Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
748 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

Алдын ала болжам бойынша алдағы жылу маусымына Семей қаласына 260 000 тонна көмір қажет.

Көмірмен уақытылы қамтамасыз ету үшін «Қаражыра» АҚ және «ҚТЖ» АҚ-мен бірлесіп, шахтадан көмірді уақытылы жеткізу үшін вагондар күнделікті тасымалдауда.

📌Көмірді жеткізуді келесі ұйымдар жүзеге асырады:

✔️- «Жігер» ЖШС - 28 500 тонна көмір жеткізілді. 1 тонна көмірдің құны - 12700 теңге. Көмірді Көкентау тас жолы, 1 км. және Шығыс кенті (6 саяжай) аумағында сатылады.

✔️- «Семей Көмір» ЖШС- нен "72 квартал" аумағында сатып алуға болады. Құны - 12500 теңге, көлік қызметтерін ескере отырып, көмірдің құны- 14000 теңгені құрайды.

«Соңғы тәулікте ауа райы жаңбырлы болып тұрса да, көмір қоры Семей қаласына тұрақты түрде жеткізілуде. Қала тұрғындарын жылу беру маусымы басталғанға дейін көмір сатып алуға шақырамын. Күн суыта салысымен кезек көбеюі әбден мүмкін. Қазіргі таңда қатты отынды тасымалдаумен Семей қаласында 2 көмір тасымалдаушы кәсіпорын айналысады”, - деді ТКШ бөлімі бастығының орынбасары Арман Токпаков.

Айта кетейік, қазіргі уақытта көмірге деген үлкен сұраныс және ұзын-сонар кезек жоқ. Теміржол тұйықтарында жоспарға сәйкес, күніне тұрақты түрде 5-9 вагон көмір қоры тасымалданып жатыр.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Количество угля на будущую зиму достаточно

По предварительным оценкам, на предстоящий отопительный сезон городу Семей потребуется 260 000 тонн угля.

Для своевременного обеспечения углем совместно с АО «Каражыра» и АО «КТЖ» ежедневно перевозятся вагоны для своевременной доставки угля из шахты.

📌Поставка угля осуществляется следующими организациями:

✔️ - ТОО «Жигер»- Стоимость 1 тонны 12700 тенге. Завоз осуществляется на два тупика: Знаменская трасса, 1-й км. и пос. Восточный (6 дачи).

✔️ - ТОО «Семей Комир» - с начала года поступило -27000 тонн. На тупике «72 квартал» стоимость - 12500 тенге/тонна учетом транспортных услуг стоимость угля составляет – 14 000тенге.


"Несмотря на то, что за последние сутки погода остается дождливой, запасы угля в городе Семей постоянно пополняются. Призываю горожан покупать уголь до начала отопительного сезона. Как только наступят холода, очередь, скорее всего, увеличится. В настоящее время перевозкой твердого топлива занимаются 2 угольных предприятия в г. Семей
”, - сказал заместитель руководителя отдела ЖКХ Арман ТОКПАКОВ.

Отметим, что на данный момент большого спроса на уголь и длинных очередей нет. В железнодорожных тупиках, согласно плану, регулярно доставляется 5-9 вагонов в день.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔵Семей қаласында көмір қоры жеткілікті

………

🔵 В Семее достаточно запасов угля
♟️Семейде «Шахмат керуені» шарасының ашылу салтанаты өтті

Керуен бұған дейін Көкшетау, Петропавл, Қарағанды, Павлодар қалаларын аралап үлгерген.

Бас серіктес «Freedom Broker» қолдауымен жүзеге асып жатқан жоба өңірлерде шахмат қозғалысын кеңінен насихаттауды көздейді. Керуеннің идеясына саудамен қатар, халықтардың мәдени және спорттық мұрасын тасымалдаған Ұлы Жібек жолы әсер еткен.

«Шахмат ойыны – адамның ақыл-ой ұшқырлығы мен шығармашылық қабілетін дамытуға, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдауға ынталандыратын спорт түрі. Қазіргі қоғам интеллекті жоғары, терең ойлы азаматтарды қажет етеді. Керуеннің жұмысына сәттілік тілеймін!»- деп атап өтті қала әкімі.

Айта кетейік, керуеннің сапары аясында Абай облысында Шахмат федерациясы ашылды. Семей қаласының әкімі Нұрсағатов Нұрбол Төлегенұлы Абай облысы шахмат федерациясының төрағасы болып сайланды.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
♟️В Семее состоялась церемония открытия «Шахматного каравана»

Масштабный проект "Шахматный караван" уже побывал в Кокшетау, Петропавловске, Караганде и Павлодаре.

Данный проект реализуется при поддержке генерального партнера «Freedom Broker», направлен на широкую популяризацию шахматного движения в регионах. В основе идеи - Великий шелковый путь, который наряду с торговлей нёс культурное и спортивное наследие.

«Игра в шахматы – это вид спорта, который способствует развитию быстроты ума и творческих способностей, изобретательности и быстроты принятия решений. Современному обществу нужны высокоинтеллектуальные, глубоко мыслящие граждане. Желаю успехов работе каравана»- сказал аким города.

Отметим, в рамках визита каравана в области Абай открылась Шахматная федерация. Аким Семея Нурбол Нурсагатов избран председателем шахматной федерации области Абай.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🚰Орталық саябақтағы көгал автоматты суару жүйесіне қосылды

Бұған дейін Семей қаласындағы орталық саябақтың жағдайы біраз кері пікірлерге ұшыраған болатын. Ағымдағы жылы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша орталық саябақтың көгалдарын күтіп ұстау және суару жүйесін реттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы бүгін қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Ерназ Мұқатаев мәлімдеді.

- Саябақты күтіп ұстау аясында 17 мың шаршы метр көгал қалпына келтіріліп, Мәңгілік Ел көшесі, 4 суару жүйелері орнатылды. Көгалдардың жайқалып өсуі үшін үнемі суару қажет және бұл шара күтім ұстау жоспарына енгізілді. Сонымен қатар, саябақтың кіреберісін қалпына келтіріліп, шағын сәулет элементтері ауыстырылды. Орталық саябақты жақсарту бойынша жұмыстың келесі қадамы саябақ аумағында шалшықтардың пайда болу мәселесін қарастыру болды. Облыс және қала басшылығының тапсырмаларына сәйкес, тиімді ағызу және судың жиналуын болдырмау үшін геодезиялық деректерді қайта қарау жоспарлануда. Мердігер ұйымда жұмыстарды орындауға өз үлесін қосуға дайын. Нақты мерзімдер белгіленбеген, өйткені жұмыстар ағымдағы қызмет көрсету және келісу шеңберінде орындалады, - деп атап өтті Ерназ Мұқатаев.

Бөлім басшысы орталық саябақ барлық тұрғындар үшін демалыс орнына айналу үшін ТКШ қоғамдық орындарды жақсарту бойынша жұмысты жалғастыратынын атап өтті.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Video
Газон в Центральном парке подключили к системе автополива

До этого состояние Центрального парка в городе Семей часто подвергалось сомнению. В текущем году по поручению акима области Нурлана Уранхаева проведены работы по содержанию газонов и регулированию ирригационной системы центрального парка. Об этом сегодня сообщил руководитель отдела жилищно-коммунального хозяйства города Ерназ Мукатаев.

- В рамках содержания восстановлено 17 тыс. кв. м газона и установлены системы автополива от ул.Мәңгілік Ел, 4. Регулярный полив необходим для здорового роста газонов, и данная мера была внесена в план содержания. Кроме того, была проведена реставрация входной группы парка, и заменены малые архитектурные элементы. Следующим шагом в работе над улучшением центрального парка будет рассмотрение проблемы с образованием луж на территории парка. В соответствии с поручениями руководства области и города в планах пересмотр геодезических данных для эффективного стока и предотвращения скопления воды. Подрядчик также готов внести свой вклад в выполнение работ. Конкретные сроки не установлены, так как работы выполняются в рамках текущего обслуживания и согласования,- отметил Ерназ Мукатаев.

Руководитель отдела подчеркнул, что ЖКХ будет продолжать работу по улучшению общественных мест, чтобы центральный парк стал приятным и ухоженным местом для всех жителей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
🏋️‍♀️Ағымдағы жылы Семей қаласында 350-ден астам бұқаралық спортты дамытуға бағытталған іс-шара ұйымдастырылды

Бұл туралы спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дюсенбаев мәлімдеді. Оның сөзінше, 2023 жылы бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес бүгінгі таңда 350 – ден астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді.

“Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес 2023 жылы Семей қаласының тұрғындарын дене шынықтыру және бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту бойынша арнайы жоспары бекітілді. Осы жоспарды орындау мақсатында қалалық бюджеттен ақшалай қаражат бөлінді. Жоспарға сәйкес қала 5 орынға бөлініп, әр жерден аптасына 2 рет барлық жастағы қала тұрғындарына арналған тегін «Спорт барлығы үшін» жобасы іске қосылды. Яғни келесі спорт түрлері бойынша сауықтыру іс-шаралары өткізілед: «Йога», «Кроссфит», «Зумба», «Жүгіру», «Скандинавиялық серуендеу». Іс-шара 2023 жылдың шілде-қазан айлары аралығын қамтиды”,- деді Бауыржан Дюсенбаев.

Қалада 73 спорт түрі дамыған, оның 30 олимпиадалық спорт түрлері. Айта кететін тағы бір жайт, 2023 жылы алғаш рет ескі жағалауда дене шынықтыру және спорт бөлімінің қолдауымен ARB LEAGUE «Ертістегі шайқас» турнирі өтті. Бұл турнирге Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Риддер қалаларынан және Абай облысының жақын аудандарынан 100-ден астам спортшы қатысты.

Сондай-ақ, биыл жастар жиі қызығушылық танытатын “ARB Liga Semey”, “керлинг”, “Drag Racing” сынды спорт түрлерінен сайыстар мен ұлттық спорт түрлерінен қазақ күресі, жекпе-жек, бәйге өтті.

#Семейқаласыныңәкімдігі