Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Құрметті қала тұрғындары!

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында Семей қаласындағы “Ақшың” сауда орталығында жәшік орнатылды, онда еліміздің әрбір қамқор азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды мектепке дайындауға көмектесуде азаматтық белсенділік таныта алады.

———-

Уважаемые жители города!

В рамках республиканской акции Дорога в школу в городе Семей в торговом центре Акшын установлен бокс , где каждый неравнодушный гражданин нашей страны может проявить гражданскую активности в оказании помощи в подготовке детей в школу из социально-уязвимых слоев населения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Электр желілерінде орын алған техникалық ақауларға байланысты орталық Арбатқа жарық беру уақытша тоқтатылды.
Қазіргі уақытты тиісті мекеме мамандары қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатқандығын хабарлаймыз.

🔷🔷🔷

📍Из-за технических неполадок в электрических сетях освещение центрального Арбата временно приостановлено.
Сообщаем, что в настоящее время специалисты соответствующего учреждения занимаются восстановительными работами.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші

12 тамыз – Халықаралық жастар күні, сонымен қатар Семей қаласының жастар ресурстық орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай, Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің тапсырысымен Арбатта "Жастармен бірге" мерекелік шарасы өтті.
Шара барысында жастар ресурстық орталығында қызмет еткен және қызмет етіп жүрген белсенді жастар марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, шара барысында қаламыздың белгілі мәдениет саласындағы өнерпаздар, жастар өнер көрсетіп, кеш барысында қала тұрғындарына лотореялық ойындар ойнатылып, бағалы және қаржылай сыйлықтардың иелері анықталды.
Шара соңы жастарға арналған би кешімен жалғасты.
📍Молодежь - будущее и движущая сила любого общества

12 августа – в Международный День молодежи, а также в честь 10-летия создания Молодежного ресурсного центра города Семей, по заказу отдела внутренней политики города Семей на Арбате состоялось праздничное мероприятие "Жастармен бірге".
В ходе мероприятия была награждена активная молодежь, работавшая и работающая в молодежном ресурсном центре, а также вручены памятные подарки.
Кроме того, в ходе мероприятия выступили известные деятели культуры города, молодежь, в ходе которых были разыграны лотерейные игры для горожан и определены обладатели ценных подарков.
Мероприятие продолжилось дискотекой для молодежи.
📍Жылыту маусымына дайындық қала әкімінің қатаң бақылауында

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен және «Теплокоммунэнерго» МКК-мен бірлесіп 2023-2024 ж. жылыту маусымына дайындық мақсатында қазір жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан объектілерді аралады. Жылыту маусымына дайындық шаралаары қала әкімінің қатаң бақылауында.

Бүгінде Семей қаласындағы маңызды жылу магистральдары мен жылумен жабдықтау желілеріне күрделі жөндеу жұмыстары жасалып жатыр. Н. Нұрсағатов арнайы қаладағы: ЦТП-518, ЦТП 401, Ұранхаев және Шәкәрім даңғылындағы магистральдық жылу желісі мен "Орталық" қазандығына барып, жұмыс барысын бақылады.

Әкім мердігер компания басшыларына осы жылдың жылыту маусымына дейін жөндеу жұмыстарын аяқтауды және жұмыстарды сапалы орындауды тапсырды.

"Жаз маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды. Барлық нысандарда жүріп жатқан жөндеу жұмыстарын мұқият назарда ұстау қажет. Өткен жылдағыдай олқылықтар орын алмауы тиіс",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, жылыту маусымының басына қарай «Ғаббасов» және «Центр» қазандықтарын қайта жаңғыртуды аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі таңда екі қазандықта да жұмыстың 80% аяқталды.
 
#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📍Подготовка к отопительному сезону находится на строгом контроле акима города

Нурбол Нурсагатов совместно с отделом жилищно-коммунального хозяйства г.Семей и ГКП «Теплокоммунэнерго» в целях подготовки к отопительному сезону 2023-2024 гг. провел объезд объектов, на которых сейчас идет ремонт.

Проведен объезд ремонтных работ на сетях теплоснабжения: ЦТП-518, ЦТП 401, магистральной тепловой сети от ул. Уранхаева и Шакарима, внутриквартальной тепловой сети от котельной «Центр» и магистральной тепловой сети от ТЭЦ-1.

Аким поручил руководителям подрядных организаций завершить ремонт и качественно выполнить работы до отопительного сезона текущего года.

“До окончания летнего сезона осталось всего несколько дней. Ремонтные работы, проводимые на всех объектах, должны быть тщательно продуманы и выполнены. Пробелов не должно быть как в прошлом году", - сказал аким города Нурбол Нурсагатов.

Отметим, к началу отопительного сезона планируется завершить реконструкцию котельных «Габбасова» и «Центр». В настоящее время на обоих объектах завершено 80% работ.

#Семейқаласыныңәкімдігі
📍Қала әкімінің Новобоженова ауылы мен Шульбинск кентіне барған жұмыс сапары туралы

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов жаз маусымында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеру үшін Шульбинск кенті мен Новобоженово ауылына барды.

Қала басшысы өз кезегінде ауыл тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп беріп, олардың ұсыныс-тілегін тыңдады. Қала әкімі ең алдымен Шульбинск кентіне барып, ағымдағы жылы қолданысқа берілетін спорт нысанын тексерді. Нұрбол Нұрсағатов Шульбинск кентінің әкіміне спорт нысанының барлық құрылғыларын сапалы орнатуды және мердігерлердің жұмысын қатаң бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, ағымдағы жылы Шульбинскте әкімдік ғимаратының шатыры жөнделіп, қар ұстағыш қоршау орнатылды.

Шульбинск кентінен кейін қала басшысы Новобоженова ауылына барды. Бұл ауылдық округте ағымдағы жылы ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Новобаженово, Клементьевка , Бұлақ ауылдарында ауылында балалар ойын алаңы мен футбол корды орнатылды. Ауыл тұрғындары Новобоженово ауылының тұрғындары қала әкіміне жайылымдық жердің тапшылығына шағымданды.

🗯️Қазіргі уақытта ауылдық округте 5000 гектар жайылымдық жер бар. Бұған қосымша бұрынғы «Қуаныш» коперативінен 939 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «BA Agro Group» ЖШС 267 гектар жер қайтарылып алынады. Жайылымдық жерлер Новобаженова кентіндегі халықтың игілігне берілетін болады",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі