылауда ұстаймын”.