Семей қаласының әкімдігі
3.06K subscribers
9.95K photos
2.72K videos
9 files
709 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы:

"Біз домбыраға әр қазақтың төрінен орын бар дейміз. Бұл - дұрыс. Сол сияқты еліміздің әр отбасында көк байрағымыз тұрса, өте жарасымды болатыны сөзсіз"

#Семейқаласыәкімдігі
🇰🇿РЕСПУБЛИКА КҮНІ - ҰЛТТЫҚ МЕРЕКЕ

#Семейқаласыәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Президент:

"Қайта жаңғырған Республика күні – бұл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін аса маңызды тарихи қадам"

#Семейқаласыәкімдігі
▫️ҚР Президентінің сайлауы 20 қарашада өтеді.
Әркімнің дауысы маңызды
19.00 Орталық алаң
- Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Алашұлы тобы, Ерке Есмаханның қатысуымен гала-концерт
- Мерекелік отшашу
 
2022 жылы 25 қазанда Семей қаласы әкімдігінің қолдауымен Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді!
 
10.00 «Спартак» стадионы
- Мемлекеттік туды салтанатты көтеру
        - Спорттық іс-шаралар  
11. 00 Арбат
- Қала тұрғындарына арналған «Қыран елім-Қазақстан» концерттік бағдарламасы
- «Республика күні – бірлік пен ынтымақ мерекесі» қалалық Достық үйінің этно-мәдени бірлестіктерінің шеруі
- «Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы»  спорттық блогы
- Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің «Өнеріміз саған, Қазақстан!» тақырыптық көрмесі
 
11.00 Әуезов алаңы
- Қала тұрғындарына арналған  концерттік бағдарлама  
 
11.00 Ертіс өзенінің жағалауы
- Аниматорларды шақырумен балаларға арналған мерекелік концерттік бағдарламасы

19.00 Орталық алаң
- Қазақстан эстрадасының жұлдыздары Алашұлы тобы, Ерке Есмаханның қатысуымен гала-концерт
- Мерекелік отшашу
25 октября 2022 года при поддержке акимата города Семей пройдут праздничные мероприятия ко дню Республики!  
 
10.00 стадион «Спартак»
-Торжественное поднятие государственного флага
-Спортивные мероприятия
11.00 Арбат
-Праздничная концертная программа для жителей  города
«Қыран елім-Қазақстан»
-Парад этно-культурных объединений городского Дома дружбы  «Республика күні – бірлік пен ынтымақ мерекесі»
- Спортивный блок «Салауатты ұрпақ-ұлт болашағы»  
- Тематическая выставка школ и дошкольных учреждений города «Өнеріміз саған, Қазақстан!»
 
11.00 площадь Ауезова
-Праздничная концертная программа для жителей города
 
11.00 Набережная
-Праздничная концертная программа для детей  с приглашением аниматоров.
19.00 Центральная площадь
-Гала-концерт с участием звезд казахстанской эстрады группы Алашұлы, Ерке Есмахан
-Праздничный фейрверк
Сонымен қатар, 11:00-де қаланың белсенді жастары және Семей қаласы әкімдігінің "Жастар рухы" орталығының ұйымдастыруымен "Бір тудың астында" атауымен автошеру өтеді.

В 11: 00 состоится автопробег "Бір тудың астында", организованный Центром "Жастар рухы" акимата города Семей.
Сондай-ақ, Әуезов алаңында М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің ұжымы ұйымдастырған мерекелік концерт өтеді.

Уақыты: 11:00- 16:00

На площади Ауэзова состоится праздничный концерт, организованный коллективом педагогического колледжа имени М. О. Ауэзова.

Время: 11: 00 - 16: 00

#Семейқаласыныңәкімдігі
Ұлттық мереке – Республика күні🇰🇿

Бүгін Қазақстан халқы ұлттық мереке – Республика күнін атап өтеді.

#Семейқаласыәкімдігі
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы


Құрметті отандастар!


Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор.

Біз биылдан бастап Республика күнін ұлттық мереке ретінде жаңа мазмұнда атап өтеміз. Осы бастама жұрттың кең қолдауына ие болып, дәстүрге айналарына сенімдімін. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.

Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі, мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар! Жаңғырған ұлттық мерекемізге орай өңірлерде бірлігіміздің символы – көк байрағымызды көтеруге арналған салтанатты рәсім өтеді. Бұл – ұрпақ санасында отансүйгіштік қасиетті, елдік рух пен ұлттық ұстанымды бекемдей түсетін маңызды шара. Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз.

Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады. Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір.

Ендеше Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!Еліміздің егемендігі баянды болсын!

t.me/bort_01