Семей қаласының әкімдігі
3.07K subscribers
9.97K photos
2.72K videos
9 files
713 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семейде саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық құрбандарына тағзым етілді

Семейде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Алаш» қозғалысының көшбасшысы Әлихан Бөкейханның ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.

Шараға Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері мен жастар қатысты.

«Бүгінде Алаш арманы ақиқатқа айналды. «Алаш қонған ақ боз үй» деп, Байтұрсынұлы жырлағандай, Алашқа пана болған қарт Семей де өз биігіне шықты. Абай облысы құрылды. Бұның өзі, тарихты ардақтап, әділдікке жол берген Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың салиқалы саясатының негізінде мүмкін болып отырғанын ерекше атап өту орынды. Заманалар ауысып, қара жер қойнына жасырғанымен, азаттық жолында құрбан болғандар еш ұмытылмайды",- деді Абай облысы әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков.

Жиналған қауым саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алып, гүл шоқтарын қойып, тағзым жасады.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Семее почтили память жертв политических репрессий и голодомора

В честь памятного дня горожане собрались у памятника лидера движения «Алаш», выдающегося общественного деятеля Алихана Бокейханова и возложили цветы к мемориалу. В памятном мероприятии приняли участие заместитель акима области Абай Шалкар Байбеков, аким города Семей Нурбол Нурсагатов, общественные деятели и горожане.

«Мы же живем в то время, когда мечта алашординцев, ради которой они пожертвовали свои жизни, стала реальностью. И мы никогда не забудем какой дорогой ценой досталась наша независимость и свобода – ценой сотни тысяч невинных жертв, которые были названы «Врагами народа» и безжалостно убиты за патриотизм и национальное самосознание», - сказал Шалкар Байбеков во время церемонии.
Семейде қаланы санитарлық тазарту бойынша экологиялық екіайлық акциясы аяқталды

🧹1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен қаланың барлық аумақтарында, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік объектілерінің іргелес аумақтарын, қаланың шеткері және орталық көшелерін тазартуға бағытталған экологиялық акция өтті.
Семей қаласының әкімдігі
Семейде қаланы санитарлық тазарту бойынша экологиялық екіайлық акциясы аяқталды 🧹1 сәуір мен 31 мамыр аралығында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың бастамасымен қаланың барлық аумақтарында, әлеуметтік нысандар мен кәсіпкерлік объектілерінің іргелес…
Осы науқан аясында 100-ден астам рұқсат етілмеген полигондар түпкілікті тазартылды. Сенбілікте Семей қаласының аумағынан 2 мың шаршы метр қоқыс қалдықтары мен 7,5 мың шаршы метрден астам ірі қалдықтар полигонға шығарылды. Қаламыздағы санитарлық тазарту бойынша екіайлық барысында Холодный ключ, Жоламан кентінен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің 80% –ы, Бобровка, Шығыс, Степной, Комсомольский, Нахаловка кенттері мен Мұрат, Бобровка саяжайларындағы 60% полигон жойылды.

Сондай-ақ, белгіленбеген жерде заңсыз қоқыс төгу фактілерін болдырмау үшін учаскелік полицейлер кезекшілік етеді. Осы уақыт арадығында 4 мыңға жуық құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, коммуналдық қызметтер жол белгілерін, тротуарларды, жолдарды, аялдама павильондарын жуу, жол жиектері мен қоршауларды бояу, саябақтар мен қоғамдық кеңістіктерді қоқыстардан тазартуды жүргізді. Ағымдағы жылдың көктемінде қала ішінде 3000-нан астам ағаш отырғызылды.

Қала басшысы барлық қала тұрғындарына экологиялық акцияға қатысқаны үшін өз алғысын білдірді.

"Осы науқан аясында апта сайын сенбіліктер өткізіліп, оған барлық коммуналдық қызметтер мен қала тұрғындары қатысты. Әсіресе жастардың белсенділігін көріп, көз қуанды. Уақыттарыңызды бөліп бастамамды қолдаған әрбір қала тұрғынына алғыс айтамын. Сіздер қаламыздың тазалығына зор үлес қостыңыздар»,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауларыңызды сұраймыз. Тазалық тазаланған жерде емес, таза ұстаған жерде!

#Семейқаласыныңәкімдігі
В Семее завершился экологический двухмесячник по санитарной очистке городской территории

🧹С 1 апреля по 31 мая по инициативе акима города Семей Нурбола Нрусагатова проходила экологическая акция, направленная на очистку внутриквартальных районов, прилегающих территорий социальных объектов и объектов предпринимательства, окраин и центральных улиц города.
Семей қаласының әкімдігі
В Семее завершился экологический двухмесячник по санитарной очистке городской территории 🧹С 1 апреля по 31 мая по инициативе акима города Семей Нурбола Нрусагатова проходила экологическая акция, направленная на очистку внутриквартальных районов, прилегающих…
За этот период было ликвидировано более 100 несанкционированных свалок. В рамках субботников с территории города Семей вывезено около 2 тыс.м3 отходов и более 7,5 тыс.м3 ТБО с мест несакционированного оставления мусора на окраинах. За двухмесячник по санитарной очистке города Семей из поселков Холодный ключ, Жоламан было ликвидировано 80% несанкционированных свалок, в поселках Бобровка, Восточный, Комсомольский, Нахаловка, на дачах Мурат, Бобровка – на 60%. Подрядной организацией ИП «Хазипов» работы по вывозу мусора со свалок будут продолжены.

Также для предотвращения фактов выброса мусора в неположенном месте, на окраинах города дежурят участковые полицейские, к административной отвественности привлечены около 4 тыс. нарушителей.
Также коммунальные службы провели промывку дорожных знаков, тротуаров, дорог, остановочных павильонов и др., покраску бордюр и ограждений, а также очистили от мусора скверы, парки и общественные пространства. В этом году в весений период было посажено свыше 3000 деревьев за счет компенсационной посадки зеленных насаждений.

Глава города поблагодарил всех горожан за участие в экологической акции:
«Еженедельно проводились субботники, в которых участвовали все коммунальные службы, и неравнодушные горожане. Особенно хочу отметить активность молодежи. Благодарю всех, кто уделил свое время и поддержал инициативу, Вы внесли большой вклад в чистоту нашего города! Спасибо вам за это!», - отметил Нурбол Нурсагатов.

Дорогие горожане и гости! Просим Вас соблюдать чистоту и выбрасывать мусор в специально отведенных для этого местах. Чистота начинается с нас самих!

#Семейқаласыныңәкімдігі
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
С Международным днем защиты детей – 1 июня!

t.me/aqorda_resmi
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🔔Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті

Бүгін Семей қаласының барлық мектептерінде соңғы қоңырау мерекесі өтті. Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Шәкәрім мектеп-гимназиясында болып, ұстаздар мен оқушыларды, мектеп түлектерін құттықтап, мектеп бітіретін түлектерге ақ жол тіледі.

“Мектеп– қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен кемеңгерліктің, таным мен тәрбиелі істердің қасиетті ордасы. Ендеше, бүгінгі мектеп бітіруші түлектеріміз оқушылық өмірде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңіріп, байыпты бағдарын бойларына дарытып, білім көкжиегін кеңейте білді деп санаймын Жарқын болашаққа бастар жолдарыңызға ақ жол тілеймін.”,- деп атап өтті Нұрбол Нұрсағатов.

Қаламызда биылғы оқу жылын 68 мектеп бойынша 1937 түлек тәмамдады. Олардың ішінде 60 түлек «Алтын белгіге» үміткер болып табылса, 155 түлек «Үздік аттестат» иегері атануға үмітті.

Осы оқу жылында Семей қаласының оқушылары  республикалық, халықаралық байқаулар мен олимпиадаларға  қатысып, айтулы жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, Семей қаласынан ғылым негіздері бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде 83 орын, республикада 243 орын, Ғылыми жоба бойынша облыста 71, республикада 4, халықаралық деңгейде 2 оқушы жүлдегер атанды. Спорттық сайыстар мен шығармашылық конкурстардың республикалық кезеңінде 85 орын болса, халықаралық спорттық жарыстарда 43 жеңімпаз анықталды.

Салтанатты жиын барысында мерекелік концерт ұйымдастырылды. 11 түлектердің қатысуымен соңғы қоңырау соғылды.

#Семейқаласыныңәкімдігі