Семей қаласының әкімдігі
2.96K subscribers
10.8K photos
2.8K videos
9 files
907 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Облыс орталығында "Шам жағу" акциясы өтті

🕯Бүгін Жеңіс саябағынлағы алаңда 1 500-ден астам шырақ жағылды.  Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған шырақ жағу акциясын Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.

Акция барысында қала тұрғындары соғыс жылдарындағы әндерді шырқады. Шамдардан Ұлы Жеңістің 78 жылдығын бейнелейтін “78” деген импровизацияланған жазба жасалды.

Тұрғындардың айтуынша, барлығы сұрапыл соғысқа қатысқан туыстарын еске алу мақсатында жылда аталмыш акцияға қатысатын көрінеді.  

- Бүгін 1500-ден астам шам таратылды. Әрбір қала тұрғыны үшін бұл акцияның маңызы зор, - деп атап өтті Семей қаласының Ішкі саясат бөлімінің басшысы Олжас Соғымбай.
⭐️Жеңіс күніне арналған дәстүрлі 78-ші ашық қалалық жеңілатлетикалық эстафета өткізілді.

Бұл жеңілатлетикалық эстафета 1945 жылдың мамыр айынан бастап жыл сайын 78 жыл бойы Семей қаласында өткізіліп келеді, ол республикамыздағы ең көне эстафеталардың бірі болып табылады.

Аталған жарысқа қаламыздың студенттері мен жүгіру әуесқойларының ұжымдары қатысып өзара мықтыларды анықтады.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мадақтамалары, медальдары және кубоктарымен марапатталды.

***

⭐️Проведена 78-я открытая городская легкоатлетическая эстафета, посвященная Дню Победы.

Эта легкоатлетическая эстафета проводится ежегодно с мая 1945 года в Семее на протяжении 78 лет, является одной из старейших эстафет в нашей республике.

В данной эстафете приняли участие студенты и любители бега нашего города.
По итогам соревнований победители и призеры были награждены грамотами, медалями и кубками городского отдела физической культуры и спорта.
12 мамыр күні сағат 10:00-13:00 аралығында Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 43 мекенжайында орналасқан қалалық мәдениет сарайында кәсіпкерлер үшін ашық есік күні өтеді.

🔹🔹🔹

12 мая с 10.00 - 13.00 часов в Городском дворце культуры, расположенном по адресу г. Семей, ул. Б. Момышулы, 43 состоится день открытых дверей для предпринимателей.

#Семейқаласыәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
🦟Жәндіктерді улаудың екінші туры басталды

Қолайлы ауа райына байланысты Семей қаласының ТҮКШ бөлімі «BioFarmkz» ЖШС-пен бірлесіп, аумақты өңдеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Масалар мен шіркейлердің жаппай көбеюін болдырмау мақсатында қаланың барлық ауданында дезинсекциялық жұмыстың екінші кезеңі басталды. Қазіргі таңда жұмыстар «Бейбітшілік» аралы, кіші Ақтөбе, Холодный ключ, Красный Кордон, Ертіс өзенінің жағалауы, Наркодиспансер ауданы, Казкрай аудандарында толығымен жүргізілді.

Семейдің барлық аудандарында таяз су қоймалары мен батпақты жерлер өңделді. Осыған орай, ашық стацияларды, кварталішілік аумақ, көшелер, саябақтар, гүлзарлар, елді мекендер және т. б. өңдеу басталды. Атап айтқанда, Әуезов алаңы, Орталық саябақ, Казкрай, Восточный, Жеңіс саябағы, Энергетик шағын ауданы, Цементшілер кентінде дезинсекция жұмыстары жүргізілді. Масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толығымен жоюға болмайды, бірақ бұл шаралар олардың санын анағұрлым азайтуға мүмкіндік береді.

Бұл дезинсекциялық іс-шаралар жәндіктердің санын азайтуға бағытталған. Барлық өңдеу 3 тур бойынша өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарының жайлы демалуы үшін адам көп жиналатын орындарға – саябақтарға, жағалауларға, гүлзарларға және т. б. ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жұмысқа 20-дан астам дезинфектор, биолог-энтомолог, моторлы-ранцты бүріккіш, термогенератор, дезинфекциялық машина жұмылдырылды.

Дезинсекциялық жұмыстар үшін құрамында хлорпирифос және малатион әсер етуші заты бар, адамдар мен жануарлар үшін қауіптілігі жоқ инсектицидтер қолданылады. Бұл препараттар Қазақстан аумағында қолдануға рұқсат берілген тізілімге енгізілген.

#Семейқаласыныңәкімдігі
🛣Семейде қала көшелерін грейдерлеу жұмыстары жүргізілуде

Қазіргі таңда Семей қаласында 10 км жолға қиыршық тас пен ПГС себу, профильдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шарт "Аз и Мур Строй" ЖШС мердігерлік ұйымымен жасалды. Қазіргі уақытта жұмыстар Матяш, Толстой, Рехтика, Школьный переулок және 2 проезд көшелерінде жүргізіліп жатыр.

«Биыл қаланың шеткері аудандарындағы бірнеше жолға қиыршық тас себу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Атап айтқанда, келесі аптадан бастап Водный кентіндегі Гиодезия көшесінде, Восточный, сондай-ақ, Бобровка, Мирный, Нахаловка, Жоламан кенттерінде 2 км жолға грейдерлеу жұмыстары жүргізіледі», - деп атап өтті жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.

✔️Естеріңізге сала кетейік, биыл 35 көшені қамтитын 55 км болатын жолдар кұрделі жөндеуден өткізіледі. Сондай-ақ, жалпы ұзындығы 4 км болатын тротуар жөндеуден өткізіледі.
Семей қаласының әкімдігі
Video
🛣 В Семее проводится грейдеровка городских улиц

В настоящее время в г. Семей ведутся работы по засыпке щебнем и ПГС, профилированию на 10 км дорог. Договор заключен с подрядной организацией ТОО "Аз и Мур Строй". В настоящее время работы ведутся на улицах Матяша, Толстого, Рехтика, Школьный переулок и 2 проезд.

"В этом году мы проведем работы по засыпке щебнем нескольких дорог в отдаленных районах города. В частности, со следующей недели будут проведены грейдерные работы на 2 км дорог по ул. Геодезическая в п. Водный, Восточный, а также в п. Бобровка, Мирный, Нахаловка, Жоламан», - отметил руководитель отдела пассажирского транспорта и автомобильных дорог Медет Алтаев.

✔️Напомним, в этом году отремонтируют 55 км дорог, охватывающих 35 улиц. Также будет отремонтирован тротуар общей протяженностью 4 км.

#Семейқаласыныңәкімдігі