Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Көкентау ауылдық округі Қыземшек ауылында балаларға арналған ойын алаңы пайдалануға берілді

10 тамыз – Абай күніне орай, Семей қаласына қарасты Көкентау ауылдық округінің Қыземшек ауылына жергілікті халықтың сұрауы бойынша қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен балалар ойын алаңы қолданысқа берілді.
Құрылысты «KK BUILDING» ЖШС мердігер ұйымы жүргізді.
Қазіргі таңда, ойын алаңы толығымен жабдықталып, жасанды газон төселіп, балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ және т. б. орнатылды.

🔷🔷🔷🔷🔷

В селе Кыземшек Кокентауского сельского округа введена в эксплуатацию детская игровая площадка

10 августа – ко Дню Абая в селе Кыземшек Кокентауского сельского округа города Семей по поручению акима города Нурбола Нурсагатова введена в эксплуатацию детская игровая площадка.
Строительство вела подрядная организация ТОО «KK BUILDING».
В настоящее время полностью обустроена игровая площадка, уложен искусственный газон, установлены детские качели, горки и т.д.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – деп жазды Мемлекет басшысы.

t.me/aqorda_resmi
Президент Касым-Жомарт Токаев опубликовал на своей странице в Twitter поздравление с Днем Абая

«Поздравляю всех с Днем Абая! Великий поэт внес огромный вклад в духовное развитие нации. Его заветы служат нравственным ориентиром для подрастающего поколения. Понятие «Адал азамат» тесно связано с его концепцией «Совершенного человека». Наш долг – чтить бесценное наследие Абая», – написал Глава государства.

t.me/aqorda_resmi
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың 10 тамыз - Абай күніне орай құттықтауы:

"Абай дана, Абай дара қазақта!

Бүгін ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күні. Абай – әлем мойындаған дана ұстаз, адамзаттың данышпаны, қазақтың Ұлы ақыны. Оның 45 қара сөзі, өлеңдері қазақ халқы үшін рухани азық. Уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түсеміз.
Абай қазақтың өлеңінің ұлы атасы - әрбір сөзі даналыққа толы. Кейінгі жас ұрпақ өнегелі сөздермен нәр алып,тәлім алып, өсе берсін демекшімін. Бүгінгі мерейлі күн баршамызға құтты болсын!", —деді қала басшысы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Семейде Абай Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

10 тамыз – Абай күніне орай, ғұлама, ойшыл, ақын, ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Аталмыш шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.
Жиналған қауым ақынды бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, хакім рухына тағзым жасады.

🔷🔷🔷🔷🔷

В Семее состоялась церемония возложения цветов к памятнику Абая Кунанбайулы

10 августа – ко Дню Абая состоялась церемония возложения цветов к памятнику Абая Кунанбайулы, который внес неоценимый вклад в духовное развитие нации. В мероприятии приняли участие аким области Нурлан Уранхаев, аким города Семей Нурбол Нурсагатов, представители интеллигенции, общественные активисты и молодежь.
Собравшиеся почтили память поэта минутой молчания, возложили цветы.
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов әр апта сайын азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдайды

Бүгін қалалық әкімдік ғимаратында Нұрбол Нұрсағатов тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында барлығы 12 өтініш қаралды.
Жеке мәселелерден басқа тұрғындар ТКШ, сумен жабдықтау, абаттандыру және т.б. мәселелермен де жүгінді.

Нұрбол Төлегенұлы қабылдауға жазылған тұрғындардың арыз-шағымдарын, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдап, туындаған сұрақтардың өзектілігін анықтап, сол сала бойынша нақты жауаптар берді.
Хаттамаға енгізілген мәселелердің бірқатары жедел шешімін тауып, ал келесі мәселелердің Заңды түрде шешу жолдарын түсіндірді.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Аким города Семей Нурбол Нурсагатов еженедельно проводит прием граждан по личным вопросам

Сегодня в здании акимата города Нурбол Нурсагатов принял жителей по личным вопросам.

В ходе приема было рассмотренно 12 обращений.
Помимо личных вопросов, жители обращались по вопросам ЖКХ, водоснабжения, благоустройства и др.

Нурбол Толегенович во время приема выслушал обращения и предложения жителей, ответил на заданные вопросы, разъяснил пути законного решения некоторых поднятых вопросов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
"Тұлға туған топырақ" тақырыбында арнайы репортаж
🔷🔷🔷
Специальный репортаж на тему "Тұлға туған топырақ"