Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Бүгін Семейде жаппай жалпықалалық сенбілік өтуде. Аумақты тазалауға тұрғындар, әкімдік қызметкерлері, мемлекеттік және жеке мекемелердің қызметкерлері шықты.
………………………

Сегодня в Семее проходит массовый общегородской субботник На уборку территории вышли жители, работники акимата, сотрудники государственных и частных учреждений.


#Семейқаласыәкімдігі
Қала аумағында жарияланған күзгі санитарлық тазалық және абаттандырудың екі айлық науқанына тұрғындар да үлес қосуда.

Бүгін тұрғындар КСК-мен бірлесіп аула аумақтарында сенбілік өткізді.

Тұрғындар үйлерге іргелес жатқан аумақтарды ретке келтіріп, жиналған қоқыстарды полигонға өз көліктерімен жинап шығарды.

_

Сегодня жители многоквартирных домов совместно с КСК провели субботник на дворовых территориях.

Жители навели порядок на прилегающих к домам территориях, собрали и вывезли своим транспортом на полигон собранный мусор.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Бүгін Семей қаласында күзгі экологиялық айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сондай-ақ, 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 8 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты.

***

Сегодня в Семее прошел масштабный общегородской субботник в рамках экологического месячника. В нем приняли участие аким города Семей Нурбол Нурсагатов, а также более 3 тысяч предприятий и около 8 тысяч горожан.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды

Бүгін Семей қаласында күзгі экологиялық айлық аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, сондай-ақ, 3 мыңнан астам кәсіпорын мен 8 мыңға жуық қала тұрғындары қатысты.

Сенбілікке қала тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің, бюджеттік ұйымдардың, жоғары және орта оқу орындарының, шағын және орта бизнес субъектілерінің, көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару органдарының қызметкерлері, жеке сектордың үй иелері шықты.

Бүгінгі сенбілікте көп пәтерлі тұрғын үйлердің тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Сондай-ақ, облыстық қалалық әкімдіктің мамандары қаланың шеткері аумақтарында сенбілік өткізді. Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Бобровка мен Жоламан кентіндегі сенбілікке қатысып, қала тұрғындарымен бірлесіп қоқыстарды тазалады.

Санитарлық тазалауды және қоқысты жинауды қамтамасыз етуге арнайы техника, оның ішінде 20 тиегіш пен 60 самосвал көлігі жұмылдырылды.

Сағат 12:00-де сенбілікке қатысушылар жинаған 150 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды.

Семей қаласы әкімінің аппараты бүгінгі сенбілікке қатысқан қаламыздың барлық қамқор тұрғындарына өз алғысын білдіреді. Тазалық өзімізден басталады!

#Семейқаласыныңәкімдігі