Семей қаласының әкімдігі
3.05K subscribers
10.2K photos
2.74K videos
9 files
768 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Қала әкімінің Новобоженова ауылдық округінің тұрғындарымен өткен кездесуі туралы

2023 жылы ауыл бюджеті 1,9 есеге ұлғайып, 134,8 млн теңгені құрады. Нақты жобаларды жүзеге асыруға 55 млн 300  мың теңге бөлінді. Биыл Бұлақ ауылында футбол алаңы орнатылатын болады. Климентьевка және Новобаженова ауылдарында балалар ойын алаңқайы қолданысқа беріледі. Климентьевка ауылының сыртына қар ұстауға арналған қоршау тұрғызылады.

Бүгін Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов Новобоженова ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, оларды алаңдатқан сұрақтарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылардың көбісі - жайылымдық жердің тапшылығына шағымданды.

💬 “Қазіргі уақытта ауылдық округте 5000 гектар жайылымдық жер бар. Бұған қосымша бұрынғы «Қуаныш» коперативінен 939 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылады. Сонымен қатар, «BA Agro Group» ЖШС 267 гектар жер қайтарылып алынады. Жайылымдық жерлер Новобаженова кентіндегі халықтың игілігне берілетін болады",- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Встреча акима города с жителями Новобоженовского сельского округа

Сегодня аким города Семей встретился с жителями Новобоженовского сельского округа. Нурбол Нурсагатов выступил перед населением с докладом о проделанной работе, рассказал о планах на текущий год и ответил на вопросы местных жителей.

Многие участники встречи пожаловались на нехватку пастбищных угодий.

💬 “В настоящее время в сельском округе имеется 5000 га пастбищ. Кроме того, 939 га земли из бывшего кооператива «Куаныш» будут возвращены в собственность государства. Также ТОО «BA Agro Group» вернет 267 га. Эти пастбищные земли будут переданы в пользование населения поселка Новобаженово", - сказал Нурбол Нурсагатов.

Аким Семея в своем выступлении отметил, что в 2023 г. бюджет сельского округа Новобаженово увеличен в 1,9 раза и составляет 134,8 млн тенге. На реализацию конкретных проектов выделено 55 млн 300 тыс. тенге. На эти средства помимо текущей работы в этом году в селе Булак будет установлено футбольное поле, в пос. Климентьевка и Новобаженово будет введена в эксплуатацию детская игровая площадка. За пределами села Климентьевка будут построены ограждения для снегозадержания.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
Бүгін Семей қаласының Политехникалық колледжінде «From Semey» атты кең көлемді көрме өтті. Көрменің ұйымдастырушысы - Семей қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі. Көрмедегі бұйымдарды тамашалауға Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов және архитекторлар қатысты.

📍Бұл көрмені ұйымдастырудағы негізгі мақсат- жергілікті тауар өндірушілердің кәсібіне қолдау таныту. Семей қаласының экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып келе кәсіпорындар өзара тәжірбие алмасты.

💬"Біз өнімдерімізді бұрын өзге қалаларға ұсынатынбыз. Жергілікті әкімдіктің бұйымдарға қызығушылық танытып жатқанына қуаныштымын",- деді Рауза Гаврилова.

Көрмеге 30-дан астам жергілікті кәсіпорын қатысып, тоқыма, полиграфия, қағаз, жиһаз, пластикалық материалдар, металл, құрылыс және басқа да қолдан жасалған өнімдерін ұсынды. Олар өз өнімдерін таныстырып, ерекшеліктері туралы баяндады.

💬"Биыл алдымызда үлкен шаруалар күтіп тұр. Семей қаласын көркейту мақсатында жұмыстар атқарып жатырмыз. Осындай өз өңірімізде кәсіпкерлердің барына қуаныштымыз. Болашақта бірлесіп жұмыс істейміз деп ойлаймын",-деп атап өтті қала әкімі Нұрбол Төлегенұлы.
Семей қаласының әкімдігі
Photo
В Политехническом колледже города Семей прошла широкомасштабная выставка «From Semey». Организатором мероприятия выступил отдел предпринимательства города Семей. Ярмарку товаропроизводителей посетил аким города Нурбол Нурсагатов.

💬«В этом году мы ставим перед собой большие цели для развития и процветания Семея. Хорошо, что в регионе есть такие предприятия, в будущем мы будем совместно работать на благо города», - отметил Нурбол Нурсагатов.

Основная цель организации ярмарки товаропроизводителей - поддержка местных предприятий, которые вносят вклад в экономическое развитие Семея.

💬"Раньше мы предлагали свои товары потребителям из других городов. Сейчас мы рады, что нашли поддержку в своем городе и что наши земляки проявляют интерес к местным товарам», - поделилась участница ярмарки Рауза Гаврилова.

Участниками выставки «From Semey» стали более 30 местных предприятий-товаропроизводителей, которые представили текстильную, полиграфическую, бумажную, мебельную, пластмассовую, металлическую, строительную и прочую продукцию, выпускаемую в Семее.