Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
787 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🚙Семейде алғаш рет драг-рейсингк жарысы өтеді.

Қала күніне орай Семей қаласында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет драг-рейсингке арналған іс-шара өткізу жоспарлануда. Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды қабылданбаған. Бірақ Семей қаласының автокөлік жүргізушілері жаңа деңгейге өтіп, ҚР автомотоспорт федерациясымен бірлесіп, аталған іс-шараның өткізуге келісім алды. Автожарыс Қарағайлы ауданында өтеді.
 
Семейліктер мен өзге аймақтардан келген қатысушылардың ең қуатты көліктері сынға түсетін алғашқы жарыс 9 қыркүйекте өтеді. Жалпы Семей қаласында мотоспорт жылдан жылға қарқынды дамып келеді. Алдын ала болжам бойынша 30-40 автомобиль жарысқа қатысады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🚙Семейде алғаш рет драг-рейсингк жарысы өтеді. Қала күніне орай Семей қаласында ұзақ уақыттан кейін алғаш рет драг-рейсингке арналған іс-шара өткізу жоспарлануда. Осы уақытқа дейін мұндай жарыстардың мәртебесі қалада заңды қабылданбаған. Бірақ Семей қаласының…
В Семее впервые пройдёт соревнование по драг-рейсингу.

🚗Впервые в Семее ко Дню города планируется провести соревнование по драг-рейсингу. До этого времени статус таких соревнований был полулегальным в городе, но гонщики и автолюбители г.Семей перешли на новый уровень и совместно с федерацией автомотоспорта РК по соглашению с руководством города утвердили проведение данного мероприятия, гонка будет проходить в районе Карагайлы.
 
Первая гонка, в которой сразятся самые мощные автомобили семейчан и гостей из близлежащих областей, состоится 9 сентября. В целом в г.Семей автомобильный вид спорта из года в год развивается со стремительной скоростью.

🚗Ожидается большой поток участников в количестве 30-40 автомобилей.

#Семейқаласыныңәкімдігі
🏠Семейде 38 көпқабатты үйдің қасбеті жаңартылды

Ағымдағы жылы Семей қаласының әртүрлі 41 көпқабатты үйдің қасбеттері күрделі жөндеуден өткізу жоспарланған. Бұл жұмыстарға 4 мердігер ұйым жұмылдырылды. Қазіргі таңда 38 көпқабатты үйдің қасбеттері жөнделді, қалған 3 үйдің қасбетін жөндеу жұмыстары қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

“Жөндеу жұмыстары кезінде жарамсыз шкатурканы қырып, орнына бірнеше қабатты сылақ және бояу жағылады. 2022 жылы 16 үйдің қасбеті жөнделді. Ал биыл 2,5 есеге үйлердің санын ұлғайттық. Осылайша біз жыл сайын ескі үйлердің сыртын кезең кезеңімен жаңартамыз”,- деді тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметова.

Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов, мердігер ұйымдардың басшыларына түстердің ұзақ сақталуын қатаң тапсырған болатын.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Обновлён фасад 38 многоэтажных домов

🏡В Семее в текущем году запланирован капитальный ремонт фасадов 41 многоэтажного дома.

Для данных работ были мобилизованы 4 подрядные организации. В настоящее время отремонтированы фасады 38 домов, а работы по ремонту оставшихся трех домов будут завершены к концу сентября.

🔸«В ходе ремонтных работ непригодную к использованию штукатурку соскабливают, а вместо нее наносят несколько слоев штукатурки и краски. В 2022 году отремонтированы фасады 16 домов. А в этом году мы увеличили количество домов в 2,5 раза. Таким образом, каждый год мы шаг за шагом обновляем внешний вид фасадов", - рассказала начальник управления жилищной инспекции Диана Шаяхметова.

Напомним, ранее аким города Нурбол Нурсагатов поручил руководителям подрядных организаций выполнять работы с сохранением общего колорита.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі тұрғындарды әр апта сайын тұрақты түрде қабылдайды

Қабылдау барысында барлығы 15 өтініш қаралды. Тұрғындарды сумен қамту, әлеуметтік көмек, мүгедектігі бар балаларға берілетін білім, баспанамен қамту және т.б. мәселелер толғандырады.

Қала басшысы қабылдауға жазылған қала тұрғындарының арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.  Ол азаматтардың өтініш-шағымдарын тыңдай келе, бірқатар мәселелердің шешілетіндігін айтса, ал бірқатары бойынша шешімнің заңды жолдарын түсіндірді.

••••••••••

Аким города Нурбол Нурсагатов провел очередной личный прием граждан.

Всего в ходе приема было рассмотрено 15 обращений. Жителей волнуют вопросы водоснабжения, социальной помощи, образования для детей с инвалидностью, обеспечения жильем и др.

Глава города выслушал жалобы, обращения и предложения жителей города, записанные на прием. Заслушав обращения граждан, он отметил, что некоторые вопросы будут решены, а по остальным вопросам разъяснил законные пути решения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️Би Боранбай көшесіндегі магистральдық жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Семей қаласында жол инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда. Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов мердігер ұйымдарының басшыларымен Степной кентіне кіреберіс жол Би Боранбай көшесіндегі жолды жөндеу жұмысын тексерді.

Қазіргі таңда Би Боранбай көшесінде Курчатов қаласына шығатын жол мен «Миру мир» ескерткішіне дейінгі аралықта 4,5 км болатын жол жөндеу мен бордюрларды ауыстыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған аумақта ескі асфальт төсемін қырып тастап, орнына жаңа асфальт жабыны төселуде.

"Ағымдағы жылы 40 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын. Қазіргі таңда 33 көшеде жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Жол ифрақұрылымын жақсартуға бағытталған шаралар Би Боранбай көшесінде жүзеге асырылуда. Жолда жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жол белгілерін орнатып, жол сызықтарын салу керек",- деді Нұрбол Нұрсағатов.

Одан кейін қала басшысы Қашағанов, Жамақаев көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын тексеріп, Докучаев пен Қабанбай батыр даңғылындағы жер өткелдеріне барды. Жаз маусымында қаладағы 6 жер өткеліне жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Қала басшысы Жамақаев көшесінің бойындағы аллеяға да барды. Кеңістікте орындықтар, қоқыс жәшіктері және ескі шағын сәулет нысандары алынды. Оның орнына балалар ойын алаңы мен спорт алаңдары, жаңа воркаут аймағын орнату жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын.

#Семейқаласыныңәкімдігі