Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
748 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌2022 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысы құрылған күні Семей қаласында 23 бала дүниеге келген. Оның 8-і ұл, 15-і қыз. Соның ішінде, Ибраһим Серікұлы Қайратбек Абай атамыздың есімін иеленген жалғыз сәби.

👶Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ибрагимнің отбасында болып, тұсау кесу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы бүлдіршінге зор денсаулық, алаңсыз балалық шақ тіледі.

🍼Ибрахимнің отбасында 5 бала бар. Анасы Гүлмарал Сәбитқызы Мукалиева көпбалалы ана ретінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатындағы 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алуға конкурсқа қатысуда. Бизнес-жобаның тақырыбы – «Тігін өндірісі».

#АбайОблысыныңӘкімі
⚡️Дәл қазір

Ертіс өзенінің оң жағалауы

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🎷Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады

«Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде, халықтың қалауы ескеріліп, Президент Жарлығымен Абай облысы құрылды. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы болды.

Бүгін Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай, Ертіс өзеңінің оң жағалауында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Бүгінгі кеште ең айтулы оқиға, мерекелік шараға жиналған қауым бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Арнайы құрылған экранда Абай облысына қатысты бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Абай облысы жайнап, көркейіп дами берсін!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🎷Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады «Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым…
⚡️Семейчане исполнили песню Абая «Көзімнің қарасы»

Прошел ровно год с того дня, как Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал Указ о создании нового региона - области Абай.

Сегодняшний день для семейчан - особенный праздник, поскольку мы 25 лет ждали момента, когда Семей сново станет административным центром области. Глава государства сделал мечту сотен тысяч людей реальностью, восстановив историческую справедливость и границы области в их прежнем виде.

Сегодня в честь годовщины образования области Абай на правом берегу реки Иртыш прошло праздничное мероприятие. В праздничном мероприятии приняли участие аким области Нурлан Уранхаев, общественные деятели и жители региона.

Самым знаменательным событием сегодняшнего вечера стало то, что собравшиеся на праздничном мероприятии одновременно исполнили песню Абая «Көзімнің қарасы» в сопровождении эстрадно-симфонического оркестра. На большом экране был показан видеоролик, посвященный области Абай.

Праздничное мероприятие продолжилось концертной программой местных артистов.

Пусть наша область процветает!

#Семейқаласыныңәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🚿Көпірлерді, қоршауларды, жол өтпелерін, жол белгілерін, бағдаршам объектілерін жуу, жөндеу, тазалау және сырлау жұмыстары жүргізілуде.

***

🚿 Ведутся работы по мойке, ремонту, очистке и покраске мостов, ограждений, путепроводов, дорожных знаков, светофорных объектов.

#Семейқаласыәкімдігі