Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.76K videos
9 files
791 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары!

2023 жылдың 18 қараша күні сағат 10:30-да, Красный кардон кенті, Томская 64 көшесі мекен-жайы бойынша балалар ойын алаңы мен футбол алаңының ашылуы өтетін болады.

Сондай-ақ, сағат 11:00-де Мәңгілік ел көшесіндегі қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылу рәсімін өткізу жоспарлануда. Шара Әлихан Бөкейхан ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталады.

Іс-шара барысында қала тұрғындары үшін арнайы концерттік бағдарлама, спорттық ойындар және балаларға арналған ертегі кейіпкерлері кішкентай бүлдіршіндерге керемет көңіл-күй сыйлайтын болады.

Барлық қала тұрғындарын аталмыш шараларға қатысуға шақырамыз.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті семейліктер мен қала қонақтары! 2023 жылдың 18 қараша күні сағат 10:30-да, Красный кардон кенті, Томская 64 көшесі мекен-жайы бойынша балалар ойын алаңы мен футбол алаңының ашылуы өтетін болады. Сондай-ақ, сағат 11:00-де Мәңгілік ел көшесіндегі…
Уважаемые горожане и гости города!

18 ноября 2023 года в 10:30 часов состоится открытие детской игровой площадки и футбольного поля по адресу п. Красный кардон, ул. Томская, 64.

Также в 11:00 часов планируется торжественное открытие общественного пространства по улице Мәңгілік ел. Мероприятие начнется с церемонии возложения цветов к памятнику Алихану Букейхану.

В ходе мероприятия для горожан будет организована специальная концертная программа, спортивные игры и аниматоры сказочных героев для детей, которые подарят для маленьких гостей прекрасное настроение.

Приглашаем всех горожан принять участие в данных мероприятиях.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Ауыл шаруашылығы қызметкерлері марапатталды

Семейде Ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне орай салтанатты жиын өтті. Шараға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов пен Семей қаласы мәслихатының төрағасы Данияр Шәкәрімов, агроөнеркәсіп кешенінің қызметкерлері мен ардагерлері, сала озаттары қатысты.

Жиында сөз алған Нұрбол Нұрсағатов: «Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын жандандыру біздің айрықша назарымызда. Экономиканың басты механизміне айналған ауыл шаруашылығы саласының гүлденуіне сүбелі үлес қосқан қызметкерлерге әрқашан құрметіміз ерекше. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтай отыра, қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін» - деп ізгі ниетін білдірді.

Саланың үздік қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрмет грамоталары табысталды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін шаруа қожалықтарының басшыларына және қызметкерлеріне облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың және қала әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

Атап айтқанда, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен «Шығыс Қазақстан ұн-құрама жем комбинаты» АҚ бас директоры Т. Касымов, «Шығыс Бройлер» ЖШС директоры Т. Жексембаев, «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен «Айжан+» шаруа қожалығының жетекшісі О. Оспанов, «Турксиб-1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі басшысы Б. Жусупов марапатталды.

Салтанатты шара соңы көркемөнерпаз ұжымдарының қатысуымен өткен мерекелік концертке ұласты.

Айта кетейік, ағымдағы жылы өнім өндіру көлемі мен негізгі капиталға салынған инвестициялар бойынша өсім бар. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты ауқымды жұмыстар атқарылуда. Семей қаласында 77 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізіліп, өнім нарықтық бағадан төмен бағамен сатылды. Қалаға қарасты кәсіпорындар республикадан тыс жерлерге 73,0 мың тонна өнім экспорттады. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы негізгі көрсеткіштерді орындауға қол жеткізілді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Video
Награждены работники сельского хозяйства

В Семее состоялось торжественное собрание, посвященное Дню работников сельского хозяйства и перерабатывающей промышленности. В мероприятии приняли участие аким города Семей Нурбол Нурсагатов и председатель маслихата города Семей Данияр Шакаримов, работники и ветераны агропромышленного комплекса и представители отрасли.

Выступая на совещании, Нурбол Нурсагатов отметил: "Мы уделяем особое внимание активизации сельскохозяйственной отрасли региона и всегда уважаем сотрудников, внесших значительный вклад в процветание сельскохозяйственной отрасли, которая стала главным механизмом экономики. Поздравляя вас с профессиональным праздником, желаю успехов в вашей работе и благополучия вашим семьям» - выразив свою благодарность и вручил Почетные грамоты и благодарственные письма ряду специалистов отрасли.

Лучшим работникам отрасли были вручены почетные грамоты Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан. Также за личный вклад в развитие сельского хозяйства, руководителям и работникам крестьянских хозяйств были вручены благодарственные письма акима области Нурлана Уранхаева и акима города.

В частности, нагрудным знаком «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» были награждены генеральный директор АО «Восточно-Казахстанский мукомольно-комбикормовый комбинат» Т. Касымов и директор ТОО «Восток Бройлер» Т. Жексембаев. Нагрудным знаком «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» были награждены руководитель крестьянского хозяйства «Айжан+» О. Оспанов и руководитель сельскохозяйственного производственного кооператива «Турксиб-1» Б. Жусупов.

Торжественное мероприятие завершилось праздничным концертом с участием коллективов художественной самодеятельности.

Отметим, что в текущем году наблюдается рост объемов производства продукции и инвестиций в основной капитал. Ведется большая работа по социально-экономическому развитию региона. В Семее проведено 77 сельскохозяйственных ярмарок, где продукция реализована по ценам ниже рыночных. Подведомственные предприятия экспортировали за пределы республики 73,0 тыс. тонн продукции. Достигнуто выполнение основных показателей в сфере агропромышленного комплекса.

#Семейқаласыныңәкімдігі
❗️Абай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті РММ бүгінгі күні Семей қаласы мен Абай облысының аумағында қызылша бойынша карантиндік іс-шаралар жүргізілмейтінін хабарлайды. Облыстағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады.

Еліміздегі қызылша бойынша қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты барлық емдеу ұйымдары ағымдағы дезинфекцияны, ылғалды тазалауды, жиі желдетуді күшейтті.

Науқастарды госпитализациялау кезінде жедел респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері және теріде бөртпелер болған кезде сақтық шараларын сақтайды.

Медицина қызметкерлері респираторлық аурулардың белгілері анықталған кезде жұмыстан учаскелік дәрігерге барғанға дейін шеттетіледі.

Облыс тұрғындарынан қоғамдық орындарға шұғыл қажеттіліксіз барудан бас тартуды сұраймыз. Жедел респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері пайда болған жадайда дәрігерді үйге шақырыңыз.

🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❗️РГУ «Департамент санитарно-эпидемиологического контроля по области Абай» сообщает, что на сегодняшний день на территории г. Семей и области Абай никакие карантинные мероприятия по кори не проводятся. Эпидемиологическая ситуация по кори в области расценивается как стабильная.

В связи с неблагополучной эпидемиологической ситуацией по кори в стране все лечебные организации усилили текущую дезинфекцию, влажную уборку, частое проветривание.

При госпитализации больных проявляется настороженность при наличии клинических симптомов острой респираторной инфекции и высыпаний на коже.

Медицинские работники при выявлении признаков респираторных заболеваний отстраняются от работы до посещения участкового врача.

Просим жителей области воздержаться от посещения общественных мест без острой необходимости. При первых признаках острой респираторной инфекции вызывать врача на дом.

🚀 #АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ “Красный Кордон" кентінде балалар ойын алаңқайы мен футбол алаңы ашылды

Бүгін Семей қаласының "Красный Кордон" тұрғын алабындағы Томск көшесінде қоғамдық кеңістік тұрғындардың қолданысына берілді. Көктем маусымында Нұрбол Нұрсағатовтың қабылдауына келген тұрғындар аталған аумаққа қоғамдық орын салып беруді сұраған болатын. Мердігер ұйым екі ай көлемінде тиісті жұмыстарды жүргізіп, қазан айында құрылыс жұмыстарын аяқтады.

Бүгін Семей қаласының мәдениет бөлімі аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарламаларды ұсынды. Мерекелік шараға қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов қатысты.

Қоғамдық кеңістік воркаут, сырғанақ, әткеншек сынды балалар алаңқайы мен жасөспірімдерге арналған футбол алаңын қамтиды.

Ағымдағы жылы Семей қаласының шеткері аумақтарында 10-нан аса ойын алаңдары бой көтерд. Қала әкімінің тапсырмасымен балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлау мақсатында, аниматорлардың қатысуымен әр жаңартылған аулада мерекелік іс-шара ұйымдастырылуда.

#Семейқаласыныңәкімдігі