Семей қаласының әкімдігі
3.08K subscribers
10K photos
2.73K videos
9 files
729 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Сегодня Главе государства исполнилось 70 лет

Мы собрали некоторые из самых известных кадров с нашим Президентом. С днем рождения, Касым-Жомарт Токаев!
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 70 жасқа толды

⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған. Әкесі – Кемел Тоқаев (1923-1986) Ұлы Отан соғысының ардагері, белгілі жазушы, қазақ әдебиетінің детективті-шытырман оқиғалы жанрының негізін қалаушы. Шешесі – Тұрар Шабарбаева (1931-2000) Алматы шет тілдері педагогикалық институтында қызмет еткен.

⚡️Қ.К. Тоқаев 1975 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институт бітірген. КСРО-ның Қытай Халық Республикасындағы елшілігінде диплом алдындағы тағылымдамадан өткен. 1983-1984 жылдар аралығында Бейжің лингвистика институтында тағылымдамадан өтті. 1992 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын тәмамдады.

⚡️Еңбек жолын 1975 жылы КСРО-ның Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Әртүрлі мемлекеттік саяси қызметтерді атқарған.

🗣Президенттің баспасөз қызметі бұл күні ешқандай іс-шара өткізілмейтінін мәлімдеді.

✈️Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға мемлекеттік сапары басталады. Мемлекет басшысы Сиань қаласында ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.

#АбайОблысыныңӘкімідігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
"Семей қаласының құрметті азаматы" атағы берілді

🎖Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Семей қаласына еңбегі сіңген бірнеше адамға Құрмет грамоталарымен және «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағын табыстады.

«Бүгін өздеріңізбен 2023 жылғы 16 мамырындағы Семей қаласы мәслихатының «Семей қаласының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешіміне сәйкес, қаламыздың өркендеуі жолында өлшеусіз үлес қосып, көп жылғы жемісті еңбегін Семей қаласының дамуына сарп еткен жандарды құттықтауға жиналып отырмыз. Бұл- мәртебелі марапат»,- деді қала әкімі.

Қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаланың дамуына еңбегі сіңген және түрлі салада көш бастап, белсенділік көрсетіп жүрген О. Шәріпбаевқа, Н. Исаевқа, С. Бақтажаровқа, С Ботабаевқа “Семей қаласының Құрметті азаматы” төсбелгілерін табыс етті.

Сонымен қатар, марапатқа ие болған тұлғалар, өздерінің ақжарма тілектерін де жеткізді.
Вручены звания почетных граждан города Семей

🎖Нурбол Нурсагатов вручил горожанам, внесшим особый вклад в развитие города, грамоты и звания «Почетный гражданин города Семей».

«Сегодня мы собрались по приятному поводу, чтобы поздравить наших горожан, которые благодаря честному труду и большому вкладу в общественное развитие, решением городского маслихата от 16 мая т.г. удостоены звания «Почетный гражданин города Семей». Это очень важная награда для любого человека, любящего свой край», - сказал аким.

Обладателями звания почетных жителей стали Оралгазы Шарипбаев, Николай Исаев, Серикбек Бактажаров и Серикжан Ботабаев.

#Семейқаласыәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қала әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты

📺Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1991 жылы ашылған қаламыздағы ең алғашқы коммерциялық арнаның жұмысымен танысуға арнайы барды. Қала әкімі телеарна басшысы Омарбек Байуақовпен кездесіп, ТВК-6 медиахолдингін дамыту перспективаларын талқылады.

"Қаламызда ТВК-6 арнасы болғанына қуаныштымыз. Сіздер тек телеарна арқылы ғана емес, баспасөз арқылы да қаламыздағы болып жатқан жаңалықтарды Абай өңіріне таратуға ат салысасыздар. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін”,- деп атап өтті қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов.

📰Холдингке телеарнадан басқа екі мерзімді басылым - "Ертіс өңірі" және "Спектр" газеттерінің редакциялары да кіреді. Екі баспа басылымы аптасына бір рет медиахолдингтің жеке баспаханасында шығарылады.

🖊Баспа орталығында Нұрбол Нұрсағатов станоктың жұмысымен танысып, газет шығаруға жауапты инженер-технологтармен әңгімелесті.
Семей қаласының әкімдігі
Қала әкімі ТВК-6 телеарнасына барып, медиахолдингтің жұмысымен танысты 📺Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов 1991 жылы ашылған қаламыздағы ең алғашқы коммерциялық арнаның жұмысымен танысуға арнайы барды. Қала әкімі телеарна басшысы Омарбек Байуақовпен кездесіп…
Аким Семея посетил редакцию телеканала ТВК-6

📰Нурбол Нурсагатов ознакомился с работой и поговорил с сотрудниками медиахолдинга ТВК-6. В его состав, помимо телеканала, входят периодические издания «Ертіс өңірі» и «Спектр», газеты выходят с периодичностью два раза в неделю.

📺Руководитель телеканала Омарбек Байуаков рассказал акиму города о действующих проектах и о перспективах развития медиахолдинга.

«Вы транслируете новости о жизнедеятельности нашего города не только в эфире телеканала, но также и на страницах газет, поэтому вносите большой вклад в информационную работу с населением. Желаю вам больших творческих успехов», - отметил аким города Нурбол Нурсагатов.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Қала әкімі Семейдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарға барды

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов "Эйкос" және "Силикат" кәсіпорындарының өндірістік процестерімен және даму жоспарларымен танысты.

📌 “Эйкос" ЖШС 1996 жылдың қаңтарында тіркелген және әлемдік Шина өнімдерін өндірушілердің ресми дистрибьюторы болып табылады. Кәсіпорын қазақстандық нарықта автомобиль шиналарын сатумен, сондай-ақ ірі габаритті техниканы жөндеу бойынша қызметтер көрсетумен айналысады. "Эйкос" ЖШС саны 435 адам.

Келешекте кәсіпорын 100 жұмыс орнын құра отырып, резеңке-техникалық бұйымдар шығарып, пайдаланылған шиналарды резеңке үгінділерге қайта өңдеу жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

📌 “Силикат" ЖШС 1958 жылдың қараша айында пайдалануға берілді. Жобалық қуаты жылына 100 млн. силикат кірпішті құрайды. Кәсіпорын 400 адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.
Нурбол Нурсагатов посетил промышленные предприятия Семея

Аким города Нурбол Нурсагатов ознакомился с производственными процессами и планами развития ТОО «Эйкос» и ТОО «Силикат».

📌ТОО «Эйкос» функционирует с января 1996 года и является официальным дистрибьютором мировых производителей шинной продукции. Осуществляет реализацию автомобильных шин, предоставляет услуги по ремонту крупногабаритной техники. На предприятии работают 435 человек. В дальнейшем планируется реализация проекта по переработке б/у шин в резиновую крошку для производства резиново-технических изделий, что позволит создать дополнительно 100 новых рабочих мест.

📌ТОО «Силикат» занимается производством силикатных кирпичей, мощность предприятия составляет 100 млн. кирпичей в год. Завод работает с 1958 года и обеспечивает работой 400 человек.

#Семейқаласыныңәкімдігі
⚡️18 мамырда Абай облысында «Музей түні» акциясы өтеді

🌑Мәдениет және өнер қызметкерлері күні мен Халықаралық музейлер күнін мерекелеу аясында Абай облысының музейлерінде «Музей түні» акциясы өтеді. Мұражайлар келушілер үшін сағат 18.00-ден кешке дейін ашық болады.

💫Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорығында Семей қаласы суретшілерінің пленэрі өтеді, іс-шара қонақтары үшін арнайы фотоаймақ дайындалады, сонымен қатар келушілер суретшілер орындаған портреттерді лезде ала алады.

🌟Сондай-ақ, іс-шара аясында «Шәкәрім өрнегі» сән көрсетілімімен Шәкәрім атындағы университет студенттерінің дефилесі өтеді.

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану мұражайы биылғы жылы ұлттық қолөнер мен ойындарға ерекше назар аударады. «Музей түнінің» басты іс-шарасы «Ежелгі алтын» көрмесі болады, онда сақ заманының алтын бұйымдары ұсынылады. Мұражай қызметкерлері биыл халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды насихаттауға көп көңіл бөлді. Келушілер «Тоғызқұмалақ», «Асық ату», «Бестас», «Қол күресі» (арм-рестлинг), «Садақ ату», «Гір көтеру» және т.б. ұлттық спорт ойындарында бақ сынайтын болады.

⚡️Сонымен қатар, келушілер үшін «Әйнек тарихынан» көрмелері, «Қиял әлемі» балалар шығармашылығының экспозициясы және қолданбалы өнер шеберлерінің көрмесі өтеді. Мерекелік концерттік бағдарлама мен танымдық викториналардан басқа мұражай қонақтары «Қыш үйірмесінде» және «Петроглифтерде» шеберлік сабақтарына қатыса алады.

⚡️Ф. Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайында Ф. Достоевскийдің замандасы А. Островскийдің туғанына 200 жыл толуына орай «Жұмбақ түн» іс-шарасы өтеді. Мұражай қонақтарының назарына Островскийдің «Бесприданница» пьесасы бойынша спектакль ұсынылады, мұражай қорынан және жеке коллекциялардан алынған экспонаттардың «Шамнан шамға дейін» көрмесі, әдеби-өлкетану викторинасы, «Әдеби батырлар балы» театрландырылған экскурсиясы, «Бірінші би» перфомансы, қаланың музыкалық ұжымдары мен шығармашылық студияларының концерті және т.б. өтеді.

⚡️Қонақтар мен тұрғындарды «Музей түніне» барып, өнер атмосферасына енуге шақырамыз! Кіру тегін.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM