Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.74K videos
9 files
762 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімінің бүгінгі есептік кездесуі Ертіс ауылдық округінде аяқталды.

Халықпен кездесуге қала әкімінен бөлек, Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары да қатысты. Мұқыр ауылының тұрғындары күз мезгілі кезінде шөп бағасының өте қымбат болатындығына шағымданды. Бірнеше тұрғын шабындық жерлердің тапшылығына шағымданды. Қала әкімі барлық сұраққа тиісінше жауап берді.

✔️Биыл Ертіс ауылдық округінде атқарылатын жұмыстар да жетерлік. Мұрат және Мұқыр ауылдарына әмбебап спорт алаңы орнатылады. Прииртышская ауылындағы клубқа жаңа музыкалық аппаратура сатып алынады.

Сонымен қатар, Прииртышская ауылындағы орталық көшесіне балалар алаңқайы орнатылады. Сондай-ақ, ауылдың демалыс саябағында  4 млн теңгеге концерттік сахна орнатылатын болады.
Сегодня в течение дня аким города Нурбол Нурсагатов провел отчетные встречи с жителями 4-х поселков: Чаган, Жиенали, Достык и Иртыш.

Заключительная встреча акима с населением состоялась в сельском округе Иртыш, в ней участвовали также руководители отделов акимата города Семей. Жители поселка Мұқыр жаловались на удорожание сена в осенний период и на нехватку полей для выращивания сена. Аким ответил на все вопросы участников встречи.

В текущем году в Иртыше запланированы ряд мероприятий для развития сельского округа. В поселках Мурат и Мұқыр будет обустроена спортивная площадка, в клубе поселка Прииртышский планируется установка новой музыкальной аппаратуры.

Вместе с тем, в Прииртышком будет обустроена детская игровая площадка, а в парке отдыха будет установлена концертная сцена.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Дәл қазір қала әкімі Шүлбі кентінің тұрғындарымен кездесу өткізуде
Семей қаласының әкімдігі
Video
Семейде қысқы демалысты қалай өткізуге болады?


Қыстың соңғы айы келді. Өзіңізге және жақындарыңызға белсенді қысқы демалысты ұйымдастыру туралы ойланып жүрген боларсыз. Осыған орай, біз қала тұрғындарының назарына көңілді демалыс орындарының тізімін ұсынамыз.

Қалада биыл 3 мұз айдыны жұмыс істейді – «Цементник» стадионы, «Локомотив» стадионы, «Ертіс» стадионы. Осы орындардың барлығында келушілер коньки мен шананы жалға алуларына болады, арнайы жабдықталған жылы киім ауыстыратын бөлмелер бар, демалушылар ауқатану үшін асханаға да бара алады. Мұнда мектеп оқушыларына, студенттерге және ұжымдарға арналған түрлі акциялар өткізіледі.
Осы қыста семейліктердің сүйікті орнына орталық алаң айналды. Онда күнделікті қала тұрғындары еркін сырғанақпен сырғанап, мұз айдынында спорт түрлерімен айналыса алады. Сонымен қатар, жабдықтарды жалға беретін және келушілерге арналған арнайы киім ауыстыратын бөлмелер жабдықталған.

Балаларды қысқы спорт түрлеріне белсенді түрде тартуға ерекше көңіл бөлінген. Жалпы білім беретін мектептер мен интернаттар жанындағы балалардың қысқы сабақтары үшін 31 хоккей корты мен 37 мұз айдыны құйылды. Оның ішінде «Локомотив» стадионында, 35 кварталда, Юность шағын ауданында, Семей орманы аумағында, Қарағайлы демалыс ауданында, Озерки, Новобоженовка, Көкентау ауылдық округтерінде, Шүлбі, Шақаман кенттерінде хоккей мен мұз айдындары тұрғындарға қызмет етіп тұр.

Айта кету керек, Семейде қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған                     спорт мектебі бар. «Қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебі» КММ шаңғы жарысы, биатлон және конькимен жүгіру спорты түрлерінен спортшыларды тәрбиелейді. Мектепте тәжірибелі жаттықтырушылардың жетекшілігімен 250-ге жуық спортшы жаттығады.

«Қалада қысқы спорт түрлерін дамыту үшін жағдай жасалуда және біз қала тұрғындарына қолайлы демалыс орындарын ұйымдастыру мақсатында алдағы уақытта үлкен жоспарларды жүзеге асыратын боламыз. Алдағы уақытта біз спортты халық арасында танымал ету үшін ірі жарыстар өткізуді жоспарлап отырмыз.  Біз әсіресе қаламыздың кішкентай тұрғындарын белсенді және салауатты өмір салтына тартқымыз келеді», - деп атап өтті Семей қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Бауыржан Дүйсенбаев.
 
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін қала әкімі Семей қаласына қарасты 4 елді мекеннің тұрғындарымен кездесу өткізеді.

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тұрғындарға есеп беру кездесуі Шүлбі кентінен басталды. Мұнда 183 жеке меншік және 1382 пәтерлік 12 көп қабатты үйде 3 мыңнан астам адам тұрады. Биыл кенті дамытуға былтырғымен салыстырғанда 1,5 есеге көп қаражат бөлінді.

📍Биыл Шүлбі кентінде келесі жұмыстарды істеу жоспарлануда:

1600 шаршы метр жер учаскесінің балалар спорт алаңы мен футбол алаңын орнату, қар ұстауды қамтамасыз ету және кенттің шетіндегі автомобиль жолында қардан арнайы қоршаулар орнатылады.
Сондай-ақ, өрт сөндіру бөлімінен Шүлбі кентінің базарына дейінгі 18 тірек көше шамдарын жөндеу және кентішілік жолдарды жөндеу.
Ұзындығы 4,2 шақырым болатын орталық көше мен кірме жолға ағымдағы жөндеу жүргізілетін болады.

Тұрғындар қала әкімінен бос тұрған ғимараттарды сақтап қалуды, жұмыссыздық мәселесі, жылу қазандығына қатысты бірқатар сұрақтарын қойды.

💬 “Ағымдағы жылы Семей қаласының Шүлбі кентінде балалар, спорт алаңы мен футбол алаңын орнату жоспарланып отыр. Шүлбі кентінің әкімі құрылыстың барысы мен сапасына күнделікті бақылауды жүзеге асыруы қажет",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Отчетные встречи акима Семея сегодня пройдут в поселках Шульбинск, Новобаженово, Приречное и Озерки


📍Нурбол Нурсагатов продолжает проводить встречи с жителями сельских округов, которые входят в состав города Семей. Сегодня отчетная встреча началась с пос. Шульбинск, где проживают более 3 тысяч человек.

Аким города выступая перед населением сообщил, что в текущем году бюджет сельского округа увеличит в 1,5 раза по сравнению с прошлым годом. На выделенные средства в Шульбинске планируется установить детскую спортивную площадку и футбольное поле, установить снегозадержавающие ограждения в поселке, а также на автомобильной дороге на окраине.
Также, будет проведен ремонт 18-ти опорных уличных фонарей в районе от пожарной части до рынка. Кроме того, в текущем году запланирован ремонт внутрипоселковых дорог и текущие ремонтные работы на центральной улице и на подъездном пути протяженностью 4,2 км.

💬 «В текущем году в Шульбинске планируется установка детской, спортивной площадки и футбольного поля. Поручаю акиму поселка Шульбинск осуществлять ежедневный контроль за ходом и качеством строительства», - сказал аким города Нурбол Нурсагатов.

Добавим, что жители, пришедшие на встречу с акимом, задавали ряд вопросов, в том числе о сохранении пустующих зданий, проблемах безработицы и тепловых котельных.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Новобоженов ауылдық округінің тұрғындары қала әкіміне сұрақ қоюда