Семей қаласының әкімдігі
3.06K subscribers
10.1K photos
2.73K videos
9 files
752 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Бүгін Абай облысының құрылғанына 1 жыл.
Абай елі өркендей берсін 🎉
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қадірменді Абай өңірінің тұрғындары! Құрметті семейліктер!

Сіздерді Абай облысының құрылғанына 1 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы жолдауында, Абай облысын құру туралы ұсынысын айтқан болатын. Бұл шешім жалғыз семейліктер үшін ғана емес, күллі алаш жұрты үшін қуанышты жаңалық болды. Ұлы Абайды тудырған киелі өлкені, ойшылдың атымен атау өте оңды шешім деп білемін.

Өңіріміз облыс болып, қаламыз жаңа облыстың орталығы атанғалы жаңаша кейіпке ене түсті. Бұл тек бір жылдың ғана көрінісі. Алдағы уақытта қаламыз гүлденіп, еліміздегі жаңғырған, жаңа қалалардың бірі де бірегейі болатынына сенімдімін. Жаңа облысымыз жайнап, көркейіп дами берсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.


✍🏻Құрметпен, Нұрбол Нұрсағатов
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📹 Бүгін, 8 маусым, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысының құрылғанына бір жыл толды. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң серпін бар. Осы орайда, 1 жылда атқарылған жұмыстардың негізгі көрсеткіштерін назарларыңызға ұсынамыз
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ақын, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Мерей Қарт барша өңір тұрғындарын 1 жылдық белеспен құттықтап, жыр шумақтарын арнады.

———————

⚡️Поэт, лауреат Государственной молодежной премии «Дарын» Мерей Карт поздравил всех жителей региона с годовщиной создания области Абай и посвятил этому событию стихи.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Аймақтағы инфрақұрылым, оның ішінде жол құрылыс саласында еңбек етіп жүрген инженер-геодезист Рауан Ақышов жерлестерін Абай облысының құрылу күнімен құттықтады.

———————

🗣Инженер-геодезист Рауан Акишов, работающий в сфере инфраструктуры региона, в том числе в сфере дорожного строительства, поздравил земляков с днем образования области Абай.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🗣Республикадағы ең ірі кәсіпорындардың бірі «Силикат» ЖШС-нің Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің бастығы Рауан Хамитовтың барша өңір тұрғындарын облыстың құрылу күнімен құттықтауы

—————————

🗣Поздравление начальника отдела охраны труда и техники безопасности одного из крупнейших предприятий республики ТОО «Силикат» Рауана Хамитова с днем образования области.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
☀️Қалада ауа температурасының едәуір жоғарылауына байланысты жасыл желектерді суару жұмыстары күшейтілді.

Сонымен қатар, өрт қауіпсіздігі мақсатында теректердің мамығын түсіру жұмыстары жүргізілуде.
———
☀️ В связи со значительным повышением температуры воздуха в городе усилен полив зеленых насаждений.

Параллельно в целях пожарной безопасности ведутся работы по сбиванию пуха с тополей.

#Семейқаласыәкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌2022 жылғы 8 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен Абай облысы құрылған күні Семей қаласында 23 бала дүниеге келген. Оның 8-і ұл, 15-і қыз. Соның ішінде, Ибраһим Серікұлы Қайратбек Абай атамыздың есімін иеленген жалғыз сәби.

👶Бүгін Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ибрагимнің отбасында болып, тұсау кесу рәсіміне қатысты. Аймақ басшысы бүлдіршінге зор денсаулық, алаңсыз балалық шақ тіледі.

🍼Ибрахимнің отбасында 5 бала бар. Анасы Гүлмарал Сәбитқызы Мукалиева көпбалалы ана ретінде жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатындағы 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз грант алуға конкурсқа қатысуда. Бизнес-жобаның тақырыбы – «Тігін өндірісі».

#АбайОблысыныңӘкімі
⚡️Дәл қазір

Ертіс өзенінің оң жағалауы

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🎷Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады

«Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде, халықтың қалауы ескеріліп, Президент Жарлығымен Абай облысы құрылды. Бұл шешім – шын мәнінде, тарихи әділдіктің салтанат құруы болды.

Бүгін Абай облысының құрылуына бір жыл толуына орай, Ертіс өзеңінің оң жағалауында мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев, қоғам қайраткерлері мен өңір тұрғындары қатысты.

Бүгінгі кеште ең айтулы оқиға, мерекелік шараға жиналған қауым бір мезетте Абай облысының эстрадалық-симфониялық оркестрі сүйемелдеуімен Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Арнайы құрылған экранда Абай облысына қатысты бейнеролик көрсетілді.

Мерекелік шара жергілікті өнерпаздардың концерттік бағдарламасына ұласты.

Абай облысы жайнап, көркейіп дами берсін!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
🎷Семейліктер Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін шырқады «Алаш қонған ақ боз үй» деп, Ахмет Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей өз биігіне шықты. Осыдан 1 жыл бұрын Семей жұртшылығы үшін ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Президентіміз Қасым…
⚡️Семейчане исполнили песню Абая «Көзімнің қарасы»

Прошел ровно год с того дня, как Глава государства Касым-Жомарт Токаев подписал Указ о создании нового региона - области Абай.

Сегодняшний день для семейчан - особенный праздник, поскольку мы 25 лет ждали момента, когда Семей сново станет административным центром области. Глава государства сделал мечту сотен тысяч людей реальностью, восстановив историческую справедливость и границы области в их прежнем виде.

Сегодня в честь годовщины образования области Абай на правом берегу реки Иртыш прошло праздничное мероприятие. В праздничном мероприятии приняли участие аким области Нурлан Уранхаев, общественные деятели и жители региона.

Самым знаменательным событием сегодняшнего вечера стало то, что собравшиеся на праздничном мероприятии одновременно исполнили песню Абая «Көзімнің қарасы» в сопровождении эстрадно-симфонического оркестра. На большом экране был показан видеоролик, посвященный области Абай.

Праздничное мероприятие продолжилось концертной программой местных артистов.

Пусть наша область процветает!

#Семейқаласыныңәкімдігі