Семей қаласының әкімдігі
3K subscribers
10.4K photos
2.77K videos
9 files
822 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
❗️Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті РММ бүгінгі күні Семей қаласы мен Абай облысының аумағында қызылша бойынша карантиндік іс-шаралар жүргізілмейтінін хабарлайды. Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.

Еліміздегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық емдеу ұйымдары ағымдағы дезинфекцияны, ылғалды тазалауды, жиі желдетуді күшейтті.

Науқастарды госпитализациялау кезінде жедел респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері және теріде бөртпелер болған кезде сақтық шараларын сақтайды.

Медицина қызметкерлері респираторлық аурулардың белгілері анықталған кезде жұмыстан учаскелік дәрігерге барғанға дейін шеттетіледі.

Облыс тұрғындарынан қоғамдық орындарға шұғыл қажеттіліксіз барудан бас тартуды сұраймыз. Жедел респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жадайда дәрігерді үйге шақырыңыз.

🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️РГУ «Департамент санитарно-эпидемиологического контроля по области Абай» сообщает, что на сегодняшний день на территории г. Семей и области Абай никакие карантинные мероприятия по кори не проводятся. Эпидемиологическая ситуация по кори в области расценивается как стабильная.

В связи с неблагополучной эпидемиологической ситуацией по кори в стране все лечебные организации усилили текущую дезинфекцию, влажную уборку, частое проветривание.

При госпитализации больных проявляется настороженность при наличии клинических симптомов острой респираторной инфекции и высыпаний на коже.

Медицинские работники при выявлении признаков респираторных заболеваний отстраняются от работы до посещения участкового врача.

Просим жителей области воздержаться от посещения общественных мест без острой необходимости. При первых признаках острой респираторной инфекции вызывать врача на дом.

🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ “Красный Кордон" кентінде балалар ойын алаңқайы мен футбол алаңы ашылды

Бүгін Семей қаласының "Красный Кордон" тұрғын алабындағы Томск көшесінде қоғамдық кеңістік тұрғындардың қолданысына берілді. Көктем маусымында Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген тұрғындар аталған аумаққа қоғамдық орын салып беруді сұраған болатын. Мердігер ұйым екі ай көлемінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Бүгін Семей қаласының мәдениет бөлімі аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды ұсынды. Мерекелік шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Қоғамдық кеңістік воркаут, сырғанақ, әткеншек сынды балалар алаңқайы мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңын қамтиды.

Ағымдағы жылы Семей қаласының шеткері аумақтарында 10-нан аса ойын алаңдары бой көтерд. Қала әкімінің тапсырмасымен балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында, аниматорлардың қатысуымен әр жаңартылған аулада мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семейде Мәңгілік Ел көшесінде жаңа қоғамдық кеңістік ашылды

Бүгін қалада демалуға және бос уақытты тиімді өткізуге арналған жаңа орын ашылып, халық игілігіне берілді. Бұл облыс ашылғалы бері Семейде бірінші қоғамдық кеңістік емес.

Қоғамдық кеңістік заманауи стильде жасалған, жасыл кеңістіктер отырғызылған, шағын архитектуралық пішіндер мен жаяу жүргіншілірге арналған ығайлы төсеніштер жасалған.

Семей қаласындағы Ақындар орталығының жетекшісі Дәметкен Омарбаева атап өткендей, бұл жаңалық барлық семейліктер үшін маңызды оқиға болды.

- Біз үшін бұл үлкен қуаныш. Әлихан Бөкейхан ескерткішінің жанындағы Арбатта осы қоғамдық кеңістіктің ашылуы демалыс орны ретінде ғана емес, үлкен маңызға ие. Себебі бұл жерде халық көп жиналады, орталықта орналасқан. Әсіресе жастар және қарт адамдар үшін. Облыс басшылығына атқарылған жұмыстар үшін көп рахмет, - деді Дәметкен Омарбаева.

Қала тұрғыны Рахметолла Ракышев барлық семейліктер үшін қаланың абаттандырылып, халық үшін белсенді демалыс орындарының ашылуы ерекше деп атап өтті.

- Бұл семейліктер үшін ерекше қуаныш. Бір жылдан астам уақыт, біз қалай облыс болдық көптеген жақсы , көз қуанарлық жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін тағы бір қуанышты жағдай керемет қоғамдық кеңістіктің ашылуы болды. Үлкен жұмыс тек қала орталығында ғана емес, сонымен қатар шетіндегі Шығыс, Нахаловка, басқа да шеткері аймақтарды да жүргізілуде, - деді қала тұрғыны.

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың айтуынша, қоғамдық орындарды ашу жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Қала басшысы бүгін Красный кордон халқы үшін жақсы, заманауи футбол алаңы ашылса, келесі аптада Шығыс кентінде қоғамдық кеңістік ашылатындығын жеткізді.

#Семейқаласыныңәкімдігі