Семей қаласының әкімдігі
2.91K subscribers
11K photos
2.83K videos
9 files
955 links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Абай Құнанбайұлы атындағы мешітте абаттандыру жұмыстары жүргізілмек

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Абай Құнанбайұлы мешітінде болып, Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлымен кездесті.

Кездесу барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай мешіттің дайындық жұмыстары жан-жақты талқыланды. Қалаға арнайы келген қонақтардың орталық мешітке соқпай кетпейтіні белгілі. Осыған байланысты мешіт аумағында қажетті жұмыстар атқарылмақ.

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Құрбан айт мерекесі қарсаңында да мешіт аумағын абаттандыру және жамағаттың құлшылық етуіне қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті. Сонымен қатар, мерекелік іс-шараларды қауіпсіз және жайлы өткізу үшін барлық қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді.

Мерейтой аясында мешіттің қызметі мен сыртқы келбетін жақсартуға басымдық берілмек. Қажетті абаттандыру және жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы орталық мешіттің сәулеттік келбетін және жалпы көріктілігін арттыру көзделуде.

Кездесу соңында тараптар атқарылатын жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты байланыс орнатуға келісті. Бұл шаралар Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шаралар аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Абай Құнанбайұлы атындағы мешітте абаттандыру жұмыстары жүргізілмек Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев Абай Құнанбайұлы мешітінде болып, Абай облысының бас имамы Асқар қажы Әбітайұлымен кездесті. Кездесу барысында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының…
Планируется проведение благоустроительных работ в мечети имени Абая Кунанбаева

Исполняющий обязанности акима города Бекжан Бапышев посетил мечеть имени Абая Кунанбайулы и встретился с главным имамом области Абай Аскаром кажы Абитайулы.

В ходе встречи были всесторонне обсуждены подготовительные работы мечети к 180-летнему юбилею великого поэта Абая Кунанбайулы. Известно, что гости, приезжающие в город, непременно посещают центральную мечеть.

И.о. акима города Бекжан Бапышев также отметил, что в преддверии праздника Курбан айт будет уделено особое внимание благоустройству территории мечети и созданию комфортных условий для совершения намаза прихожанами. Кроме того, будут приняты все необходимые меры для обеспечения безопасности и удобства проведения праздничных мероприятий.

В рамках юбилея будет уделено приоритетное внимание улучшению деятельности мечети и ее внешнего облика. Путем проведения необходимых благоустроительных и ремонтных работ планируется повысить архитектурный облик центральной мечети и ее общую привлекательность.

В завершение встречи стороны договорились установить постоянную связь для своевременного и качественного выполнения всех работ. Эти мероприятия направлены на создание комфортных условий для жителей города и гостей в рамках праздничных мероприятий, посвященных 180-летнему юбилею Абая Кунанбайулы.

#АкиматГородаСемей
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Абай облысының әкімі Берік Уәлидің «Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумына шақыруы

Толық мәтінді Абай облысы әкімдігі сайтынан оқи аласыздар



⚜️Приглашение акима области Абай Берика Уали на инвестиционный форум «Туған жерге туыңды тік»

С полным текстом приглашения можно ознакомится на сайте акимата области Абай

🚀#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Халық үніне құлақ асу – басты міндет

Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, халықтың өтінішіне назар аударуды жалғастыруда. Жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін көзбен көріп, нақты шешу жолдарын қарастыру мақсатында көшпелі кеңес өтті.

Кездесу Восход, Бобровка кенттері мен 18-қосалқы бекет ауданында, сондай-ақ Шәкәрім 84А, Заречная 63, Дачная 80, Потанин көшесі, Сеченова 9/4, Би Боранбай 39, 8 шақырым және Әуезов 47 мекенжайларында өтті.

Тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер қатарында спорт мектебінің құрылысы, жолдарды жөндеу, орталықтандырылған су желісіне қосылу, электр энергиясымен қамту, аумақты абаттандыру, тұрмыстық қалдықтарды шығару мен қауіпті ағаштарды кесу жұмыстары бар.

«Әрбір аудан, кент және көше бойынша көтерілген мәселеге жеке тоқталып, нақты шешімдер қабылдаймыз. Бүгінде қаланың тазалығына басымдық беріп, көңіл бөлудеміз. Сондықтан коммуналдық қызметтерге қоқыстарды шығарып, тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ағаштарды санитарлық кесуге тапсырма бердім. Аталған мәселелер ескерусіз қалмайды. Әрбір өтініш назарға алынып, өз кезегінде шешімін таппақ», – деді Бекжан Бапышев.

Кездесу нәтижесінде бірқатар өтініштер сол жерде шешімін тауып, күрделі жұмыстар бойынша жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Еске сала кетейік, биыл қаламызда 22 аула абаттандыралмақ және «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында тағы 13 аула жөнделеді. Жұмыстар бұнымен ғана шектелмей, тұрғындардың өтінішімен тағы аулалар қосымша абаттандырылады.

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Семей қаласының әкімдігі
Халық үніне құлақ асу – басты міндет Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев тұрғындармен тұрақты кездесулер өткізіп, халықтың өтінішіне назар аударуды жалғастыруда. Жеке қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін көзбен көріп, нақты шешу жолдарын…
Обращения жителей под личным контролем

Исполняющий обязанности акима города Семей Бекжан Бапышев продолжает регулярно встречаться с жителями и уделяет особое внимание их обращениям. С целью лично ознакомиться с поднятыми вопросами и на месте определить пути их решения была проведена выездная встреча.

Встреча прошла в поселках Восход, Бобровка и 18-й подстанции, а также по адресам Шакарима 84А, Заречная 63, Дачная 80, улица Потанина, Сеченова 9/4, Би Боранбай 39, 8-й километр и Ауэзова 47.
Среди актуальных вопросов, поднятых жителями, — строительство спортивной школы, ремонт дорог, подключение к централизованной системе водоснабжения, электроснабжение, благоустройство территорий, вывоз бытовых отходов и санитарная обрезка аварийных деревьев.

«По каждому району, поселку и улице мы отдельно рассматриваем поднятые вопросы и принимаем конкретные решения. Сегодня приоритет — чистота города. Я поручил коммунальным службам своевременно вывозить мусор и проводить санитарную обрезку деревьев в целях обеспечения безопасности жителей. Ни одно обращение не останется без внимания. Каждое из них будет рассмотрено и решено по мере возможности», — отметил Бекжан Бапышев.

По итогам встречи ряд обращений был решен на месте, а по более сложным вопросам ответственным структурам были даны конкретные поручения.

Напомним, в этом году в городе планируется благоустроить 22 двора, а в рамках проекта «Бюджет народного участия» — еще 13. На этом работа не остановится, по просьбам жителей список благоустраиваемых территорий будет дополнен.

#АкиматГородаСемей
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📍Халық үніне құлақ асу – басты міндет
———
📍Обращения жителей под личным контролем