Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.2K photos
2.75K videos
9 files
783 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📍Қала әкімі Қараөлең ауылдық огругінің тұрғындарына есептік кездесу өткізді

Алғабас ауылдық округінен кейін қала әкімі Қайнар ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл халқы өздерін толғандырған бірнеше сұрақтарды қойды.

"Мен әкім болып тағайындалған күннен бастап ауылдарыңызға осымен бесінші мәрте келіп тұрмын. Бұдан бұрын өткен кездесуімізде сіздер бірнеше мәселені көтердіңіздер. Ол сұрақтардың бірқатары өз шешімін тапты, ал қалған сұрақтарды шешу үшін уақыт қажет",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Жалпы биылғы жылы Қараөлең ауылдық округінеде бірқатар жұмыстарды атқару жоспарланған. Жалпы, ауылдық округте тұрақты әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдай сақталуда.

Қараөлең ауылдық округі бойынша 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы жалпы бюджет 21%-ға ұлғайып, барлығы 132,8 млн теңгені құрады.

"Қазіргі таңда Қайнар ауылындағы өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, округ әкімдігі ғимаратының сол қанатының ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін қаржат бөлініп, жергілікті мердігерлер жұмыстар жүргізуде. Сонымен қатар, биыл мәдениет үйі алдындағы аллеяны жаңарту жоспарланған. Жобаға сәйкес архитектуралық шағын нысандар, орындықтар, жарықтандырулар заман талабына сай қойылатын болады",- деді өз баяндамасында Нұрбол Нұрсағатов.

Айта кетейік, кездесуден кейін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
📍Қала әкімі Қараөлең ауылдық огругінің тұрғындарына есептік кездесу өткізді Алғабас ауылдық округінен кейін қала әкімі Қайнар ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында ауыл халқы өздерін толғандырған бірнеше сұрақтарды қойды. "Мен әкім болып тағайындалған…
📍Состоялась встреча акима города с жителями сельского округа Караолен

Аким города Нурбол Нурсагатов после встречи в населением Алгабаса провел встречу с жителями аула Кайнар. Участники встречи озвучили ряд важных вопросов.

«С момента моего назначения на должность я вот уже в пятый раз провожу встречу с жителями аулов, которые входят в состав города Семей. На предыдущей встрече вы озвучили ряд проблем. Некоторые из них мы смогли решить, над некоторыми мы продолжаем работать», - сообщил глава города.

Добавим, что для решения социально-значимых вопросов в текущем году бюджет, выделенный сельскому округу Караолен, был увеличен на 21% по сравнению с 2022 г. и составляет 132,8 млн.тг.

«Сейчас в поселке Кайнар ведется строительство пожарной станции, продолжается ремонт здания сельского акимата. Кроме того, в этомигоду планируется провести реконструкцию аллеи перед местным Домом культуры. Согласно проекту здесь будут установлены архитектурные мафы, скамейки и освещение», - добавил Нурбол Нурсагатов.

Добавим, что по завершении встречи с жителями, аким города Нурбол Нурсагатов провел прием граждан по личным вопросам.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏏Бүгін, 2023 жылдың 5 шілдесінде «Баршаға арналған спорт» ашық аспан астындағы халық арасында бұқаралық спорттық іс-шара жобасы аясында Дене шынықтыру және спорт бөлімі «Скандинавиялық серуендеу» бойынша ашық жаттығуларды бастады.

Ашық жаттығуға 50-ден астам адам қатысты, оның ішінде аға буын мен жастар да бар.

Қала тұрғындары мен қонақтарын ашық жаттығуларға белсенді қатысуға шақырамыз.

2023 жылдың 6 шілде күні сағат 19.00-де Ертіс өзені жағалауының оң жағалауында «Баршаға арналған спорт» халық арасында ашық аспан астындағы спорттық іс-шара маусымының ашылу салтанаты жоспарланғанын естеріңізге саламыз.
Семей қаласының әкімдігі
🏏Бүгін, 2023 жылдың 5 шілдесінде «Баршаға арналған спорт» ашық аспан астындағы халық арасында бұқаралық спорттық іс-шара жобасы аясында Дене шынықтыру және спорт бөлімі «Скандинавиялық серуендеу» бойынша ашық жаттығуларды бастады. Ашық жаттығуға 50-ден астам…
🏏Сегодня, 5 июля 2023 года, в рамках проекта спортивно-массового мероприятия среди населения на открытом воздухе «Спорт для всех» отделом физической культуры и спорта был дан старт открытым тренировкам по «Скандинавской ходьбе».

В открытой тренировке приняли участие более 50 человек, включая старшое поколение и молодежь города. Приглашаем жителей и гостей города принять активное участие в открытых тренировках.

Напоминаем Торжественное открытие сезона проекта спортивно-массового мероприятия среди населения на открытом воздухе «Спорт для всех» запланировано на 19.00 часов 6 июля 2023 года, на правобережной части Набережной реки Иртыш.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімінің Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесуі туралы

Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінен кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді. Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің кездесуіне қатысты.

"Ақпан айында өткен кездесуімізде округ тұрғындары Жедел жәрдем көлігінің болмауына шағымданды. Абай облысының денсаулық басқармасынан сұрау салу арқылы Қайнар ауылындағы медициналық пунктінен жедел жәрдем көлігі берілді",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Көктем маусымында көше жарықтандыруына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, наурыз айында «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымы әкімдік ғимаратының шатыры мен тірек бағаналары ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда ауыл округінде халыққа арналған Воркаут алаңын жабдықтау бойынша жұмыстар басталды. Ауыл тұрғындарына воркаут алаңдары заман талабына сай жабдықталып, тамыз айының соңына дейін ауыл тұрғындарына қолданысқа берілетін болады.
Семей қаласының әкімдігі
Қала әкімінің Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесуі туралы Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінен кейін Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді. Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің…
📍Нурбол Нурсагатов провел отчетную встречу с жителями поселка Абыралы

После встречи с жителями Караолена и Алгабаса аким города Нурбол Нурсагатов встретился с населением пос. Абыралы. Всего в ауле проживает 430 человек.

«Во время нашей встречи в феврале этого года жители сельского округа пожаловались на отсутствие машины скорой помощи. Мы сделали запрос в управление здравоохранения области Абай и, в результате, для обслуживания поселка был выделен транспорт медицинского пункта Кайнара», - отчитался перед сельчанами Нурбол Нурсагатов.

Весной т.г. в Абыралы были проведены работы по ремонту наружного освещения. Кроме того, произведена замена кровли и капитальный ремонт здания местного акимата.

В настоящее время в Абыралы строится workout площадка для занятий спортом и пропаганды здорового образа жизни среди местных жителей. Планируется, что спортплощадку введут в эксплуатацию до конца августа.
🚰Ағымдағы жылы Ақбұлақ ауылына таза ауыз су беріледі

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың Ақбұлақ ауылында өткен кездесуінде ауыл тұрғындары көп жылдан бері шешілмей келе жатқан ең өзекті -  таза ауыз су мәселесін көтерді.

Қазіргі таңда су құбырларын жүргізу жұмыстарына Республикалық бюджет есебінен 482 млн 783 мың теңге қаражат бөлініп, «СпецСтрой груп ЛТД» мердігер ұйымы жалпы ұзындығы 10 шақырым су құбырын тарту жұмыстарын жүзеге асыруда.

"Күз маусымында су құбырларын тарту жұмыстары толық аяқталып, тұрғындардың игілігіне беріледі. Бұл мәселе менің жіті бақылауымда, мамандармен арнайы тексеру жұмыстарын жүргізіп, мүмкіндіктерді қарастырамыз”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Бұдан бөлек шілде айының соңына дейін, ауылдық округте балалар ойын алаңы қолданысқа беріліп, орталық саябақты қоршау жұмыстары жүргізіледі. Алаңқай мен саябақ қоршауын орнату үшін келісім шарт «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымымен жасалды.

Сондай-ақ, қыркүйек айында Ақбұлақ ауылында ангарлық спорт залы қолданысқа беріледі. Қазіргі таңда "Еңбек-Семей" мердігер ұйымымен келісім-шарт жасалып, спортзалдың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұрын Ақбұлақ ауылында спорт нысаны мүлде болмаған. Қала әкіміне ауыл тұрғындары жасалынып жатқан іргелі жұмыстар үшін өз алғыстарын жеткізді.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🚰Жители поселка Акбулак будут обеспечены чистой питьевой водой

Аким Семея Нурбол Нурсагатов провел отчетную встречу с жителями поселка Акбулак и рассказал о том, как будет решен один из наиболее важных вопросов, волнующих сельчан - подключение к водоснабжению.

В настоящее время из бюджета выделены средства и ведется строительство 10 км. водопроводных сетей.

«Осенью строительство водопровода будет завершено и это позволит обеспечить поселок питьевой водой. Этот вопрос находится на моем контроле», - отметил Нурбол Нурсагатов.

Также до конца июля в сельском округе Акбулак будут построены детская игровая площадка и ограждение центрального парка. В сентябре т.г. планируется ввести в эксплуатацию спортзал ангарного типа. Добавим, что ранее в поселке не имелось спортивных объектов. Жители поселка во время встречи задали акиму города все интересующиеся их вопросы и поблагодарили за строительство объектов, которые помогут улучшить уровень жизни местного населения.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✍️ Мемлекет басшысы «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Семей ядролық қауіпсіздік аймағы, экология және электр энергетикасы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарға қол қойды

Заң нормаларына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонында Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарланып отыр.

Бұл аумақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағындағы жерлерді шаруашылық айналымға біртіндеп қайтару үшін оңалту мақсатында құрылады. Арнаулы аймақты кешенді экологиялық тексеру және мемлекеттік экологиялық сараптама нәтижелері бойынша анықталған ластанған учаскелерде құру жоспарланған.

«Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы» Заңда мына мәселелер қарастырылған:

1. Бұрынғы Семей сынақ полигоны жерлерінде және нормативтен тыс радиоактивті ластануға ұшыраған іргелес аумақтарда «Семей ядролық қауіпсіздік аймағы» арнаулы аймағын құру;
2. Радиоактивті ластанудың таралуын шектеу;
3. Полигон аумағындағы радиоактивті қалдықтарды жинау, орналастыру және кәдеге жарату арқылы Семей ядролық қауіпсіздік аймағының аумағын оңалту;
4. Семей ядролық қауіпсіздік аймағындағы радиоактивті ластану деңгейіне үздіксіз мониторинг жүргізу.

t.me/aqorda_resmi
Семей қаласының әкімдігі
Photo
📍Қала әкімі Айнабұлақ ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады


Бүгін қала әкімінің халықпен кездесуі Айнабұлақ ауылында да өтті. Бұл округ Семей қаласына қарасты ең шағын ауыл. Самай және Айнабұлақ ауылдарында 100-ден артық халық тұрады.

Тұрғындар қала әкімінен жайылымдық жерлерді заңдастырып беруді сұрады. Сонымен қатар, жалақы, жарықтың жиі сөнуі, интернет желісінің жоқтығы сынды түрлі тақырыптар көтерілді.

Қала әкімі өз кезегінде барлық сұрақтардың назарға алынғанын, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді.

***

📍Аким города принял жителей села Айнабулак по личным вопросам.

Сегодня Нурбол Нурсагатов встретился также с жителями поселка Айнабулак. Это самый маленький населенный пункт, который территориально относится к городу Семей. В двух аулах Самай и Айнабулак в общем проживает всего немногим более 100 человек.

Основной промысел местного населения - сельское хозяйство и, в первую очередь, жители обратились к акиму с просьбой оказать помощь в узаконении пастбищ. Также местные жители рассказали о проблемах с низкой заработной платой, о перебоях с освещением, об отсутствии сети Интернет и др.

Аким города в свою очередь сообщил о том, что все проблемы были приняты во внимание и будут приняты соответствующие действия для их решения.

#Семейқаласыныңәкімдігі