Семей қаласының әкімдігі
3.03K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Video
В Семее прошел “Aбай марафон"

В Семее прошли легкоатлетические соревнования "Абай марафон".

Данный марафон традиционно проводится второй раз с момента образования области Абай. Заместитель акима области Абай Шалкар Байбеков, аким Семея Нурбол Нурсагатов приняли участие в марафоне и пробежали вместе с жителями города.

Участники соревновались на следующих дистанциях:

● Кросс-кантри – 5 км;
● Бег – 10 км;
● Полумарафон – 21,1 км.


В рамках марафона были организованы шоу-программы с участием известных спортсменов, а также призы от партнеров, розыгрыши и конкурсы.

#Семейқаласыныңәкімдігі
☄️Құрметті жерлестер!
Сіздерді Отбасы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!


Қыркүйек айының екінші жексенбісіне белгіленген бұл мереке айрықша мәнге ие.

Абай облысында әр отбасының әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында қарқынды жұмыстар атқарылып жатыр.

✔️Тұрғындардың демалу орындарының қатары артты. Семей қаласының сол жағалауында көпірасты кеңістігі алдағы үлкен жоспардың тек бастауы. Бүгінде облыста жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 54 мыңнан асты. Бүгінгі таңда 23,9 млрд. теңгеге жылу желілері жөнделіп жатыр.

🔼Облыста жалпы ауданы 480 мың шаршы метр  68 көппәтерлі және жеке тұрғын үй (1170 пәтер) салынды. Алдағы екі жылда 11 мектеп салу жоспарланған. 2025 жылға дейін өңірді 65 денсаулық нысанның құрылысын салу жоспарланып отыр.

Отбасы институтын нығайту мен оның құндылықтарын насихаттау - еліміздегі тұрақтылық пен келісімді арттырудың тиімді жолы. Сол себепті, ​бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық, шаңырақтың шаттығы – Әділетті Қазақстанның басты мақсаттарының бірі бола бермек.

​Сіздерге мықты денсаулық, бақыт пен қуаныш, ырыс пен береке тілеймін.
​Әр шаңырақтан шаттық үзілмесін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті семейліктер!

Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Отанға сүйіспеншілік өз отбасыңа деген ыстық сезімнен басталады. Өзің өсіп-өнген шаңырағыңда алған үлгілі тәлім-тәрбиең — ұлттың кемелді келешегінің кепілі.

Қазақстанда отбасы туралы қамқорлыққа, сәбилердің өсіп-өнуіне, аналар мен балаларды қолдауға бағытталған мемлекеттік отбасылық саясат жүйесі жасалған. Семей қаласында отбасылық дамуды нығайту үшін көптеген істер жүзеге асырылуда.

Отбасы – адам баласының өсіп-жетілетін, қаз тұрып, қанат қағар алтын ұясы, тәлім-тәрбие алатын құтты ошағы. Сондықтан да жанұяның әрбір мүшесінің қоғамда өз орны бар.

Барша мерейлі мерекемен құттықтай отырып, әрбір отбасыға амандық, құт-береке тілеймін!


✍🏻Құрметпен, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті семейліктер! Баршаңызды Отбасы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие - барша халқымыздың табысты болашағының кепілі. Отанға сүйіспеншілік өз отбасыңа деген ыстық сезімнен…
Дорогие Семейчане!

Сердечно поздравляю вас с добрым и светлым праздником - Днем семьи!

Этот праздник дорог каждому из нас. Именно семья - основа общества, в ней формируется личность человека. Любовь к Родине начинается с любви к семейному очагу. Воспитание, полученное под родным шаныраком - это залог здорового и успешного будущего нации.

В Казахстане выстроена система государственной семейной политики, направленная на заботу о семье, рост рождаемости, поддержку материнства и детства. В Семее делается многое для укрепления института семьи. Создаются условия для получения качественного образования, развивается сеть культурно-досуговых учреждений, становится доступней высокотехнологичная медицинская помощь, культивируются занятия спортом и ведение здорового образа жизни.

От всей души поздравляю с этим замечательным праздником! Пусть в наших семьях царят взаимопонимание, уверенность в завтрашнем дне, успешно претворяются в жизнь намеченные планы. Здоровья, благополучия и большого семейного счастья!

✍🏻С уважением, аким города Семей Нурбол Нурсагатов
Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

Қала тұрғындарына қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында Семей қаласында автобус бағдарының саны артады. Ертеңнен бастап №45 автобус Қарағайлы шағын ауданынан темір жол вокзалына дейінгі аралықта қала тұрғындарына қызмет көрсететін болады. 50 жолаушыға дейінгі сыйымдылығы бар, 25 орындықты үлкен класты 8 автобус №45 маршрутта қатынайды. Автобустар толықтай валидаторлық жүйеге көшіріліп, INFOBUS қосымшасына тіркелген. Сондай-ақ, автобустың бағыты көрсетілген цифрлы тақтайша орнатылған.

Бұған дейін Семей қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аталған бағыт бойынша конкурс жариялаған болатын. Конкурс нәтижесінде шарт «ЭкоBUS»ЖШС жасалды.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов тасымалдаушы кәсіпорын өкілдерімен кездесіп, бірқатар ескертпелер жасады.

«Қоғамдық көліктің уақытылы қатынауына көңіл бөліңіздер. Автобустар желіден себепсіз шықпауы керек. Резервтегі автобустардың санын арттырыңыздар»,- деді Нұрбол Нұрсағатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее с 12 сентября на линию будет подключен
автобусный маршрут №45

В целях улучшения качества обслуживания горожан в городе Семей увеличится количество автобусных маршрутов. С завтрашнего дня автобус №45 будет обслуживать жителей города от микрорайона Карагайлы до железнодорожного вокзала. На маршруте №45 будут курсировать 8 автобусов большого класса на 25 мест, вместимостью до 50 пассажиров. Автобусы полностью переведены на валидаторную систему и подключены к GPS. Также установлена цифровая табличка с указанием маршрута автобуса.

Ранее отдел пассажирского транспорта и автомобильных дорог города Семей объявил конкурс по данному направлению. По итогам конкурса договор заключен с новым перевозчиком ТОО "ЭкоBUS".

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов встретился с представителями предприятий-перевозчиков и сделал ряд замечаний.

“Обращайте внимание на движение общественного транспорта по графику. Автобусы не должны сходить с линии без причины. Увеличивайте количество автобусов в резерве",- сказал Нурбол Нурсагатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Семейде 12 қыркүйектен бастап желіге №45 автобус бағдары қосылады

***

В Семее с 12 сентября на линию будет подключен автобусный маршрут №45
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Семей қаласының әкімідігі «Қала күнімен, Семейім» атты қала күніне арналған іс-шаралардың жоспарын назарларыңызға ұсынады. Биыл қала күніне арналған мерекелік бағдарламалар 3 күнге жалғасады.

Аталмыш мерекені мерекелеу қала тұрғындары мен қонақтарының жас ерекшеліктеріне қарамай, ерекше форматта өткізілетін болады. Қала күнін мерекелеу аясында "Туған қалам – Семейім" атты авторлық әндер мен футбол әуесқойларына арналған «ФУТБОЛ ЖОЛЫ» фестивалі ұйымдастырылады. Сондай-ақ, эстрада жұлдыздары Әли Оқапов пен Мәди Рымбаевтың қатысуымен "Aman keleshek inclusion festival 2023 " фестивалі өткізіледі. Эстрада әншісі Еркеш Хасеннің өнер көрсетуімен "Күзгі феерия" жас таланттар фестивалі мен "Семей Батыры" күштік спорт түрлері бойынша жарысты өткізу жоспарлануда.
Қала күнін мерекелеуге арналған бағдарламалар қаланың орталық бөлігінде ғана емес, шеткері аумақтарында да жалғасады. Сондай-ақ, 17 қыркүйек күні Әуезов алаңында Қазақстанның эстрада әншісі Маржан Арапбаеваның қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Негізгі концерттік бағдарламалар 17 қыркүйек күні сағат 19:00-де басталады. Халыққа танымал эстрада жұлдыздары: Raim, Нұрболат Абдулин, Маржан Арапбаева, Еркеш Хасеннің қатысуымен, жарық шоуы мен арнайы эффектілердің сүйемелдеуімен "Open-Air" форматындағы мерекелік іс-шараны ұйымдастыру жоспарлануда.
Іс-шараны "Qazaqstan" телеарнасының тележүргізушісі Ғалымжан Кеншілік және Еуразия телеарнасының тележүргізушісі Айгерім Мұздыбаева жүргізеді. Қала күнін мерекелеуге арналған концерттік бағдарлама мерекелік отшашумен аяқталады.

Сондай-ақ, түрлі тақырыптағы көрмелер, жәрмеңкелер, балалар ойын алаңдарының ашылуы және пәтер кезегінде тұрған азаматтарға пәтер кілттерін табыстау рәсімдері өтеді.

Толығырақ арнайы әзірленген бағдарлама кестесінде. ⏩️⏩️⏩️