Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
10.9K photos
2.83K videos
9 files
949 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✔️Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған жаңа әлеуметтік мекеме салынып жатыр

Семейде мүгедектігі бар жандарға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл – өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жобалардың бірі. Жаңа мекеме 100 адамға арналған және үш қабатты заманауи ғимарат ретінде бой көтермек.

📌Қазіргі таңда қосымша корпустың қабырғалары қалануда. Құрылысты «Капитал Stroy Kz» ЖШС жүргізуде. Ғимараттың жалпы аумағы – 6,6 мың шаршы метр. Нысан мемлекеттік арнайы қор есебінен қаржыландырылып жатыр.

🔵Жаңа әлеуметтік мекеме мүгедектігі бар, 18 жастан асқан азаматтарға қызмет көрсетеді. Бүгінде Абай облысы бойынша мұндай қызметке мұқтаж 101 адам кезекте тұр.

Ғимарат құрылысы биылғы желтоқсан айында аяқталады жоспарланып отыр. Нысан іске қосылған соң жаңа жұмыс орындары құрылып, өңірдегі әлеуметтік қолдау деңгейі арта түспек.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️В Семее строится новое социальное учреждение для людей с инвалидностью

В Семее активно ведётся строительство специализированного центра по оказанию социальных услуг для людей с инвалидностью. Это один из важных проектов, направленных на развитие социальной инфраструктуры региона. Новое учреждение будет рассчитано на 100 человек и разместится в современном трёхэтажном здании.

📌В настоящее время возводятся стены дополнительного корпуса. Строительство ведёт ТОО «Капитал Stroy Kz». Общая площадь здания составляет 6,6 тыс. квадратных метров. Объект финансируется за счёт государственного специального фонда.

🔵Новое социальное учреждение будет обслуживать граждан с инвалидностью старше 18 лет. В настоящее время по области Абай 101 человек стоит в очереди на получение таких услуг.

Завершить строительство планируется в декабре этого года. После ввода в эксплуатацию будут созданы новые рабочие места, а уровень социальной поддержки в регионе повысится.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АСПАЛЫ КӨПІРДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Қаладағы аспалы көпірдегі күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

​«Жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше мән беріледі. Қаланың басты көлік күретамыры саналатын бұл нысандағы жұмыстар толық аяқталғанға дейін бақылау тоқтамайды» – деді Бекжан Бапышев.

Жауапты мердігер ұйымдарға жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде әрі сапа талаптарына сай орындау міндеті жүктелген.

Семей аспалы көпірі пайдалануға берілгеннен бергі аралықта алғаш рет осындай ауқымды күрделі жөндеуден өткізілуде.
🔥5
Семей қаласының әкімдігі
АСПАЛЫ КӨПІРДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА Қаладағы аспалы көпірдегі күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. ​«Жұмыстардың сапалы орындалуына ерекше мән беріледі. Қаланың басты көлік күретамыры саналатын бұл нысандағы жұмыстар толық аяқталғанға…
РЕМОНТ ПОДВЕСНОГО МОСТА В СЕМЕЕ НАХОДИТСЯ ПОД СТРОГИМ КОНТРОЛЕМ

В Семее активно продолжаются капитальные ремонтные работы на подвесном мосту.

«Особое внимание уделяется качественному выполнению работ. До полного завершения работ на этом объекте, который считается важнейшей транспортной артерией города, контроль не будет ослаблен», – отметил исполняющий обязанности акима города Бекжан Бапышев.

Подрядным организациям поручено выполнить ремонт в установленные сроки и с соблюдением всех стандартов качества.

С момента ввода в эксплуатацию это первый столь масштабный капитальный ремонт на подвесном мосту в Семее.
🔥61
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу

Бүгін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында абаттандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала және өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Бекжан Бапышев әрбір азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, халықпен тұрақты диалог орнатудың жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы маңызды бағыт екенін атап өтті. Қабылдау нәтижесінде көтерілген мәселелерді жан-жақты зерттеп, шешу үшін тиісті қызметтерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, азаматтарды қабылдау әр апта сайын бейсенбі күні өтеді.
Қабылдауға жазылу үшін Мәңгілік ел көшесі, 4-үй, 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпаратты 52-35-08 нөмірі арқылы алуға болады.
Семей қаласының әкімдігі
Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу Бүгін Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев азаматтарды қабылдап, қала тұрғындарының сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдау барысында…
Приём граждан и.о. акима города Семей: решение актуальных вопросов

Сегодня исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев провёл приём граждан, в ходе которого жители города смогли задать вопросы и обсудить важные для них темы. В ходе встречи были рассмотрены обращения, касающиеся вопросов благоустройства, жилищно-коммунального хозяйства, социальной сферы, а также другие волнующие горожан проблемы.

Бекжан Бапышев выслушал каждого обратившегося, подчеркнув, что диалог с населением - ключевой элемент в работе местных исполнительных органов. По итогам приёма даны поручения соответствующим службам по изучению и решению поднятых вопросов.

Отметим, что приём граждан проходит каждый четверг недели.
Для записи на приём необходимо лично оставить письменное заявление по адресу: здание городского акимата, улица Мангилик ел, 4, кабинет 109.
Для получения дополнительной информации звоните по телефону: 52-35-08.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📍Бекжан Бапышевтың азаматтарды қабылдауы: өзекті мәселелерді шешу
———
📍Приём граждан: решение актуальных вопросов
Семейде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, аналарды құттықтады.

«Кеуделеріңізде жарқыраған бұл алқалар – тек марапат емес, өмір бойғы еңбектің, мейірім мен сабырдың, аналық махаббаттың белгісі. Тәуелсіз еліміздің болашағын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз ұмытылмай, ардақты есімдеріңіз әрқашан құрметпен атала берсін!», – деді Қуаныш Әбілдаев.


Жиын барысында 2 анаға «Алтын алқа», 11 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Құрметті алтын құрсақты аналар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
3