Семей қаласының әкімдігі
2.96K subscribers
10.7K photos
2.8K videos
9 files
903 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🎆Мерекелік отшашудың көріністері.
-----
🎆Фееричное завершение праздника в административном центре области Абай.

#АбайОблысыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік шара өз мәресіне жетті

✔️Бүгін Семей қаласы облыс орталығы мәртебесінде алғаш рет 7 мамыр- Отан қорғаушылар күнін атап өтті.

Салтанатты шара Орталық алаңда 11:00-де басталып, қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. Мерекелік концерт облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың құттықтау сөзімен басталды. Шара барысында аймақ басшысы бірқатар әскери қызметшілерді алғыс хаттарымен марапаттады.

Сондай-ақ әскери қызметшілердің қатысуымен салтанатты марш өтті. Эстрада әншісі Мәдина Сәдуақасова, театр және облыстық филармония, қалалық мәдениет сарайының әртістері, музыкалық және би ұжымдары өнер көрсетті.

Сонымен қатар, түстен кейін мерекеге орай қалалық Мәдениет сарайында Атырау облысы әкімдігінің Қаршыға Ахмедияров атындағы "Нарын" халық аспаптар оркестрі мен филармония әртістерінің концерті өтті.

Күндізгі іс-шараның жалғасы орталық алаңдағы қазақ эстрада жұлдызы Жанар Дугалованың қатысумен өткен мерекелік концертпен жалғасты. Сондай-ақ, жергілікті мәдениет саласының өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шара отшашумен аяқталды.

Үш бөлімнен тұратын салтанатты шараны қала тұрғынларымен бірге Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов та бірге тамашалады. Күні бойы жалғасқан мерекелік шараны 8000-нан астам көрермендер тамашалады.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Праздничное мероприятие, приуроченное ко Дню защитника Отечества, подошло к концу

✔️Сегодня город Семей впервые отметил 7 мая - День защитника Отечества в статусе областного центра.

Торжественное мероприятие началось в 11:00 на Центральной площади, прошел праздничный концерт с участием звезд казахстанской эстрады. Открыл праздничный концерт с приветственным словом аким области Абай Нурлан Уранхаев. Во время мероприятия глава области наградил благодарственными письмами некоторых военнослужающих.

Также прошел торжественный марш с участием военных. Выступили певица эстрады Мадина Садвакасова, артисты театра и областной филармонии, городского дома культуры, а также музыкальные и танцевальные коллективы.

После обеда во Дворце культуры прошел концерт артистов оркестра народных инструментов “Нарын” имени Каршыги Ахмедиярова акимата Атырауской области.

Продолжением дневного мероприятия стал концерт на центральной площади с участием звезды казахской эстрады Жанар Дугаловой. Также выступили местные артисты. Праздничное мероприятие завершилось фейерверком.

Торжественное мероприятие из трех частей вместе с жителями города посетил и аким города Нурбол Нурсагатов. Праздничное мероприятие посетили более 8 тысяч горожан.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Бүгінгі отшашудың көріністері 😍
🎖 Мемлекет басшысының Жарлығымен 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі, батылдығы, жанқиярлығы мен соғыстан кейін мемлекеттік және қоғамдық қызметке белсенді қатысқаны үшін Әбдіғали Қаймолдинге «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылды.

🎖 Указом Главы государства за героизм, отвагу и самоотверженность, проявленные в Великой Отечественной войне 1941–1945 годов, активное участие в государственной и общественной деятельности после войны присвоено звание «Халық қаһарманы» с вручением знака особого отличия – Золотой звезды и ордена «Отан» Каймолдину Абдыгали.

t.me/aqorda_resmi
#Семейқаласыәкімдігі
ҚАЙМОЛДИН ӘБДІҒАЛИ
Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері

1921 жылы 30 маусымда Семей облысы Абыралы ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.

1941 жылы әскер қатарына шақырылды. 1941-1945 жылдың 9 мамыры аралығында Сталинград, 1-Украина, 1-Беларусь, 3-Балтық майдандарында шайқасты. 1946 жылдың маусым айында әскер қатарынан босатылған.

Аталған қызметтен кейін партияда және мемлекеттік органдарда жұмыс істеді. Әуелі КОКП Семей облыстық комитетінде, содан кейін Жаңасемей, Новопокровск аудандарының атқару комитетінде еңбек етті. 1977-1982 жылдары «Түрксіб» совхозы партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді және осы жерден құрметті демалысқа шықты.

Қызыл жұлдыз және І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Кенигсбергті алғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен марапатталған.

t.me/aqorda_resmi