Семей қаласының әкімдігі
3.04K subscribers
10.3K photos
2.75K videos
9 files
785 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Бүгін Дальняя ауданының тұрғындарына ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, ұлттық, мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Тұрғындар арасында әртүрлі спорттық жарыстар арқан тартыс, қол күресу, гір тасын көтеру, асық ату ұлттық ойындар ойнатылды.

..............

Наурыз мейрамы отметили в районе "Дальняя"

На площадке собралось порядка более 100 человек, пришедших не только насладиться традиционным угощением, но и концертной программой. Жители района от мала до велика пробовали свои силы в армрестлинге, играли в асыки и поднимали гири.

📸Foto by: РСК
Құрметті қала тұрғындары!

Сіздерді “Ұлыстың ұлы күні” - 22 наурыз мерекесіне орай облыстық “Абай жастары” жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өтетін “НАУРЫЗ FEST”
мерекелік шарасына шақырамыз!

Шара аясында: мерекелік концерт, ұлттық тағамдар 200 литр наурыз көже, 100 литр қымыз, 2000 дана бауырсақ таратылып, спорттық сайыстар ұйымдастырылады😍

Жеңімпаздарға арналған бағалы сыйлықтарымыз бар🤩
Барлықтарынызды асыға күтеміз!
Өтетін орны: Арбат
❗️Ертең, таңғы 6:00-ден бастап Шмидт көшесі толықтай автомобильдер үшін жабылады.

……………….

❗️ Завтра, с 6:00, улица Шмидта будет полностью закрыта для автомобилей
22 наурыз күні, орталық алаңда отандық эстрада жұлдыздары Әбдіжаппар Әлқожа, Динара Алжан, Алтынай Жорабаева, Беркут пен Аиша өнер көрсетеді. Барша қала тұрғындарын Наурыз мейрамын бірге атап өтуге шақырамыз.

___

22 марта на центральной площади выступят отечественные звезды эстрады Абдижаппар Алкожа, Динара Алжан,Алтынай Жорабаева, Беркут и Аиша. Приглашаем всех горожан отметить праздник Наурыз.

#Семейқаласыныңәкімдігі
Степной кентінде өткен Наурыз мейрамынан әдемі көріністер 😍

⚜️ Бүгін Степной, Водный, Шығыс кенттері мен Дальняя, Юность аудандарында «Наурыз мейрамы-2023» мерекесіне арналған ұлттық мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды. Мерекелік шараны 8000-ға жуық адам тамашалады.

_________________

⚜️Сегодня в поселках Степной, Водный, Восточный и районах Дальняя, Юность было организованы национальные праздничные мероприятия к празднику “Наурыз мейрамы-2023”. Мероприятия посетили около 8000 горожан.

#Семейқаласыәкімдігі
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Құрметті қала тұрғындары

Ертең Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, қалалық ішкі саясат бөлімі және Ахмет Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп, «Бизнес және сервис» колледжі мен «Jusan» банк мекемелері ұйымдастырып жатқан «Ахмет» ауылында қала тұрғындарына концерттік бағдарламалар, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері кеңінен насихатталып, көрсетілетін болады.

Сонымен қатар, “Ахмет” ауылында Ахмет Байтұрсынов пен Алаш қайраткерінің жеке қолданған заттары көрме ретінде көпшілікке ұсынылады.

«Ахмет» ауылының қонақтарына ыстық бауырсақ, наурыз көже, ыстық палау және ыстық шай тегін таратылатын болады. Барша қала тұрғындарын ауылымызға қонақ болуға шақырамыз!
Семей қаласының әкімдігі
Құрметті қала тұрғындары Ертең Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай, қалалық ішкі саясат бөлімі және Ахмет Байтұрсынов атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектеп, «Бизнес және сервис» колледжі мен «Jusan» банк мекемелері ұйымдастырып жатқан «Ахмет»…
Уважаемые жители города

⚜️ Завтра, в честь национального праздника Наурыз мейрамы, в «Ахмет ауылы», организованном городским отделом внутренней политики и средней общеобразовательной школой №47 имени Ахмета Байтурсынова, колледжем «Бизнеса и сервиса» и банковскими учреждениями «Jusan», жителям города будут представлены концертные программы, и продемонстрированы казахские национальные традиции и обычаи.

Кроме того, в "Ахмет ауылы" в качестве выставки будут представлены предметы личного пользования Ахмета Байтурсынова и других деятели Алаша.

☕️Гостей "Ахмет ауылы" ждут горячие баурсаки, наурыз коже, плов и горячий чай. Приглашаем всех жители города стать гостями нашего аула!
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Наурыз мейрамымен құттықтауы

Ардақты ағайын!


Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Әз-Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің бастауы. Жылдың бұл мезгілі – күн мен түн теңеліп, жер жүзі қайта түлейтін шақ. Сондықтан ата-бабамыз ежелден шуақты көктем мерекесіне айрықша мән берген, оны Ұлыстың ұлы күні деп ұлықтаған.

Қоғамдағы татулық пен келісім дәстүрлері ұлтымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпы түгел тоғысқан осы мейрамның сипатына сай келеді. Наурыз бүгінде нағыз халықтық мерекеге айналды.

Бұл күндері мейірімділік, жанашырлық, жасампаздық сияқты қасиеттер ерекше дәріптеледі. Соның арқасында еліміз бірлігін бекемдеп, тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

Халқымыз әрдайым Наурыз мейрамын жақсылықтың жаршысына балаған. Қазақстан дамудың жаңа дәуіріне қадам басты. Түбегейлі өзгерістер қастерлі Отанымызды өркендетуге тың серпін береді деп сенемін. Ынтымағы жарасқан жұртымыздың ырысы артып, қолға алған игі бастамаларымыз оңынан болсын, ағайын!

Әз-Наурыз әр шаңыраққа шаттық пен қуаныш әкелсін!
Отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін!

Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!


t.me/aqorda_resmi