Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📌Семейде аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде

Семей қаласында жоспарланған аула аумақтарын уақытында аяқтау мақсатында қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр күн сайын құрылыс жүріп жатқан аумақтарды тексеріп, жұмыс барысын қадағалайды.

Бүгін қала әкімі мердігер ұйымдарының басшыларымен Аймауытов 180, Шәкәрім 86, Глинки 30-32, Түріксіб 51-53, Қостанай 1б, Би Боранбай 45а тұрғын үй аулаларындағы жүріп жатқан жұмыстарды тексерді.

"Аула аумақтарын абаттандырумен қатар, тазалық шараларын да қатаң қадағалау керек. Ең алдымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету керек",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Ағымдағы жылы 70-ке жуық аула аумақтарын абаттандыру жұмыстары көзделген. Қалада бірнеше тұрғын үй аулаларында құрылыс қарқыны бекітілген кестеге сәйкес жүргізіліп, футбол алаңдары мен қоршаулар орнатылған. Жақын уақытта бірнеше аула тұрғындардың игілігіне берілетін болады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Forwarded from Qazaqstan.tv
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Семейде демалыс орындары көбейіп келеді

Бұқаралық спортпен шұғылданатын алаңдар салынып жатыр.

Биыл қаладағы 600 ауланың тозығы жеткендерін түгелдей жаңалау жоспарланған. Ол үшін 2 миллиардтан астам қаржы бөлінген.
📌Қала әкімі жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын тексерді
 

Қазіргі таңда қала әкімі әр күн сайын жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын қадағалайды. Бүгін ол Абай облысы тұрғын үй шаруашылық басқармасының басшысы Серік Туленбергеновпен жылу қазандықтарын аралады.
 
Нұрбол Нұрсағатов арнайы «Центр» және «Ғаббасов» қазандықтарын аралап, жылу желін жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Сондай-ақ,  ЦТП-9, «Центр», ЦТП-518, ЦТП-457, ЦТП-401 учаскелерін, Би-Боранбай көшесінен Физкультурная көшесіне дейінгі жылу магистралын, ЖЭО-1-ден П-1-ге дейінгі жылу желісіндегі жұмыстарды жіті тексерді.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы жылу құбырларында апаттық жағдайлар орын алған болатын. Жоспар бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары нәтижесінде жылу желілеріндегі апаттар 15 пайызға азаяды.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📌Аким города проверил ремонтные работы отопительных котлов

Сегодня аким города Нурбол Нурсагатов обошел отопительные котлы вместе с начальником управления ЖКХ области Абай Сериком Туленбергеновым.

 Напомним, в прошлом году на теплосетях произошли аварийные ситуации. По плану в результате текущего ремонта аварии на тепловых сетях уменьшатся на 15 процентов.

В рамках программы посещения Нурбол Нурсагатов ознакомился с ходом ремонта на сетях теплоснабжения котельных «Центр» и «Габбасова», также посетил участки теплосетей ЦТП-9, «Центр», ЦТП-518, ЦТП-457, ЦТП-401, от ТК по ул.Би-Боранбая до ТК по ул.Физкультурная, от ТЭЦ-1 до П-1.
 
Подготовка к отопительному сезону идет по плану, не выбивается из графика. Эта работа находится на постоянном контроле.

#Семейқаласыныңәкімдігі