Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қала тұрғындарын Наурыз мейрамымен құттықтауы:

Ардақты ағайын, құрметті жерлестер!

Баршаңызды жаңару мен жасампаздықтың бастауы, ырыс пен берекенің арқауы болған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын! Осы мереке шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға амандық пен ырыс әкелсін.

Әз Наурыз - табиғатты түлетіп, тұрмысты түзететін, тіршілікке нәр беріп, ынтымақ пен береке әкелетін жақсылықтың жаршысы іспеттес. Көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, күн мен түнді теңестіріп, тұрмыс - тіршілігін Табиғат - Анамен тығыз байланыстырған Наурыз - жаңару мен жасарудың, жаңғырудың айы.
Семей жұртшылығы қашанда жыл басын ізгі ниетпен, үкілі үмітпен, ақ жарма тілекпен қарсы алады.

Осынау ұлық мереке күні ұлттық салт-дәстүрімізді жаңғыртып, берекелі дастарханымыз кеңінен насихатталып, өскелең ұрпаққа тәрбие мен ғибрат нәрін шашуы керек.

Тағылымы мол бұл күн жақсылықты айшықтайтын, өткенді саралап, бүгінді бағамдайтын, болашаққа бағыт-бағдар беретін ерекше сәт.
Ұлыс күні – іргесі сөгілмес бірліктің берекесі, ырысы сарқылмас тірліктің мерекесі. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз баршаңыздың шаңырағыңызға ырыс пен несібе әкелсін!

***

Уважаемые друзья, дорогие семейчане!

Поздравляю Вас с прекрасным праздником Наурыз мейрамы! Праздником весны, который олицетворяет собой пробуждение природы, приход тепла и благоденствия.

В день весеннего равноденствия, в Наурыз забываются все обиды, воцаряются мир и спокойствие, люди с открытым сердцем желают друг другу добра и благополучия. Этот особенный день символизирует начало весны, обновление и зарождение новых надежд.

Пусть великий праздник Наурыз принесет мир, благополучие и достаток нашей Независимой стране, родной земле, каждой семье!

Желаю, чтобы наша земля была плодородной, наша страна единой и чтобы у нашего народа было лучшее будущее!

Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары

⚜️Бүгін, 2023 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 30-ға тарта киіз үйлер тігілді.

Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі, әртүрлі тақырыптарды арқау ететін импровизацияланған ауылдар ұлттық салт-дәстүрлер бойынша өнер көрсетеді. Мысалы, Абай, Құнанбай қажы, Абылай, Шәкәрім, Ахмет, Төле би, Қажымұқан, Біржан сал, Қабанбай батыр, Бұқар жырау, Достық, Әл-Фараби, Мұхтар Әуезов, Кенесары хан, Шоқан, Теміржолшылар ауылдары киіз үйдің алдында театрландырылған қойылымдар қойып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынады. Наурыз көже, палау, бауырсақ, ыстық шай тегін таратылады

Сондай-ақ, көрме, концерттік бағдарламалар, ұлттық ойындардан жарыстар өткізіледі. Бүгін 12:00- де Қазақстан эстрада әншісі Алтынай Жорабаева Орталық алаңда ән шырқайды.

Сонымен қатар, 22 наурыз күні Орталық алаңда 17:00-22:00 аралығында Қазақстан эстрада жұлдыздары Бүркіт пен Аиша, Әбдіжаппар Әлқожа, Динара Алжанның қатысуымен мерекелік концерт өтеді.

Барша қала тұрғындары мен  қонақтарын ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз. Наурыз құтты болсын!
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары ⚜️Бүгін, 2023 жылғы 22 наурызда орталық алаңда сағат мерекелік бағдарламалар мен ұлттық ойындар, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. 30-ға тарта киіз үйлер тігілді. Бұл жолғы Наурыз мейрамын тойлаудың  бір ерекшелігі…
Уважаемые жители города

Сегодня, 22 марта 2023 года на центральной площади будут проходить праздничные программы и национальные игры, а также спортивные мероприятия. В разных частях города установлено около 30 юрт.

В этом году отличительной чертой празднования Наурыз будет то, что импровизированные аулы подготовят выступления по национальным традициям. Например, села Абая, Кунанбая, Абылай хана, Шакарима, Ахмета, Толе би, Кажымукана, Биржан сала, Кабанбай батыра, Бухар жырау, Дружбы, Аль-Фараби, Мухтара Ауэзова, Кенесары хана, Шокана, Железнодорожников будут выступать с театральными постановками и предлагать национальные угощения. Сегодня в 12:00 эстрадная певица Алтынай Жорабаева выступает на центральной площади.


Также пройдут выставки, концерты и соревнования по национальным играм. В этот же день, 22 марта в 17:00-22:00 часов вечера на Центральной площади пройдет праздничный концерт с участием эстрадных звезд Беркут и Аиша, Абдижаппар Алкожа, Динара Алжан.

Приглашаем всех горожан и гостей города отпраздновать Наурыз. Поздравляем с праздником Наурыз!
📍 Наурыз мейрамына арналған концерттік бағдарламалар басталды

__________

📍 Стартовали концертные программы, посвящённые празднику Наурыз.
Қаланың сол жағалауындағы «Әуезов ауылы»

🎉Киіз үйлерде М. О. Әуезов және қолөнершілер, халықтық - қолданбалы өнер туралы көрме өткізуде. Киіз үй алдында концерттік бағдарлама қойылып, ұлттық тағамдардан дәм ұсынылуда. М. О. Әуезовтің шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, жауап берген жандарға сыйлықтар берілуде.

Сонымен қатар, ұлттық ойындар алтыбақан, асық, арқан тартыс ойындары ұйымдастырылуда.

……………….

Аул Ауэзова расположен на левом берегу города

🎉 В юртах аула М. О. Ауэзова ремесленники проводят выставку о народно - прикладном искусстве. Возле юрт проходит концертная программа, представлены блюда национальной кухни. Задаются вопросы, связанные с творчеством М. О. Ауэзова, и вручаются подарки тем, кто ответил правильно и показал свои знания.

Кроме этого, организовано проведение национальных игр алтыбакан, асык, перетягивание каната.

#Семейқаласыәкімдігі